Қазіргі корейлердің кулинариясында папты дайындаудың шамамен 40 түрлі әдісі бар және олардың атауы да тиісінше әртүрлі. Корейліктердің тағамдарының ішіндегі куксу, үзбе кеспе сучэби тағамдары негізгі тағамдар болып табылады. Оны бидай, жүгері, қара құмық және картоп ұнынан әзірленеді. Куксуды ұсақтап турап бұқтырылған етпен, көкөніспен, қызыл үгітілген бұрышпен суытылған немесе ыстық сорпамен қоса береді. Қосымша тағамға көже, тұздықты сорпа, қайнатпа, қою ет (балық) сорпасы, кимчхи, көкөніс салаты, майға бұқтырылған және қуырылған ет (балық), қақталған ет (балық), теңіз өнімдері (моллюскілер, трепангілері) тағамдар. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, баклажан, картоптан дәмдеуіштер қосылған көкөністер, туралған көкөністер мен шөптерден жасалған салаттар чхэ салаттар дайындалады. Ет тағамдарынан сиыр, шошқа, тауық еттері көп қолданылады. Ет пен балықты шикі (хвэ), тұздалған, маринадталған, қақталған, бұқтырылған, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Корейліктердің тамақтарында бұршақ тұқымдас: соя, жасыл бұршақ және фасоль ерекше орын алады. Соядан корейліктер соя сүтін, соя ірімшігін, соя пастасын және соя тұздығын алады. Сусындардың ішінен күріш арағының түрлі сорттарын, брага, сонымен қатар лимон мен жеміс –жидектен, жаңғақ, зімбір, кептірілген құрма, корица және бал қосылған бал қарағай жаңғағынан жасалған әр түрлі сусындарды айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |