Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді шақыртып алу
Қатысушы енгізген кепілдік жарнасын қайтару құқығын жоғалтпай, 2016 жылғы «19» тамыз 10 сағат 00 минутқа дейін кез келген уақытта өзінің Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішін шақыртып алуы мүмкін.
Өзге де ережелер
Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті бере отырып, өтініш беруші Акцияларды сатып алу үшін қажетті барлық рұқсаттар мен келісуді алу үшін қажетті барлық қажетті іс-әрекеттерді қолдануға міндеттенетінін растайды.
Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті беретін тұлға берілген күмәнді мәліметтер үшін жауап береді. күмәнді мәліметтерді қамтитын Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш жарамсыз деп есептеледі. Осындай өтініште көрсетілген күмәнді мәліметтер анықталған жағдайда оны берген тұлғаға Сауда-саттыққа қатысудан бас тартылуы мүмкін, ал оның Сауда-саттыққа қатысушы немесе оның жеңімпазы мәртебесі жойылуы мүмкін.
Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға
5-қосымша
Сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз ету
Сауда-саттыққа қатысу үшін бастапқы бағаның 5 проценті мөлшеріндегі кепілдік жарнаны енгізу қажет, бұл 779 996 950 (жеті жүз жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан алты мың тоғыз жүз елу) теңгенің (бұдан әрі – «Қамтамасыз ету») құрайды.
Қамтамасыз ету мынадай деректемелер бойынша: БСН 020240000555, БСК HSBKKZKX, «Қазақстан халық банкі» АҚ-тағы теңгемен шоттың нөмірі KZ356010111000002033, Кбе 16 не осы хабарламаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚМГ пайдасына банк кепілдігі түрінде енгізілген кепілдік жарна түрінде берілуі тиіс. Бұл ретте, халықаралық рейтингілік агенттік кем деген «В» деңгейіндегі рейтингіні берген банк аталған банк кепілдігін беруі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға үміттенген тұлға ҚМГ-ге Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішпен бірге төлем құжатының немесе, тиісінше, банк кепілдігінің түпнұсқасын береді.
Сауда-саттық жеңімпазы берген банк кепілдігінен басқа, Сауда-саттық өткізу қорытындылары бойынша банк кепілдігінің түпнұсқасы Сауда-саттыққа қатысушыларға қайтарылады. Сауда-саттық нәтижелері бойынша ҚМГ Сауда-саттық жеңімпазы берген банк кепілдігінде көрсетілген ақша сомасының ҚМГ есеп шотына аудару туралы тиісті жазбаша талапты банкке жібереді.
Кепілдік жарнаның мөлшеріне банк қызметтеріне ақы төлеу кірмейді. Кепілдік жарналардың шотқа уақытылы келіп түсуі мақсатында Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін үш банк күнінен кешіктірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсынылады. Сауда-саттыққа қатысушыларға кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте, қатысушы осы кепілдік жарнаны енгізген Сауда-саттыққа қатысуға арналған кепілдік жарна Активті ғана сатып алу құқығын береді.
Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға
6-қосымша
Сауда-саттық өткізу тәртібі
Сауда-саттық мынадай кезеңдерден тұрады:
1-кезең – өткізілетін Сауда-саттық мәні бойынша алдын ала ұсынысты қамтитын Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру және қарау. Бірінші кезеңнің нәтижесінде ҚМГ Активтерді сату комиссиясы тұлғаларды Сауда-саттықтың екінші кезеңіне қатысуға жіберу туралы немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
2-кезең – олардың негізінде Сауда-саттық жеңімпазы айқындалатын конкурстық ұсыныстарды беру және қарау.
Сауда-саттықтың бірінші кезеңін өткізу
Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш (кемшіліктері жойылған) және оларға қоса берілген алдын ала ұсыныстар анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімі аяқталған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қаралады.
Аталған өтініштерді қарау нәтижелері бойынша аталған өтініштерді берген тұлғаларды Сауда-саттықтың екінші кезеңіне жіберу және оларға Сауда-саттыққа қатысушылардың мәртебесін беру туралы немесе, тиісінше, осындай жіберуден бас тарту және қатысушының мәртебесін беру туралы шешім қабылданады.
Сауда-саттықтың екінші кезеңін өткізу
Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қарау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей, Сауда-саттықты Ұйымдастырушы әзірлейтін бағалаудың аталған критерийлеріне сәйкес Конкурстық ұсыныстарға қойылатын ең аз талаптар көрсетілген Конкурстық ұсыныстарды бағалау мазмұны мен критерийлерін қамтитын Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы хабарландырудың мазмұны бекітіледі. Осындай бекітуден кейін 1 жұмыс күні ішінде конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі, орны, уақыты мен тәсілі көрсетілген Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы хабарландыру алу туралы хабарландырумен тапсырыстық почталық жөнелтпемен, сондай-ақ электрондық почта немесе факсимильдік байланыс арқылы Сауда-саттыққа қатысушыларға жіберіледі.
Конкурстық ұсыныс беру
Конкурстық ұсыныс Сауда-саттыққа қатысушыларға жабылған түрінде беріледі. Конкурстық ұсыныс тігілуі, беттері не парақтары нөмірленуі тиіс, соңғы бетіне не парағына қатысушының қолы қойылған және мөрімен (болған жағдайда) расталады.
Конкурстық ұсынысқа ұсыныстар (тігілген түрде, беттері не парақтары нөмірленген, соңғы бетіне не парағына қатысушының қолы қойылған және мөрімен (мөр болған жағдайда) расталған) жеке қоса беріледі.
Конкурстық ұсыныстар бар жабылған конверттің бет жағында Сауда-саттыққа қатысушы мыналарды көрсетуі тиіс:
Сауда-саттыққа қатысушының толық атауы мен почталық мекенжайы;
Активтің меншік иесінің толық атауы мен почталық мекенжайы, олар осы хабарламада көрсетілген осы секілді мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;
Сауда-саттыққа қатысушының конкурстық ұсынысы берілетін Активтің атауы;
Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы хабарламаға сәйкес Конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты көрсетілген «ДЕЙІН АШЫЛМАЙДЫ» деген жазу.
Белгіленген мерзім біткеннен кейін берілген конкурстық ұсыныс бар конверт ашылмайды және қатысушыға қайтарылады.
Сауда-саттыққа қатысушы лайықты түрде ресімделген конкурстық ұсынысты мынадай мекенжайға береді және тіркейді: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы, 1104-кабинет.
Конкурстық ұсыныс Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы хабарландыруда көрсетілген конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі ішінде берілуі тиіс.
Конкурстық ұсыныстарды қарау, Сауда-саттық жеңімпазын айқындау және Сатып алу-сату шартын жасасу
Конкурстық ұсыныстарды қарау және тиісті нәтижелер шығару конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Осы мерзім бір рет, бірақ көп деген 10 жұмыс күнге ұзартылуы мүмкін. Сауда-саттық нәтижелері Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы хабарламасына сәйкес кешіктірілмей шығарылуы тиіс.
Сауда-саттық жеңімпазы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қарау кезінде алынған немесе конкурстық ұсыныста көрсетілген Қатысушылардың қаржылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және Қатысушының өзге де мүмкіндіктері туралы мәліметтер ескеріліп айқындалады. Бұл ретте, конкурстық ұсыныс Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы тиісті хабарландыруда бекітілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс.
Конкурстық ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес ең аз талаптарға жауап бермейтін конкурстық ұсыныстардан бас тартылады. Егер нәтижесінде көп дегенде бас тартылмаған 2 Конкурстық ұсыныс қалса, Сауда-саттық өткізілмеді деп танылады.
ҚМГ Активтерді сату комиссиясы, Сауда-саттық жеңімпазы анықталған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей, Қағидада көзделген ережелерді ескере отырып, жеңімпазбен Сатып алу-сату шартына қол қояды. Осы хабарламаға 11-қосымша болып табылатын нысанға сәйкес Шартқа қол қойылады.
Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға
7-қосымша
Акцияларды сатудың ерекше шарттары
Акцияларды сатып алушы мынадай ерекше шарттардың орындалуын қамтамасыз ету тиіс:
5 жыл ішінде Компания персоналының ағымдағы штат санын қысқартпау;
5 жыл ішінде Компания қызметінің бейінін сақтау;
5 жыл ішінде Қоғам мен оның қызметкерлері арасында жасалған еңбек шарттарында аталған қолданыстағы талаптарды, оның ішінде жалақының ағымдағы деңгейін нашарлатпау ;
5 жыл ішінде Компанияның қызметтерді көрсету туралы қолданыстағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шарттар бойынша міндеттемелерді орындау, Компания және ҚМГ компаниялар тобы арасындағы осындай шарттар Компания-тың ҚМГ компаниялар тобының қауіпсіздік және пайдалану техникасы бөлігінегі талаптарына сәйкес келуі бойынша нақты көрсетілген міндеттемесін, сондай-ақ осындай талаптардың сақталуының кезеңдік аудитін жүргізуге келісімін қамтуы тиіс, бұл орайда, осындай келісім және міндеттеме Компания және ҚМГ компаниялар тобы арасында болашақта жасалатын шарттардың бір бөлігі болуы тиіс;
5 жыл ішінде ҚМГ компанияларының тобы үшін авиациялық қызмет көрсетудің қазіргі бағаларын сақтау;
5 жыл ішінде ҚМГ компанияларының тобына кемінде 5000 ұшу сағаты жылдық көлемін көрсету;
Активті сатып алу-сату шартын жасасу сәтіне дейін, оның ішінде ҚМГ компаниялары тобы үшін осы Қосымшаның 5) және 6) тармақтарында аталған бағалар мен көлемді сақтау мәніне белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының қажетті келісуін алу;
Конкурс жеңімпазының қолданыстағы мынадай займ шарттары бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету:
- Қоғамның HSBC BANK pls London займы бойынша:
Компания мен HSBC BANK plc London арасында жасалған займ беру туралы 2008 жылғы 15 қыркүйектегі №SXC/54318.00135/8658304.01 шарт бойынша Компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін ҚМГ кепілдігінің орнына HSBC BANK pls London және Export Development Canada талаптарын қанағаттандыратын Компанияның жаңа меншік иесінен кепілдік беру;
не
Компания мен HSBC BANK plc London арасында жасалған займ беру туралы 2008 жылғы 15 қыркүйектегі №SXC/54318.00135/8658304.01 шарт бойынша Компанияның займын мерзімінен бұрын дереу өтеуді қамтамасыз ету;
не
Компания мен HSBC BANK plc London арасында жасалған займ беру туралы 2008 жылғы 15 қыркүйектегі №SXC/54318.00135/8658304.01 шарт бойынша Компанияның займды мерзімінен бұрын дереу өтеуін қамтамасыз ету;
- Компанияның ДСБ Қазақстан Банкі АҚ ЕБ-дегі займы бойынша:
Компания мен ДСБ Қазақстан Банкі АҚ ЕБ арасында жасалған банк займы туралы 2014 жылғы 31 қаңтардағы №18/003 шарт бойынша міндеттемелердің одан әрі орындалуын қамтамасыз ету;
не
Компания мен ДСБ Қазақстан Банкі АҚ ЕБ арасында жасалған банк займы туралы 2014 жылғы 31 қаңтардағы №18/003 шарт бойынша Компанияның займды мерзімінен бұрын дереу өтеуін қамтамасыз ету;
- аталған займ шарттарына қосымша келісімдерге қол қою (қажет болғанда).
9) Акцияларды есептен шығару/есепке алу бойынша ыңғайласпа бұйрықтарға қол қою арқылы төменде аталған міндеттемелер орындалғаннан кейін Актив Конкурс жеңімпазының меншігіне беріледі:
a) Активтің құнын толық төлеу;
b) осы Қосымшаның 8) тармағында аталған Акцияларды сатудың ерекше шарттарының орындалуын растайтын құжаттарды ҚМГ-ге беру.
