Коричневая Шикарная и Стильная Технологическое Предложение Миссия и Цели Презентация



Дата16.05.2022
өлшемі3,33 Mb.
#143448
Байланысты:
Ерғали Аяна БЖДк-20-1 СӨЖ №3


«ИНЖЕНЕРЛІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ
Қауіпсіздіктің нормативтік-құқықтық аспектілері
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар.
Топ:БЖДк-20-1
Орындаған: Ерғали А. Ж.
Тексерген: Қобланова А. Қ.

Жоспар:
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
1:
Экологиялық дағдарыс мәселелерімен тікелей байланысы
3:
Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы
2:
Экологиялық құқық бұзушылық
4:
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.
Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар. ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді: Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық заңнаманың дамуы экологиялық дағдарыс мәселелерімен тікелей байланысты. 
Ғаламдық мәселелердің халықаралық маңыздылығы экологиялық жүйелердің тұрақтылығын қолдау үшін нақты шараларды іздестіруді талап етеді. Қоршаған ортаны зиянды әрекеттерден қорғау қызметтің екі негізгі бағытын көздейді:
біріншісі — бақылау (мониторинг), екіншісі — басқару (табиғатты қорғауды реттеудің экономикалық шаралары). Осы қызметті планеталық масштабта қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттердің тығыз байланысысыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл экологиялық проблематиканың бірнеше ерекшеліктерімен байланысты.
ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.
ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:
Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.
Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.
Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.
Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:
Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.
Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.
Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.
Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.
Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.
8 қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының тізімі
Жасыл әлем
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры
ЮНЕП
Дүниежүзілік табиғат ұйымы
Табиғатты қорғау (TNC)
Earth International
Жердегі әрекет
Climate Group
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет