Талқылау:
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар.
–
Өлең қалай аталады?
–
Өлең сендерге ұнады ма?
– «Ұлағатты» атанған қай мамандық иесі деп ойлайсыңдар?
– «Бармағынан бал тамған» деп кімдерді айтамыз?
– Мамандық иелері кім үшін еңбектенеді?
– Тағы қандай мамандықтарды білесіңдер?
– Сенің кім болғың келеді?
Сергіту сәті.
(Т) Саусақ жаттығуы:
Тас қалаушы жарайды,
Қабырғасын үйдің қалайды,
(оң қолды сол қолдың үстіне, сол қолды оң қолдың үстіне қойып,
осылайша жоғары көтерілеміз)
Сырлаушы боп мен енді,
(босаңсыған қол білезігін жоғары-төмен
сермеу)
Сырладым төбе, еденді.
(төбені, еденді сырлаймыз)
Мен электршішам жаққыш, (
сөндіргішті басып, жарықты
өшіреміз)
Бұрап шамды жақтым
. (шамды бұраймыз – оң қолдың білезігін
айналдырамыз)
Жаңа үйге кір көшіп,
(екі алақанды бір-біріне түйістіріп, үй жасау)
Бақытты өмір жүр кешіп.
(қолдарын екі жаққа созу)
Өлеңнің мазмұнын балалар естеріне сақтау үшін педагог екінші
қайтара оқып береді.
Балаларға өлеңді жатқа айтуды ұсынады. (34 балаға).
Достарыңызбен бөлісу: |