Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»



бет7/26
Дата28.09.2023
өлшемі164,41 Kb.
#182876
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)

Қорытынды сұрақтары:

  1. Алтын Орданың тарихы. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы

  2. Ақ Орда мемлекеті

  3. Әбілқайыр хандығы. Көшпелі өзбектер мемлекеті.

  4. Ноғай Ордасы.

  5. Моғолстан мемлекеті



Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В5-ти томах. – Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 345 с.

  2. Кумеков Б.Е. Государство кимаков в IХ-ХI вв.– Алма-Ата, Наука, 1972- 695 с. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004 -368 с.

  3. Қазақстан тарихы. – Алматы, Алматы кітап, 2016 – 458б.

  4. История древнего Казахстана. Под редБайпакова К.М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 1996. - 112 с.


6 – Тақырып. Қазақ хандығының құрылуы
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей хан тұсындағы саяси ахуалды жан-жақты талдау.
Дәріс мазмұны:

1. Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей.
2.Қазақ хандығының Шайбани әулеті тұқымдарымен күресі.


Түйін сөздер: тарих, қазақ, хандық, шайбани, мемлекет, соғыс


Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғ. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі ХV ғасырдың екінші жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бұқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді.
XV ғас. 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісудің Шу мен Талас өзенінің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерге қоныс аударуының себебі: Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың күшеюі болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру. Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462) қазақтардың мұнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбұғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сыртқы саясатында, атап айтқанда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі феодалдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату үшін пайдалануды көздеді. Ал қазақтардың Жетісу жеріне қоныс аударуының басты бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қанаушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді».
Олардың халық қолдаған дербес мемлекет құру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бұл арада тұңғыш қазақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сұлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандардың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы, әрине, табиғи құбылыс.
Бұл кезде жаңадан құрылған Қазақ хандығының алдында тарихи үш үлкен міндет тұрды. Біріншіден, жаңа қоныстанған аймақта бұрыннан Дешті Қыпшақ даласында қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпына келтіру.Екіншіден, «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан ірі қолөнер-сауда орталықтары – Сығанақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т.б.қалаларды қазақ хандығына қарату. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталыққа біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру.
Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 ж.) Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды. (1473-1480). Бұлардың тұсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді.Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бұдан 12 жыл бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті қыпшаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бұл күрестің барысында Әбілхайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды өзіне қосып алды. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.
Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бұрындық Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды қазақ хандығына қарату үшін бітіспес күрес жүргізді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани ханмен арадағы соғыстар 30 жылдан астам уақытқа созылды. Өйткені Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан қашып шығып, Түркістан аймағына келді. Мұнда ол өзінің билік жүргізіп отырған Әмір Темір тұқымынан шыққан Мұхаммед Мәзит тарханды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мұхаммед Шайбаниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бұдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты.
1472 жылы Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып, Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегімен Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бұл уақытша жеңіс еді. Бұрындық сұлтан мен Махмұт сұлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғұнлық асуында Мұхаммед Шайбанидың әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды. Бұл соғыста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына өтті.
Бұл кезде Қазақ хандығына Мұхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп тұрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бұлар да Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын өздеріне қаратып алуды көздеді. 1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал ХV1 ғ. басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сұлтан Махмұд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына сүйеніп және Отырарға ие болған Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына шабуыл жасап, басып алды.
Қазақ ханы Бұрындық және Қасым мен Жәдік сұлтандар Темір әулетінен шыққан Мұхаммед Мәзит тарханнан қолдау алып Созақ, Сауран қалаларына әскери шабуыл ұйымдастырды. Бұрындық Сауранды қайтарып алып, Отырар қаласын қоршауға алды.Бірақ Моғолстан ханы Сұлтан Махмұт Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниға әскери көмек беріп, қазақ жасақтары амалсыздан Отырар қаласын қоршауды тоқтатты. Мұхаммед Шайбани қазақтармен бітім жасады Осы келісім бойынша Отырар, Ясы, Аркөк, Бозкент қалаларымен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады. Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі қазақ хандығының иелігінде қалды. Ал Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі.
Сөйтіп, Дешті Қыпшақты басып алуға ұмтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп және Сығанақ, Созақ, Сауран қалаларын саяси, шаруашылық және әскери тірек еткен қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуренахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады.
Сыр өңіріндегі қалалар мен олардың төңірегіндегі көшпелі жұрт мекендеген жерлер және Жетісу өлкесі үшін күрес барысында қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарының этникалық шекарасының қалыптасуы тездеді
Сонымен қорытып айтқанда, Қазақ хандығының құрылуына ХV ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті) мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты. Өйткені, бұл мемлекеттердегі көшпелі ақсүйек-сұлтандардың экономикалық күш-қуаты артып, олардың әрқайсысы өз иеліктеріне жеке билік жүргізуге ұмтылды, феодалдық талас-тартыс күшейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттердің тарихи біріккен елдігінен айрылып, күйреуіне алып келді.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде маңызды рөл атқарды. Қазақ хандығының құрылуы Жетісу жеріндегі ру-тайпалардың оның қол астына бейбіт жолмен көшуін қамтамасыз етті. Қазақтардың біртұтас мемлекеттігінің пайда болуы қазақ жүздерінің, сондай-ақ қазақ халқы қалыптасуының шешуші факторларының бірі болды. ХV ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның халқы Қазақстанның басқа аймақтарымен шаруашылық, этникалық және саяси қатынастары одан әрі жалғасып, күшейе түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет