(әңгіме)
Анасы: Қап, ұмытып кетіппінау!.. Зәукен, тез Нағима апаңның үйінен тұз әкеле қойшы!..
Баласы: «Жарайды», – деп тұра жөнелді.
Анасы әрі күтті, бері күтті. Шыдамы таусылып, анасы далаға шықты. Зәукен қарсы жолықты.
Анасы: Тұз қайда?
Баласы: Апатай, ұмытып кетіппін... – деді де қайта жүгірді.
Үйдің алдында Зәукеннің анасымен қарт кісі кездесіп қалып еді.
Қарт: Зәукен үштөрт күннен бері сөйлемей тұрған радиомды жөндеп берді. Ой, азамат екен өзі!..
Көрші апа да: Біздің Зәукеннің қолынан бәрі келеді, алтын бала! – деп мақтай кетті.
Зәукеннің анасы тұзды әкеліп қолына ұстата салған баласына мейірлене қарады.