Жоғарыда аталған талаптар осы хабарламаға 11-қосымшада жазылған Сатып алу-сату шартында сипатталған және нақтыланған.
Аталған талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ тиісті Сатып алу-сату шартына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға
8-қосымша
Алдын ала ұсыныстың мазмұны
Сауда-саттыққа қатысушы алдын ала ұсынысты өз бетімен, еркін нысанда дайындайды. Бұл ретте, осы ұсыныста осы Хабарламаға 7-қосымшада аталған Акцияларды сатудың ерекше шарттарын орындау міндеттемелері міндетті түрде қамтылуы тиіс.
Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға
9-қосымша
Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлері
және алдын ала ұсынысқа қойылатын ең аз талаптар
Сауда-саттықтарға қатысушылардың ұсыныстарын бағалау критерийлері 5 жыл ішінде Компания қызметінің бейінін сақтау.
Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға
10-қосымша
ӨТІНІШ
Осымен _____________ (бұдан әрі (бірлесіп) – «Өтініш беруші») _________________________________________________
(Сауда-саттық тәсілін көрсету)
_________________________________________________(бұдан әрі – «Сауда-саттық»)
(Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес сатылатын активтің немесе объектінің тол атауы мен орналасқан жері)
қатысу ниеті туралы хабарлайды.
Сауда-саттық туралы _____________ жарияланған хабарламаны қарап және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасымен (бұдан әрі – «Қағида») танысып,
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жеке тұлғалардың аты-жөні немесе заңды тұлғалардың атауы және басшылардың немесе олардың сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын уәкілетті өкілдерінің аты-жөні)
201__ жылғы «__»__________
_____________________________________________________________________________
(егер Сауда-саттық электрондық емес тәсілмен өткізілсе, Сауда-саттық өтетін мекенжайды көрсету)
мекенжайында өтетін Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдіреді.
Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысуы мынадай тәсілдердің біреуімен қамтамасыз етіледі:
Сауда-саттыққа қатысу үшін ______________(_____________________________________________) теңге (цифрмен) (соманы жазу)
сомасындағы кепілдік жарнаны _______________________ (бұдан әрі – «Компания»)
(активтің/объектінің меншік иесінің атауын көрсету)
шотына енгізу.
Шоттың деректемелері
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
төлем мақсатының коды __________________,
Кбе ______________________,
мекеме коды _________________.
төлем құжатының № ______________________,
Төлем құжатының күні ______________________,
не
20 __ жылғы «___» _______ __________________________________________
(Банктің атауы)
______________________ теңге мөлшеріндегі банк кепілдігінің берілуі.
(цифрмен және жазумен)
Өтініш беруші осымен Қағиданың тиісті тармағында аталған тұлғалардың Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеуге жатпайтыны туралы хабардар екендігін растайды.
Өтініш беруші осымен Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысу құқығынан айырылатынына толық және сөзсіз келісетінін білдіреді және Өтініш беруші (немесе оның атынан) қол қойған Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама мен тиісті сатып алу-сату шартының жарамсыз болатынын мойындайды.
Сауда-саттық жеңімпазы болып белгіленген жағдайда Өтініш беруші осымен мынадай міндеттемелерді өзіне қабылдайды:
егер Қағидада немесе Сауда-саттық туралы хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе, Сауда-саттықты өткізу күні Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қою және Сауда-саттық барысында белгіленген талаптарда Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамада көзделген мерзім ішінде сатылатын активке/объектіге қатысты және таратылған шарттың жобасына және конкурстық ұсынысқа немесе Өтініш берушінің конкурстық өтініміне (конкурсқа қатысқан жағдайда) сәйкес Өтініш беруші ұсынған немесе Сауда-саттық өткізу шеңберінде Өтініш беруші келісім берген (тікелей немесе уәкілетті өкілі арқылы) бағамен және талаптарда сатып алу-сату шартына қол қою;
заңнамада белгіленген, сондай-ақ «Бәсекелестік туралы» Заңның және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің талаптарымен көзделген жағдайларда активті немесе объектіні сату үшін қажетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары мен келісуін алу рәсімдерін жүзеге асыру.
Монополияға қарсы органның талап-арызы бойынша монополияға қарсы органның келісімінсіз жасалған, басымдық немесе тұлғалар тобының орнатылуына немесе күшеюіне және (немесе) бәсекелестіктің шектелуіне әкеп соққан экономикалық шоғырландыруды сот жарамсыз деп тануы мүмкін.
Өтініш беруші осымен Өтініш беруші енгізген кепілдік жарнаның қайтарылмайтынына және төмендегі жағдайларда Компанияда қалатынына толық және сөзсіз келісетінін білдіреді:
Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен кейін Сауда-саттыққа қатысудан бас тартқанда;
Қағида бұзылған немесе Сауда-саттық өткізу тәртібі мен шарттарының бұзылуына, Сауда-саттық өткізуге кедергі немесе бөгет жасауына байланысты, бұл Қағидада көзделгендей, Комиссияның шешімі бойынша;
белгіленген мерзімде конкурстық ұсыныс немесе конкурстық өтінім берілмеген жағдайда;
егер Өтініш беруші берген конкурстық ұсыныстың немесе конкурстық өтінімнің шарттары Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілетін, Активті немесе Объектіні сату конкурсының шеңберінде Қағиданың ережелеріне сәйкес жіберілетін ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сай ең аз талаптарға сәйкес келмесе;
Сауда-саттық қорытындылары туралы қол қоюдан не сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда;
сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе лайықты түрде орындалмаған жағдайда;
осы Қағидада көзделген өзге де жағдайларда.
Осы өтініш Қағидада және ___ж. _____________________ ________________________ жарияланған Сауда-саттық өткізу туралы хабарламада (___жылғы ____________________ Өтініш берушіге жіберілген) жазылған шарттарда Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысуға толық және сөзсіз келісу нысаны болып табылады.
Өтініш беруші осымен Өтініш берушіге қатысты тарату туралы қандай да бір болмасын шешімнің, соттың оны банкрот деп тану және/немесе банкроттық рәсімін және/немесе осы секілді рәсімдерді бастау туралы шешімінің, заңнамада көзделген тәртіппен Өтініш берушінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешімнің жоқ екендігін растайды.
Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамамен бірге осы Өтініштің сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.
Осы хабарламаға 4-қосымшада, сондай-ақ Қағиданың өзге де қолданылатын ережелерінде көзделген мәліметтер беріледі.
Заңды тұлға үшін:
Атауы ________________________________________________________________________________
БСН ________________________________________________________________________________
Басшының аты-жөні
________________________________________________________________________________
Мекенжайы: ________________________________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі:
________________________________________________________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК ________________________________________________________________________________
БСК ________________________________________________________________________________
Банктің атауы
________________________________________________________________________________
Кбе ________________________________________________________________________________
Мыналар өтінімге қоса беріледі:
1) ________________________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
Аты-жөні ________________________________________________________________________________
ЖСН ________________________________________________________________________________
Паспорт деректері
________________________________________________________________________________
Мекенжайы: ________________________________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі:
________________________________________________________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК ________________________________________________________________________________
БСК ________________________________________________________________________________
Банктің атауы
________________________________________________________________________________
Кбе ________________________________________________________________________________
Мыналар өтінімге қоса беріледі:
1) ________________________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________________________
______________ _________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғалардың аты-жөні немесе заңды тұлғалардың атауы және басшылардың немесе олардың сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын уәкілетті өкілдерінің аты-жөні)
20 __ ж. «___» ____________
М.О.
20 __ ж. «___» __________ ____ сағат _______ минутта қабылданды.
______________ _______________________________________________________________ (қолы) (өтінімді қабылдаған тұлғаның аты-жөні)
Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» акционерлік
қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға
11-қосымша
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Достарыңызбен бөлісу: |