Жабу уақыты
[Жабу күні] Мәмілені жабу осы Шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жабу бойынша іс-әрекеттер
Сатып алушының Сатып алу бағасын төлеуі;
Сатушының жеке шотынан Акцияларды есептен шығару;
Сатып алушының жеке шотына Акцияларды есептеу;
«Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ-тан Акцияларды жеке шоттан есептен шығару/есепке алу туралы есеп алу.
Сатып алушының Жабудан кейінгі іс-әрекеттері
Осы Шарттың 4.7.7-тармақшасын есептемегенде, 4.7-тармақта көзделген ерекше талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
ШАРТТЫҢ ТОҚТАТУ
Бір Тараптың талап етуі бойынша осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Сатушы төмендегі жағдайларда кез келген уақытта біржақты тәртіппен осы Шартты бұзуға құқылы:
Егер осы Шарт жасалған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде Сатушының кінәсынан емес болған Алдын ала талаптардың орындалмауына орай Жабу жүргізілмегенде;
Сатып алушы осы Шарттың ережелерін бұзғанда;
осы Шарт жасалған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде 4.7-тармағының 4.7.7-тармақшасында аталған талаптар орындалмағанда;
8.2-тармақта көзделген жағдайда осы Шарт Сатушының тиісті хабарландыруында көрсетілген, бірақ ол Сатып алушыға жіберілген күннен кейінгі күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
Осы Шартта көзделген жағдайларды есептемегенде, осы Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.
ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тараптар осы Шартты лайықты түрде орындамағаны немесе орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жауап береді.
Сатып алу бағасын төлеу кейінге қалдырылған жағдайда Сатушы Сатып алушының талап етуі бойынша әрбір кейінге қалдырылған күн үшін Сатып алу бағасының 0,1 (ноль бүтін оннан бір) мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын төлейді.
Осы Шарттың 6.2.4-тармағына сәйкес Акциялар үшінші тарапқа сатылған жағдайда оның осы Шарттың 4.7-тармағында көрсетілген Акцияларды сатудың ерекше талаптарын орындамағаны үшін Сатып алушы жауапты болады.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ
Жойқын күш жағдайы (форс-мажорлық жағдай)
Бір Тараптар басқа Тарапқа осы Шарт бойынша міндеттерлерді орындауға кедергі болған жойқын күш жағдайының (форс-мажорлық жағдайдың) туындағаны туралы осындай жағдай туындаған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті. Бұл ретте, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдай болатын уақытқа тепе-тең уақытқа ауысады.
Уәкілетті органдар және/немесе ұйымдар форс-мажорлық жағдайдың туындау фактісін құжаттамалық растауы тиіс.
Форс-мажорлық жағдайларға жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл, өрт және басқа да жойқын күш, технологиялық катастрофалар, эпидемиялар, әскери іс-әрекеттер, төтенше жағдай, мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер және Тараптардың ақылға қонымды бақылауы шегінен тыс және ақылға қонымды және адал іс-қимыл жасайтын Тараптар көздей алмайтын өзге де жағдайлар жатады.
Тараптардың, олардың қызметкерлерінің және/немесе үлестес тұлғаларының қасақана және/немесе кінәлі іс-әрекеттерінен және/немесе әрекетсіздігінен туындаған жағдайлар ешқандай жағдайда форс-мажорлық жағдай болып табылмайды.
Егер форс-мажорлық жағдай 2 (екі) кезекті ай ішінде міндеттемелердің орындалуына кедергі болса, Тараптар осы Шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе толықтыруға немесе Тараптардың өзара келісімі бойынша Шарттың қолданылуын тоқтатуға қатысты келіссөздер бастауы тиіс.
Сатып алушының жауапкершілігін шектеу
Егер бір оқиғаға қатысты Сатып алушының осы Шарттың әр түрлі ережелері бойынша қандай да бір болмасын залалдың, шығындар мен шығыстардың өтелуін талап етуге негізі болса, осындай залалды, шығындарды немесе шығыстарды өтеу кезінде, осындай залалды, шығындарды немесе шығыстарды өтеуді талап ету негізі осы Шарттың кем дегенде бір ережесінен туындайтынына қарамастан, Тараптар Сатып алушының бір оқиға бойынша өтеуді бір реттен артық талап етуге құқығы жоқ екендігіне келісетінін және оны түсінетінін растайды.
Сатушының жауапкершілігін шектеу
Сатушының Сатып алушы Шартқа сәйкес қоятын қандай да бір болмасын талабына немесе талаптарына қатысты жауапкершілігі іс жүзіндегі шығындармен шектеледі. Сатушы Сатып алушының өндірістегі шығындары, жіберілген пайдасы, жіберілген кірісі немесе өзге де жанама залалдары үшін жауап бермейді.
ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР
Шығыстар
Осы Шартта көзделген міндеттемелердің орындалуына қарамастан және егер осы Шартта өзгелері тікелей ескерілмесе, Сатып алушы мен Сатушы өздерінің шығындары мен шығыстарын, қызметтердің құнын, сондай-ақ өз заңгерлері, бағалаушылары, аудиторлары мен басқа да қызмет көрсетушілері осы Шартта көзделген мәмілелерге байланысты көтерген шығыстарын дербес төлейді.
Қолданылатын құқық және дауларды шешу
Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және пайымдалады. Осы Шарттан немесе оған байланысты, оның ішінде оған қоюға, оны орындауға, бұзуға, тоқтатуға немесе жарамсыз деп тануға қатысты барлық даулар, келіспеушіліктер немесе наразылықтар Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қарауына беруге жатады.
Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар осы Шарт жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері тиісті түрде қол қойған нысанда жасалуы тиіс.
Міндетті күші
Осы Шарттың барлық талаптары мен ережелері Тараптардың, сондай-ақ олардың тиісті құқықтық мирасқорларының орындауы үшін міндетті болып табылады. Осымен Тараптар әрбір Тарап басқа Тараптың осы Шарттың мәтінінде қамтылған кепілдіктеріне және растауына сүйене отырып, осы Шартты жасайтынын жалпы түсінетінін растайды.
Беру
Бірде-бір Тараптың осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші Тұлғаға толық немесе ішінара беруге құқығы жоқ.
Бөлінгіштік
Егер осы Шарттың қандай да бір болмасын ережесінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалуы мүмкін болмаса немесе олар жарамсыз болса, осындай ереженің күші ол қолданыла алмайтын немесе жарамсыз болатын шамада ғана жойылады. Осы Шарттың қалған ережелері толық шамада қолданылады.
Осы Шарттың қандай да бір болмасын ережесі жарамсыз болып танылған жағдайда Тараптар барлық мүмкін күш-жігерін салады, оның ішінде Тараптардың осы Шарт бойынша бастапқы уағдаластықтарына барынша мүмкін дәрежеде қол жеткізу үшін осы Шартқа кез келген қажетті өзгерістерге және/немесе толықтыруларға қол қояды.
Шарттың даналары
Осы Шарт заңдық күші бірдей, екі дана Сатушыға және бір дана Сатып алушыға арналған үш данада жасалды және оларға қол қойылды.
Тілі
Осы Шарт және оған енгізілетін кез келген өзгерістер немесе толықтырулар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерде қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
Құпиялылық
Сатып алушының, осы Шартты орындау мақсатынан басқа, Сатып алушының сауда-саттыққа қатысуына және/немесе осы Шартты жасасуына және/немесе орындауына байланысты алатын немесе алған Сатушыға және/немесе Компанияға қатысы бар кез келген ақпаратты және/немесе құжаттаманы бірде-бір Тұлғаға ашуға немесе пайдалануға құқығы жоқ.
Сатушының қандай да бір болмасын Тұлғаға Сатушы Сатып алушы құпиялы ақпарат деп белгілеген, Сатып алушыдан оның осы Шартты жасасуға және/немесе орындауға байланысты жоспарларына және/немесе қызметіне қатысты алатын мәліметтерді ашуға құқығы жоқ.
Осы Шарттың 11.9.1 және 11.9.2-тармақшаларының ережелері мынадай жағдайларда қолданылмайды:
тиісті Тараптың алдын ала анық жазбаша келісімі алынған жағдайда,
бұл қолданыстағы заңнамаға, бухгалтерлік есептіліктің қолданыстағы қағидаларына сәйкес немесе тиісті заңдық иелік сотының тиісті шешім қабылдауына байланысты немесе құзыретті органның талап етуі бойынша талап етілген жағдайда;
осы Шартта тікелей рұқсат етілген жағдайларда.
Осы 11.9-тармақтың ережелері:
оларды пайдалану немесе жария ету уақытына қарай көпшілікке белгілі болған;
көпшілікке белгілі болған (оларды рұқсатсыз жария ету немесе қолдану жолынан басқа); немесе
осындай мәліметтерді заңды алған және осындай мәліметтерді үшінші Тұлғаларға тарату немесе пайдалану құқығы бар Тұлға Тарапқа берген мәліметтерге қолданылмайды.
Тараптар өздерінің тиісті кеңесшілерінің, бухгалтерлерінің, консультанттарының, қызметкерлерінің, агенттері мен өкілдерінің осы Шарттың ережелерін ескеріп, олар алған мәліметтердің құпиялылығын сақтап, оларды, осы Шартты орындауды есептемегенде, қандай да бір болмасын өзге мақсаттарда қолданбауы үшін оларға қол жетімді шараларды қолданады.
Мәліметтерді бергенге дейін тиісті Тарап осындай әрбір Тұлғамен құпиялылық туралы келісімнің жасалуын қамтамасыз етеді. Осындай құпиялылық туралы келісімде осы Шарттың ережелеріне сәйкес келетін талаптар көзделуі тиіс.
Осы Шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда әрбір Тарап бұрын иелігінде немесе бақылауда болған және ол басқа Тараптан алған мәліметтерді қамтитын барлық құжаттаманы басқа Тарапқа қайтарады.
Сатып алушы Сатушының «Самұрық-Қазына» АҚ-қа Шарт бойынша ақпаратты ашуына, оның ішінде, бірақ олармен ғана шектелмей, деректемелер мен төлемнің егжей-тегжейі туралы ақпаратты Сатушыға қызмет көрсететін банк-контрагенттерге байланыс арналарының талап етілетін хаттамаларын пайдаланып, «Самұрық-Қазына» АҚ-тың ақпараттық-талдамалық жүйесіне деректер берудің қорғалған арнасы арқылы төлемдерді жіберу арқылы жария етуіне құқығы бар екендігіне келіседі.
Құпиялылық кезең
Тараптардың осы Шарттың 11.9-тармағында жазылған құпиялылық туралы ережелерді сақтауы бойынша міндеттемелерінің күші осы Шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін 5 жыл ішінде сақталады.
Біртұтастық
Осы Шарт, сондай-ақ оған қосымшалар Тараптардың біртұтас және бірыңғай келісімін білдіреді. Тараптардың барлық ауызша және жазбаша уағдаластықтарының, хат алмасуының, келіссөздердің нәтижелері туралы хаттамалары мен тараптар осы Шарттың және Шартқа қосымшалардың мәніне қатысты қол қойған өзге де құжаттарының күші осы Шарт пен оған қосымшаларға қол қойылған сәттен бастап жойылады.
Осы тармақтың ережелері сауда-саттықты өткізу және оларға дайындалу барысында жасалған өтініштерге, өтінімдерге, ұсыныстарға, хаттамалар мен өзге де құжаттарға қолданылмайды.
Хабарландырулар
Осы Шарт бойынша барлық хабарландырулар мен өзге де хат-хабар қазақ және орыс тілдерінде жазбаша нысанда орындалуы тиіс және (берудің өзге де тәсіліне жазбаша нұсқау болмағанда немесе алатын Тарап қабылдаған өзге де тәсіл болмағанда): (і) қолдан-қолға беру кезінде, оның ішінде авиапочтамен жедел курьерлік қызметпен жіберілгенде; немесе (іі) егер почталық қызметке берілсе, тапсыру туралы хабарландыру туралы талаппен куәландырылғанда немесе тіркелсе және почталық шығыстар алдын ала толық төленсе, Тараптың негізгі мекенжайына жіберілсе, тапсыру туралы кез келген хабарландыруда көрсетілген алу күні жарамды және күші бар деп есептеледі.
Жеткізу орнындағы жұмыс уақытының әдеттегі сағаттарынан кейін алынған кез келген хабарландыру келесі Жұмыс күні басталғанға дейін жеткізілді деп есептелмейді.
Егер хабарландыру арқылы өзгелері көрсетілмесе, осы Шарт бойынша кез келген хабарландырулар мен хабарламаларды жіберу үшін 11.14-тармақта көрсетілген мекенжайлар қолданылуы тиіс.
Шарттың қолданылу мерзімі
Осы Шарт Сатып алушы монополияға қарсы органның келісімін алған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Шарт бойынша қабылдаған барлық міндеттемелерді толық орындағаннан кейін оның қолданылуы тоқтатылады.
Тараптардың деректемелері
Сатып алушы
|
Сатушы
KZT есептеу үшін деректемелер
Бенефициар:
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
СТН 620 100 210 025
БСН 020240000555
Кбе 16,
Бенефициардың мекенжайы:
010000, Астана қ.,
Қабанбай батыр д-лы, 19
KZT шотының нөмірі:
KZ356010111000002033
Бенефициар банкінің БСК/SWIFT: HSBKKZKX
Бенефициар банкінің атауы:
«Қазақстан халық банкі» АҚ
____________________
М.О.
|
Сатып алушының атынан
|
Сатушының атынан
|
Қолы: __________________________
|
Қолы:_____________________________
|
аты: [Сатып алушының (өкілінің) аты-жөні]
|
Атауы: [Сатушы өкілінің аты-жөні]
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |