Пальчики ее руки
Проволохочки- стерженьки.
В самоцветах перстеньки.
«Орта бойлы дембелшені» аудармашы «Роста среднего она, коренастенька» деп екі жолмен берген. Н.Ожегов сөздігінде “коренастый — шымыр денелі, аласа бойлы, кең иықты адам” деп берілген. Аудармашы камзолының алтын түснен зерленіп, ою-өрнекпен әшекеленгенін екенін дәл жеткізген. Көзінің шарасы түпнұсқада «алтын шыны кеседей» делінсе, аудармашы «қымбат форфор, алтын жалатылған кесе» деп тәржімалаған. Әдетте көздің шарасының әдемілігі, ойнақылығы, жадырауы, құбылуы – алтын шыны кесеге түскен күн сәулесі жалтылдауымен астастырылады. Осы бейнелілік аудармада бар бояумен бедерленбеген.
Бейіштен жанған шамшырақ, көзінің гауһар қарасы – қандай керемет теңеу. Ұлттық поэзиямыздың, халықтық қазынамыздың осындай ғажайып бейнеліліктері, таңдай қақтырар теңеулері тосын да тамаша. Аудармада осы екі жол
«Свет брильянтовых зрачков,
Райских светочей ярчей»
деп жеткізіліпті. Соңғы жолды басқаша аудару жөн тәрізді. Орысша мәтінде екі қастың ораққа, айға қатар теңелуі аздай, аудармашы оны қара бояумен (тушьпен) екі арасын қосып қойған. Бұдан гөрі жаңадан туылған айдай иіліп тұрған әдемілігін беру дұрыс еді. Ал саусақтарының «проволочки-стерженький» деп теңелуі он саусақтың саласының сымға тартқан күмістей түзу де нәзік, сүйкімді де сүйрік сипатын сезіндірте алмайды. Дегенмен, аудармашы ару келбет-көркін жеткізуде біраз ізденген.
Алайда аудармашы үшінші қыз көркін бірден бесінші қыздың келбет-жүзінің суреттелуіне ауыстырған.
«Сексен түйе үстінде,
Алтынды жодан орнаған»
деген жол:
«два белокошомных нес,
Чемодана – чемодан.
Каждый был золототкан» —
деп бейнелеген. Чемодан ол кезде болмаған, сандық, кебеже т.б. болғанын ескермеген.
Қыз сұлулығы лироэпоста былай суреттелген:
Ақ бетінде кірші жоқ,
Айдын көлдің қуындай.
Екі көзі жалтылдайт,
Патшаның алтын туындай.
Сөйлеген сөзі мазалы,
Әпзәмзәмнің суындай
Аузынан шыққан лебізі –
Сары алтынның буындай.
Орысшасы:
Схожа с лебедом она,
Что озерной гладью вод,
Как по зеркалью плывет.
А в глаза ее взгляни;
Вспыхивають в них огни
Золотым флажком сродни,
И себе влекнут они
Речь ее чиста, звонко,
Словно струи родника
Аудармашы көлдегі айдын су деп жеткізумен бірге «Как по зеркалью плывет» деген жолды өз ойынан қосып, бейнелілікті үстемелеуді көздесе керек. Өйткені айдын көл поэтикалық көркемдеуде айнаға да теңеледі. Сөйлеген сөзін таза, сыңғырлаған бұлақ ағысына теңеуі де жарасымды. Арулардың әсем көркін, сұлулығын динамикалық қуатпен, бейнелік үлгісінде суреттеген эпоста шешесінің келбет-көркімен салыстыра суреттеудің сырлы сипаты «Анасын көр де, қызын ал» дегенді меңгергендей. Жібектен бұрын анасының сұлулығы айшықтала таныстырылады. Жібектің дидарын сипаттауға келгенде, сұлулықтың асқақ үлгісімен жүздестіреді.
«Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап»
деген жолдар орысша нұсқада:
Лоб ее светел, чист,
Огонь ее глаз лучист – деп тәржімаланып, түпнұсқамен пара-пар шыққан. Мұндай сәтті жолдар аудармада аз емес. Келесі жолдар:
Көз сипатын қарасаң —
Нұр қызының шырағы.
Дүр гауһар сырғасын,
Көтере алмай тұр құлағы.
Орысшасы:
Топазы – во взорах Жибек,
Алмазы – в подборах Жибек!
В гребне ее золотом
Мерцает большой амметист,
Трудно держать ушам,
Бриллианты ее серег.
Бұл тұста аудармашы түпнұсқадан ауытқыған. Бірақ қазақ қыздарының небір асыл тастан мойынына алқа, шашына шолпы тағынып, саусағына сақина салған, барлық сәндік бұйымдарын сірә музейден, не эрмитаждан көрген болар. Дегенімен «көз сипатының нұр қызының шырағына» теңелуін жеткізуге қиналса керек. Содан болар, бұғағы да, құлағы да небір асыл тастардан жасалған алқа, моншақ т.б. сәндік дүниелерге толы дегенді аңғартқандай.
Жырда сипатталған Жібектің өзгеден ерек, дара сұлулығы, ғажайып көркі – фольклорлық қазынамыздағы аса қадірлі құндылық. Сөзбен салынған ару дидарының тамсантар, таңғалдырар сұлулығы.
Қыз Жібектің ақтығы.
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетің қызылы.
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары,
Жазғы түскен сағымдай.
Эпоста жырланған Жібектің ғажайып сұлулығына қатты елтіген аудармашы өзінің ойынан теңеулер қосқан. Бұл, сірә, қазақ эпосының ғажайып құдыреті болар. Салыстыралық:
Тюльпаном алым цветет,
Улыбчивые губы ее.
Как сахар, зубы ее,
Белое тело ее —
Как чистый, пушистый снег.
Как белой курочки кровь —
Румянец лица Жибек.
Қыз Жібектің ақтығының наурыздың таза, майда ақ қарына теңелуін аудармашы аңғармаған. Көктемгі көк шыққан кезде жауған, майда ұлпа қар екенін ойға алмаған. Жырдағы:
«Нұр тұқымын еккендей
Екі ауыз сөз сөйлескен.
Мұратына жеткендей»
деген шумақ орысшасы:
Кто слово услышит ее,
Забыть не сможет вовек.
Аудармашы жыр соңында қалыпты буын, бунақ, ырғақ өлшемін өзгертіп, өзіндік аудару үлгісін сақтап отырған. Жырдың аяқталуында қыз Жібектің Сансызбаймен қосылған тойымен ғана тәмамдалмайды, халық Жібектің сұлулығына, жербетіндегі бірден бір хор қызы екеніне там санын, таңдануымен қортындыланады. Жырдың үздік көркемдік үлгісі – арулар дидарының айшықты суреттелуі аудармада дәл түпнұсқадағыдай шықпаған. Бұған жолма-жол аударма кінәлі емес. Аудармашы қазақ тілін білгенде ғой, осынау ұлттық лироэпостық идеялық мұратына, эстетикалық әлеміне терең бойлап, бай тілмен, әдемі теңеулері, көркемдік бейнелеулерімен шебер тәржімалағанда, бүгіндері дүние жүзі оқырмандары тамсана оқып, рухани ләззат алатын бірден-бір мұра болар еді-ау.
Қорыта келе, аударма жолма-жолдық нұсқадан жасалғанымен, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, біршама жақсы шыққан. Аудармашы түпнұсқаға жақындыққа ұмтылыс жасаған. Лироэпостың ешқандай қайталанбас эстетикалық әлемі, көште кетіп бара жатқан 12 арудың бір-бірінен әсіреленіп, асқақтата суреттелген сұлулығын, жандүниесінің пәктігін жеткізген теңеулерге тұнған жыр шумақтарын аудармашы кей тұста сақтағанымен, кей тұста өзіндік еркіндікке барған. Аудармашының «Қыз Жібекті» аудара отырып, ондағы сұлулық әлеміне еріксіз елтіп кеткені де байқалады. Оның айғағы – жыр соңындағы өз ойынан қосқан жолдар. Орын алған кемшіліктер тілді білмеуден, оның үстіне, аударма жасалғаннан кейін, оны дер кезінде талдап, жетістігін бағалап, кемшіліктерін, қайта түзетіп, кейбір текстологиялық сараптаулар жасап шығудың сол кезде іс-тәжірибесінің бізде қалыптаспауынан. Егер тіл мамандары, әдебиетші-ғалымдар араласса, бұдан да жақсы, тіпті нағыз түпнұсқаға жақын тәржіма болар еді. Мұның өзі аударма-зерттеу ісінің кенжелеп қалуынан әрі сол кездегі идеологияға сай сынның әлсіздігінен туған жай. Сонан соң, аударма табиғатына, тағдырына жанашыр әдебиетші, филолог мамандар қатысқанда аударма айы оңынан туар еді. Фольклордан басқада қазақ көркем аударма-шығармаларының сапасыз, солғын, немқұрайды жасалуының да бір себебі осында. Өйткені, өзге елдер сыншы-зерттеушілері ұлт әдебиетінің аудармасына аянбай атсалысқан, батыл ой-пікірлер айтып, дұрыс бағыты-бағдар нұсқап отырған.
«Қыз Жібектің» жаңа аудармасын ақын-аудармашы Б.Қанапиянов жасады. Біз оны Пеньковский нұсқасымен салыстыра сараптап шыққанда байқағанымыз, ұлттық лироэпосты тәржімалауда аудармашы дәлдікті көздегенмен, кей тұста көркемдікті солғындатып алған. Алғашқы аударма нұсқаның кейбір кемшіліктерін түзегенімен, фольклор аудармасындағы тәжірибесі жетіспеген. Ең бастысы, фольклордағы портреттік бейнелеулердің ғажайып үлгісі ұлттық тіл байлығына теңесер поэтикалық көркем тілмен қайталанып жеткізілген де ғана ол өз құндылығын сақтаған. Б.Қанапиянов аударған “Қыз Жібек” нұсқасы — алдағы талдау нысаны.
“Қыз Жібек” лироэпосының басқа фольклорлық шығармалардан айырмашылығы.
Л.Пеньковский аудармасына сипаттама. Аудармашылық ізденістер мен кемшіліктерді саралау.
Түпнұсқа мен аударма арасынадағы семантиалық, стилистикалық, лингвистикалық, эстетикалық қатынас.
Фольклор шығармаларының тілі, поэтикасы, эстетикасы және аударылу сипаты.
Достарыңызбен бөлісу: |