Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары


Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік



бет4/8
Дата31.12.2019
өлшемі71,06 Kb.
#54899
1   2   3   4   5   6   7   8

1. Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: бөлім қызметі туралы есеп­терді дайындау және құрастыру, нотариустармен, жергі­лікті атқарушы органдардың нотариалдық әрекеттерді жасау­ға уәкілетті лауазымды тұлғаларымен нотариалдық әрекет­терді жасаудың заңдылығына және іс жүргізу қағи­да­ларын сақтауына бақылау жүргізу, бағалау қызметінің субъек­тілеріне мемлекеттік бақылау жүзеге асыру, жеке және заң­ды тұлғалардың нотариустардың, адвокаттардың, бағалау­шылардың әрекеттеріне түскен өтініштерін қарау, нота­риалдық және адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензияның күшін тоқтата тұру, айыру және тоқтату туралы ұсыныс дайындау, нотариустарға және нотариалдық әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларға әдіс­темелік және тәжірибелік көмек көрсету, әкімшілік істерді қозғау, сот процестеріне қатысу, нотариалдық және адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиядан айыру және күшін жою бойынша талап-арыз материалдарын дайындау, жергілікті атқарушы органдардың нотариалдық әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалары үшін аттестаттау өткізу, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге ақпарат енгізу, номенклатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа тапсыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары заңгерлік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі

2. Павлодар облысы әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: бөлім қызметінің есептілігін жүргізу, зияткерлік меншік саласында құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу, авторлық және аралас құқық сұрақтары бойынша азаматтар мен ұйымдарға кеңес беру, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау бойынша тексерістерді жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды әзірлеу және соттарға қатысу, авторлық және аралас құқықтар бо­йынша меншік иелерімен әрекеттесу, алынған контрофактілік өнімді жоюға қатысу, номенклатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа тапсыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары заңгерлік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

3. Павлодар облысы әділет департаменті персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы мем­ле­кет­тік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтау бойын­ша ұсы­ныстар енгізу, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойын­ша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, уәкілетті орган­ның тәртіптік комиссиясымен және құқық қорғау органда­рымен өзара әрекеттесу, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау, қызметтік тергеулер мен тексерістер жүргізу, қызметкерлерге қатысты құқық бұзу­шылықтар мен қылмыстар бойынша қозғалған істер­ге мониторинг жүргізу, Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігіне тиісті материалдарды, есептер мен мәлімет­терді дайындау, қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстарды енгізу, әскери міндеттілерді бекітіп қою жұ­мысын жүргізу, мобилизациялық дайындық, азаматтық қор­ғаныс жұмысын ұйымдастыру, номенклатуралық істерді жүр­гізу және оларды мұрағатқа тапсыру, жеке және заңды тұл­ғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры заңгерлік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

4. Павлодар облысы әділет департаменті атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: мемлекеттік сот орындау­шыларымен қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақ­тауына және олармен міндеттерін тиісінше орындауына ба­қылау жүргізу, мемлекеттік сот орындаушыларына әдіс­темелік және тәжірибелік көмек көрсету, мемлекеттік сот орын­даушыларының жұмыс тәжірибесіне жалпылама талдау жүргізу, атқарушылық өндірістерге тексеріс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сот орындаушылардың әрекеттеріне түскен өтініштерін қарау, мемлекеттік сот орын­даушыларымен жасалатын атқарушылық әрекеттердің заңды­лығына және іс жүргізу ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асыру, жоспарлы іс-шараларды орындау, статистикалық есеп­тілікті жүргізу, мемлекеттік сот орындаушыларын тәртіп­тік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу, номен­клатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа тапсыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры заңгерлік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

5. Павлодар облысы әділет департаменті қаржы және материалдық-техникалық бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, сотқа талап-арызды дайындау, жабдықтаушылармен жұмыс жүргізу, есептерді, статистикалық есептерді дайындау және құрастыру, номенклатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа тапсыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры немесе ортадан кейінгі заңгерлік білім.

6. Павлодар қаласы әділет басқармасының бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: жылжымайтын мүлікке құ­қықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу, құқық­тық кадастрды жүргізу, «Жылжымайтын мүлік тірке­лімі» мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді тиісінше енгі­зу және «Жылжымайтын мүлік тіркелімінің электронды мұра­ғаты» ақпараттық жүйесінде тіркеу құжаттарын уақтылы сканерлеу үшін жауапкершілікті көтереді, егер мәмілені нотариат куәландырмаса мәмілені жасаған адамдардың қойылған қолдарының растығын, олардың іс-әрекетке қабілеттілігін (құ­қықтық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерікті түрде жасалғандығын тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құрастыру және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті сотқа жолдау, соттарға қатысу, номенклатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа тапсыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қолданыстағы заңнаманы насихаттау, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жүргізу және есептерді құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры заңгерлік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

7. Павлодар аудандық әділет басқармасының бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің 2016 жыл­дың 12 қаңтарына дейін бала күту бойынша дема­лысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді тиісінше енгізу үшін жауапкершілікті көтереді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құрастыру және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті сотқа жолдау, соттарда қатысу, номен­клатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа тапсыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қолданыстағы заңнаманы насихаттау, құқықтық түсіндіру жұмыстары бойын­ша іс-шараларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры заңгерлік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

8. Ертіс аудандық әділет басқармасының жетекші маманы, C-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді тиісінше енгізу үшін жауапкершілікті көтереді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құрастыру және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті сотқа жолдау, соттарға қатысу, номенклатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа тапсыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қолданыстағы заңнаманы насихаттау, құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шараларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры немесе ортадан кейінгі заңгерлік білім.

9. Екібастұз қаласы әділет басқармасының жетекші ма­ма­ны, C-R-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызмет­кердің 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін бала күту бойын­ша демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: кіріс, шығыс хат-хабарларды тіркеу, кіріс, шығыс хат-хабарлар туралы есептерді дайындау және құрастыру, мемлекеттік тілді дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы есептерді дайындау және құрастыру, құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шараларды орындау, басқарманың жоспарларын орындауға бақылау жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры немесе ортадан кейінгі заңгерлік білім.

10. № 1 Павлодар аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы, С-О-4 санаты, 2 бірлік.

Функционалды міндеттері: азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдары мен қаулыларының, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiм­дері мен қаулыларының, сондай-ақ өзге де органдар қаулы­ларының негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін атқарушылық құжаттарды мiндеттi түрде және уақтылы орындау, уәкілетті және аумақтық органдардың бұйрықтарын, әдістемелік ұсынымдарын, нұсқаулары мен өкімдерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры заңгерлік білім.

11. Екібастұз аумақтық бөлімі филиалының сот орын­даушысы, С-О-4 санаты, 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік уа­қыт­ша, негізгі қызметшінің 2018 жылдың 7 қыркүйегіне дейін баланы күту бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдары мен қаулыларының, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiм­дері мен қаулыларының, сондай-ақ өзге де органдар қау­лыларының негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін атқарушылық құжаттарды мiндеттi түрде және уақтылы орындау, уәкілетті және аумақтық органдардың бұйрықтарын, әдістемелік ұсынымдарын, нұсқаулары мен өкімдерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры заңгерлік білім.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті, 160012, Шым­кент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16-үй, электронды мекенжайы: uko_just@mail.ru, анықтама үшін телефондар: 8(7252) 35-44-82, 33-75-98, факс: 35-35-13, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қаржы және материалдық қамтамасыз ету басқар­масының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (2016 жылғы 21 ақпанына дейін уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: жұмысты жоспарлау, болжамдау, бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың жылдық жоспарын жасау, бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы жөнінде есеп беру, мүліктердің есебін жүргізу, қызметкерлердің еңбекақы, іссапар төлемдерін есептеу, адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөнінде және коммуналдық қызметтерге есеп жүргізу, коммуналдық кәсіпорындармен келісімшарт түзу, ғимаратты жалға алып тұрушылардың төлемақы есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­­ры білім: экономист, бухгалтер немесе қаржыгер маман­дық­та­ры бойынша, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес не­месе осы санаттағы нақты лауазымның функционал­ды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, бухгалтерлік есеп және есеп беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.

2. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық әділет басқар­масының бас маманы (зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша, С-R-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: шығармалар және сабақтас құқық объектілерін, өнеркәсіптік меншік объектілері, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, тауарлардың шығу орындарының атаулары, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, контрафактілік өнімдерін айқындау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тексерулер жүргізуді жүзеге асыру, ұжымдық негізінде меншік құқықтарын басқарушы ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры білім: заңгер, құқықтану мамандықтары бойынша жоға­ры білім немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционал­ды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.

