Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтады.
Екі есігі бірден ашылды. Алдыңғы есіктен апам екеуміз ішке кірдік.
Мұнда отырыңыз, – деп менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
Рақмет, балалар, – деді анам отырып жатып.
Апа, рақметті не үшін айттыңыз?
Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол, балам.
Әбді Шынбатыров
ТӨЛДЕР АйТЫСЫ
(ертегі)
Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» – деп бірбірінен сұрастырды.
Сонда лақ тұрып:
Мә ә, мә ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдала нады, – деді.
Сонда құлын бір кісінеп алды да:
Лақ, сен орынсыз мақтанба. Бізден қазықарта, шұжық, қымыз алады. Адамның мініс көлігі де біз, – дейді.
Бұзау тұрып:
Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелекшелек сүт, қарынқарын май, ірімшік алады. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ, – десе, қошақан тұрып:
Сендер босқа мақтанасыңдар, ием мені жақсы көреді. Адам киетін киімкешекке қажетті маталар, үйдегі төсеніш біздің жүнімізден жасалады, бізден пайдалысы жоқ, – дейді.
Бота тұрып:
Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы. Оған еш нәрсе жетпейді, – дейді.
Осы кезде адам:
Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.
Достарыңызбен бөлісу: |