Тіл – ұлттың жаны
Мақсаты:
Балалар арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру , мемлекеттікм тілді құрметтеуге баулу;
Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілініңи ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру;
Тіл әуезділігін , көркемдігін, байлығын , шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал – мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын , ой – өрісін дамыту.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, суреттер, гүлдер, буклеттер.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар , балалар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып біекітілді. ҚР «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі –тіл, бірі – дінің жүректегі», -деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай , кез келген мемлекеттің , елдің ең негізгі рәмізі де , ұраны да , тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.Біздің Отанымыз – Қазақстан . Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы , Әнұрандары бар.Сонымен қатар өз тілі бар .
Жүргізуші: Асыл тастан ,өнер жастан шығады деп дарынды,
«Халық айтса қалып айтпайды», әрқашан да нанымды, -дей келе , сайыскерлерімізді бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Сонымен сайысымызға кезек берсек:
Кім біледі, өнерпаз, білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Әділ қазылар алқасына тек әділдікті ,
Сайыскерлерге сәттілік тілейікші, - деп сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
1)Таныстыру ;
2)Сол халықтың ұлттық киім кию үллгілері;
3)Ұлттық билер;
4)Салт – дәтүрлер.
Жүргізуші:
Қазақтың өнерлі ғой бар баласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Жүзден бір , мыңнан озық жүйріктерді,
Таныстыру – бұл сайыстың бастамасы.
Жүргізуші:
Ана тілі – ар тілім,
Жанардағы жарқылым.
Жүрегіімде сақталған,
Ән- жыры боп халқымнаң.
«Қазақ елі» әні орындалады.
Жүргізуші:Біздің мемлекет – көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады . Әр ұлттың өзіне тән ата дәсүрі , ана тілі бар. Әрбір өзіне – өзі сыйлайтын ұлт өз болмысын сақтай отырып , өзге өзіндік қажеттіліктеріне құрметпен қарайды. Оған дәлел, басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеу, қазақша ой ойлауы. «Ұлтым орыс болса да,мен – қазақтың бір қызымын. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап , қазақша жазамын. Мен Қазақстанда тұрып, сол мемлекеттің тілін білгенімді өзіме зор тмәртебе снаймын»,- деген қызымызды қарыс алыңыздыр!
Жүргізуші:Келесі кезекті «Ұлттық киім үлгілеріне » береміз.
Жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілің білмеу қандай заңдылық ?
Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
«Қазақ тілі» әні орындалады.
Жүргізуші:
Өнер деп соққан жүрегі,
Өнерлі өрге жүзеді.
Келесі кезекте «Әр халықтың ұлттық билері».
Жүргізуші:
Тағдырыңды тармақсыздық індетіне қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да.
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбыны.
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүрі , салт – санасы – тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы! –дейді Мұхтар Шаханов.
Тілді, тарихты, салт – дәстүрді ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып сақтау- қасиетті борышымыз. Олай болса , әр ұлттың салт - дәстүрін тамашалайық!
Жүргізуші: Мен қазақпын , мың өліп , мың тірілген,
Құшақ жайып қарсы алдым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен .
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды , тарихымызды ұмыту», - деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік! Мемілекеттік тілде көп оқып , бір – бірімізбен қазақша сөйлесейік!
Достарыңызбен бөлісу: |