3. Бәйдібек аудандық әділет басқармасының бас маманы (заңды тұлғаларды тіркеу, зияткерлік меншік құқықтары салалары бойынша, С-R-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: заңды тұлғаларды және есептік филиалдарды және олардың өкілдерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, іс жүргізуді бақылау, шығармалар және сабақтас құқық объектілері, өнеркәсіптік меншік объектілері, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, тауарлардың шығу орындарының атаулары, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, контрафактілік өнімдерін айқындау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тексерулер жүргізуді жүзеге асыру, ұжымдық негізінде меншік құқықтарын басқарушы ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры білім: заңгер, құқықтану мамандықтары бойынша жоға­ры білім немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес не­месе осы санаттағы нақты лауазымның функционал­ды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң­да­рын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет тура­лы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкім­шілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлға­лардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақ­стан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Респуб­ликасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы», заңдарын сондай-ақ функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.

4. Шардара аудандық әділет басқармасының жетекші ма­маны (зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша, С-R-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: шығармалар және сабақтас құқық объектілері, өнеркәсіптік меншік объектілері, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, тауарлардың шығу орындарының атаулары, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар то­пологияларының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, контра­фактілік өнімдерін айқындау мақсатында құқық қорғау орган­дарымен бірлесіп тексерулер жүргізуді жүзеге асыру, ұжым­дық негізінде меншік құқықтарын басқарушы ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру, іс жүргізуді бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: заңгер, құқықтану мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім; Қазақстан Республикасының Конс­титуциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб­ликасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қа­зақстан Республикасының Үкіметі туралы» Консти­туциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемле­кеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ту­ралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұл­ғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, қажетті көлемде мемле­кеттік тілді білу.

5. Сарыағаш аудандық әділет басқармасының бас маманы (заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша, С-R-4 са­наты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: заңды тұлғаларды және есептік филиалдарды және олардың өкілдерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, іс жүргізуді бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры білім: заңгер, құқықтану мамандықтары бойынша жоға­ры білім немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес не­месе осы санаттағы нақты лауазымның функцио­нал­ды бағы­тына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақ­стан Республикасының «Қазақстан Республикасының Прези­денті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкіл­діктерді есептік тіркеу туралы» Заңын, қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.

6. Мақтаарал аудандық әділет басқармасының жетекші маманы (құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік кө­мек көрсету саласы бойынша, С-R-5 санаты, 1 бірлік, 2017 жыл­ғы 1 қарашаға дейін уақытша, негізгі қызметкердің ба­ла күту демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: құқықтық түсіндіру жұмыстары жоспарын жасауды жүзеге асыру, құқықтық түсіндіру жұмыс­тары жоспарын орындау, басқарманың қызметі туралы бұқа­ралық ақпарат құралдарында көрсетілуін және жариялауын ұйым­дастыру, жергілікті атқарушы органдардың құқықтық түсін­діру және заң қызметін көрсету бойынша жұмысымен та­нысып, оларға құқықтық көмек көрсету, халық арасында құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: заңгер, құқықтану мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Респуб­ликасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Консти­туциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мем­лекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.

7. Кентау қаласы аумақтық сот орындаушылар бөлімі фили­алының сот орындаушысы С-О-4 санаты, 1 бірлік; Түр­кістан қаласы аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы – 1 бірлік (2016 жылғы 1 маусымына дейін уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне); Шымкент қаласы Абай ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының сот орындаушысы – 2 бірлік; Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының сот орындаушысы – 1 бірлік; Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының сот орындаушысы – 1 бірлік; Сайрам ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының сот орындаушысы – 2 бірлік; «Сарыағаш ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының сот орындаушысы – 2 бірлік; Шардара ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының сот орындаушысы – 1 бірлік; Мақтаарал ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының сот орындаушысы – 3 бірлік.

Функционалды міндеттері: соттың талапты қамтамасыз ету жөніндегі сот актілерін орындау, мемлекеттік авто­инс­пекциясының, санитарлық-эпидемиологиялық, салық, экология басқармаларының және т.б. органдарының қаулыларын орындау және ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңында көзделген өзге де әрекеттер жасауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заң­­гер, құ­қықтану мамандықтары бойынша жоғары білім. Қазақ­­стан Рес­публикасының Конституциясын, Қазақстан Респуб­ли­касы­ның «Қа­зақстан Республикасының Президенті тура­лы», «Қазақ­стан Респуб­ликасының Парламентi және оның депу­таттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қа­зақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет