Көрнекілігі: Мамандық жайлы суреттер, нақыл сөздер. Түрі: кездесу кеші. Барысы: Ұйымдастыру. Ән «Ұстазым» І жүргізуші: «Алуан-алуан кәсіп бар, Таңдай біл де талап қыл»



бет3/5
Дата20.07.2020
өлшемі17,93 Kb.
#63395
1   2   3   4   5
І жүргізуші: «Мың түрлі мамандық бар»- атты кешімізді «Жаса, Қазақстан» әнімен бастағалы отырмыз. Орындайтын 9-сынып оқушысы Сайынова Айтолқын

ІІ жүргізуші: Басың көкке жетсін десең, армандап,

Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап,-

дегендей ауылымыздағы өз мамандығын жақсы игерген ,әр түрлі мамандық иелері арамызға келіп отыр, енді өздеріңді ойландырып жүрген сұрақтарыңызды осы кісілерге қоюларыңызға болады.


  1. Мамандықты өз жүрек қалауларыңызбен таңдадыңыздар ма?

  2. Осы мамандықты таңдағаныңызға өкінген кездеріңіз болды ма?

  3. Қайта мамандық таңдаудың реті келсе қай мамандықты таңдар едіңіз?

  4. Қиналған кездеріңіз болды ма?

  5. Қазіргі заманда қандай мамандықтар таңдаған дұрыс деп ойлайсыз?

  6. Балаларыңыздың қай мамандықты таңдағанын қалар едіңіз?Балаларыңыздың өз жолыңызды қуғанын қалар ма едіңіз?

ІІ жүргізуші: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан- деп Абай атамыз айтқандай биыл біздің мектебімізді 17 түлек бітіріп, болашақта өмірден өз орындарын, қалаған мамандықтарын таңдағалы отыр. Осы мәселені жүйелі түрде ойланып,өзімізге не қажет екенін бүгін бірлесе отырып шешейік. Онда 11- сынып оқушыларына кезек беріп, өздері қалаған мамандықтары жайлы ой-пікірін тыңдасақ.


11- сыныптар сөйлейді. Оқушылардың өз қалаған мамандықтары жайлы ой-пікірлерін тыңдау.

І жүргізуші: Мамандық бар таңдай білсең сан қырлы

Айтып берер әңгіме қып тартымды

Сөз береміз осы кеште құрметпен

Мамандықтың иесіне сан қырлы,- дей отырып, бүгін арамызға



келіп отырған қонақтарға сөз берсек.Өз мамандықтарының қыр-сыры жайлы айтып өтсе және осы оқушылардың таңдаған мамандықтары туралы не айтар едіңіздер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет