Тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
Көрнекі –құралдар: интер. тақта, суреттер, көрініс
1. Шаттық шеңбері
- Қуанамын менде , Қуанасың сенде.
- Қуанайық бәріміз,Арайлап атқан күнгеІ
2.Топтарға бөлу
3. Бейнебаян
Кіріспе (әңгіме)
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
- Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
- Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
4. Мәтінмен жұмыс
Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.
/ Мәтінді аяқтау тапсырылады./
өзінің қолын көрсетіп. Бұл қол да – менің жазықты болған әкемнің қолы. Бірақ бұл қолмен бала шағасын асырауға шамасы келмейді. Тақсыр, осы нашар қолды кесіп, жұмысқа жарамды, бала – шағасын асырайтын қолын әкеме қалдыруға бұйрық беріңіз.
Патша қыздың әкесіне деген мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешіпті.
5.Суретпен жұмыс Топтарға суреттер беріледі.
I топ II топ III топ
I топ. Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
II топ. Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің?
III топ. Айналамыздағы қоршаған орта мен құстарға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар
6. Көрініс. Әдебиеттік оқу «Азаттық жолында» мәтінінен үзінді:
- Құлыным, ұлым!
- Анам! Сорлы анам!
- Сені де көретін күн бар екен-ау!
Қарауыл: - Тездетіңдер! Уақыт аз қалды.
-Уақыт аз қапты, апа! Мен үшін қайғырып ,жүдеме! Нар тәуекел.Жақында қасымдағы бір жолдасым абақтыдан шығады,бәрін сол айтады.
-Балам, ұлым ! Жалғыз қалдым ғой,ауылда қатынасатын адам да қалмады. Жалғыздықтан әбден шаршадым.
Қарауыл: - Болды жүр, түс алдыға!
-Қош, анам қош!
-Ұлым !Балам! Жалғызым! (Анасы,тізерлеп отырып қалады)
7. Ән. « Жан ана»
8.Топтық жұмыс
Қызыл - «Ана» мақал – мәтел Жасыл түс - эссе жазу Сары – өлең шығару
9.Ойын «Мейірімділік жібі»
(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын мұғалімге беріп, өз тілегін айтады)
- Күлімдеген- күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді
- Таза мөлдір су – мейірімді !
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен достарым мейірімді!
- Егіні мол жер мейірімді!
- Қамқор апам мен ағам мейірімді!
-Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз.
Хормен: Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.
10. Қорытынды. Мейірімділік ағашы. Балалар, мейірімділік туралы жақсы сөздерді стикерлерге жазып, ағашты жапырақтарға толтырайық!
Достарыңызбен бөлісу: |