Көркем әдебиет стилі Талдау Мұқағали Мақатаев «Үнсіздік»



бет2/4
Дата15.12.2021
өлшемі15,09 Kb.
#100798
1   2   3   4
Байланысты:
Асан Гүлбар Талдау. (1)

Ауызекі сөйлеу стилі

Қ.Ысқақов «Ақсу – жер жаннаты» деген романында кейіпкерлерінің аузына әкри, шорту сияқты одағай іспеттес ауызекі элементтерден бастап, бет-мордасы (бет-әлпеті дегеннің орнына), түйекөтен (помидор), қотқа жүрмейді, ассалау деген әдеби нормадан тыс элементтерді, сондай-ақ қарапайым мәндегі фразеологизмдерді (ит жанды, ит жоқта шошқа үреді), дөрекі сөздерді (малғұн, жемтік, тыраштанып) салады. Бұл сөздердің бірқатары тұлғасын өзгертіп, кекесінмен, мысқылмен қолданылған, өйткені шығарма юмормен жазылған дүние, сондықтан стильдік мақсатта жұмсалған әрі эмоционалдық-экспрессивтік бояуы қалың тілдік ерекшеліктер болып саналады.

Төмендегі үзінділерден ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктерді анық аңғаруға болады:

Дәт ақсақал:

Бөтен жақтың аты-жөніңді білмес, ажарыңды танымас адамымен кәйтіп саудаласып, қол соғысып жүресін, Мағаш шырақ. Жасың кіші інім екен екенсің, Абайдың баласына базардан ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұ яқтағы ел де Абайдың елі. Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып табамыз. Жүрелі! – деп Мағаштар жатқан Әбсәметтің үйіне әкелген.



Жамбыл Мағаш бәйгіге қосқан Торжорғаға сүйсініп:

Табанынан жарылған жануар-ай! – деп екі қолын жұдырығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! Алматының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама, әкем тегі. Әмісе жолың боғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң да жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, Мағаш мырза! (М.Әуезов). Осы үзінділерде жазушы жергілікті сөйлеу тілінің ерекшеліктерін Дәт, Жамбыл сияқты кейіпкерлердің тілінде стильдік мақсатпен орынды пайдаланған.



Бұл мысал арқылы ауызекі сөйлеуде ойдың қысқа, тұжырымды болуы грамматикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты (толымсыз, жалаң сөйлемдер, эмоциялы жай-күйді жеткізуде лепті, сұраулы сөйлемдер жиі қолданылғаны байқалады. Сөз қайталау тәсілі бар, сөйлем мүшелері инверсияланып жұмсалады, кейбір морфологиялық тұлғалар ықшамдалып беріледі (кеп, боп, келгесін…). Ойдың әсерлі жұмсалуының да шарттары ауызекі тілде жүзеге асады: эмоциональды-экспрессивті реңдегі сөздер, сөйлеу сипатындағы фразеологизмдер, қарапайым сөздер де жұмсалады. Бұл мысалда ауызекі сөйлеу стилінің элементтері басқа стиль түрлерінде мақсатқа сай қолданыла береді. Әсіресе, көркем әдебиет стилінде кейіпкерлер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына, мақсатына орай авторлық баяндауда да қолданыла береді.

Талдау:

1.Қарым-қатынас аясы – адамдармен еркін әңгімелесу жағдайында, таныс ортада.

2.Қарым-қатынас мақсаты: өзара тілдесу

3.Стильдік сипаты: бейресмилігі, сөйлеу еркіндігі, айтушы эмоциясының басымдығы.

4.Тілдік құралдары: бет-мордасы (бет-әлпеті дегеннің орнына), түйекөтен (помидор), қотқа жүрмейді, ассалау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет