Көркемдегіш құралдар стилистикасы



бет6/7
Дата20.11.2023
өлшемі5,13 Mb.
#192436
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
троп түрлері

Бүркенді шарбы бұлтты
Ауыл түгел маужырап,
Әйнектер көзін жұмыпты
Бұлт бүркеніп ұйықтапты ай,
Кетіпті қалғып сар дала.
Біреуін жастық ұйықтатпай,
Біреуін қарттық ұйықтатпай,
Ояу екі жан ғана [Ә.К.,21 б.].

Жоғарыдағы өлең шумақтарындағы «ауыл түгел» - адамдар , «әйнектер көзінжұмыпты» - адамдардың ұйықтағаның, «екі жан» - кәрілік пен жастықтың мағынасында бейнелеп , мегзеп тұр.
Мысалдар
Әй, дударбас! Әй қисық! Әй, түлкі тымақ, сен берірек келші...
Бұл мысалдардағы – дударбас, қисық, түлкі тымақ сөз тіркесі, сөздері адамға қомсыну, қылжақтау, әзілдеу мағынасында қойылған синекдоха түріндегі қосымша есімдер.
Мысалдар
Алдыңғы сөйлемде Қарашоқыны емес, сол жерде өлтірілген Қодарды қайтесің деген мағына берілген. Сондай-ақ қостың абыройы, Бөкенші, Борсақ деген жеке сөз тіркесі мен жалкы есім-дер де осындай ауыс мағынада қысқа қайырылған, яғни соңғы екі мысалда әңгіме қостың өзі туралы емес, онда тұратын адамдардың абыройы жөнінде және Борсақ, Бөкенші руларының адамдары жайында болады.
.. .Құнын айтпаймын. Бірақ, Қарашоқыны қайтесің? Ол мына баланың сыбағасы емес пе еді? (М. Әуезов). Қарашолақпен алғаш тоғысқан жерде тайталаста, біздің қостың абыройын айрандай төк-ті-ау (сонда). Амандаса келген, қайырлы болсын айта келген Бай-сал, Құлыншақ дәл бүгінгі күн амандасу емес, Бөкенші, Борсаққа қыр көрсете келіп тұр (сонда).
Әсірелеу
(гипербола)
ӘСІРЕЛЕУ, гипербола — (грекше һурегһоіе — күшейту) — әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Әдеби тілдің көркемдігін ғана емес, бейнелілігін, әсерлілігін арттырып, құбылтудың бір түрі. Көне эпостық жырларда, фольклорлық туындыларда жиі кездеседі.
Мысалдар
деген ұлғайтуларда аттың шабысын ақылға сыймайтын әлдебір қиял-ғажайып құбылысқа айналдырып, оқырманды оқыс елең еткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет