Конспектісі ele 3216 «Электротехника» пәні esozh 07 «Электротехника, стандарттау және өнеркәсіптік желдету»



бет13/23
Дата25.12.2023
өлшемі2,88 Mb.
#199092
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Лекции элтех каз ОПИ 3

Үш фазалық жүйеде :
генератордың фазалық орамаларының ұштарының арасындағы немесе жүктеменің фазаларының ұштарының арасындағы кернеулерді
(UAUB ,U) фазалық кернеулер деп атайды.
Сонымен бірге бұл кернеулерді сызықтық сымдар мен нөлдік сым арасындағы кернеулер деп де қарастыруға болады.
Симметриялы жүйеде фазалық кернеулердің әрекеттік мәндері бірдей болады: U =U=U= Uф.
Фазалық токтар Iф = IАВ, IВС, IСА деп генератордың фазалық орамалары немесе жүктеменің фазалары арқылы жүретін токты айтады.
Үш фазалық жүйеде:
генератордың фазаларының (орамалардың) ұштары мен жүктеменің фазаларының ұштарының арасындағы кернеулерді
сызықты кернеулер (Uсыз=UU ,UCа ) деп атайды.
Сызықты токтар деп генератордың фазалық орамалары мен жүктеменің фазаларының бастарын қосатын тізбекте жүретін токты айтады. IА, IВ,IС,

Генератор мен тұтынушы(жүктеме) орамаларын жұлдызша қосу.
Егер фазалардың ұштары x, y, z, нолдік немесе бейтарап нүктесі 0 бір нүктеге қосылса, онда мұндай қосылуды жұлдызша жалғау деп аталады.
Бұл сұлба бойынша басы А-В-С электр қабылдағышқа (жүктемеге) берілетін тізбекке жалғағанса ,ал ораманың аяққы ұштары x,y,z бір нүктеге ( түйінге) қосылады да, Ол нүктені үш фазалы генератордың нөлдік нүктесі немесе бейтарап нүктесі ( О) деп атайды.
Сол сияқты қабылдағыштың (жүктеменің) де фазаларының бір ұштары бір нүктеге ( түйінге) қосылады және ол нүктені жүктеменің нөлдік нүктесі немесе бейтарап нүктесі ( О′) деп атаймыз.
Генератордың орамаларының басқы ұштарын жүктемемен қосатын сымдарды сызықты сымдар деп атайды, ал олар арқылы жүретін токтар сызықты токтар IA , IBIC деп аталады. Бұл токтар генератордан жүктемеге қарай бағытталған.
Генератордың бейтарап нүктесін жүктеменің бейтарап нүктесімен жалғайтын сымды нөлдік немесе бейтарап сым деп аталады.
Бейтарап сыммен жүретін ток нөлдік ток (I0) немесе бейтарап ток деп аталады және ол жүктемеден генераторға карай бағытталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет