Көрнекілік: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері. Ойын шарты



бет6/17
Дата05.10.2022
өлшемі153 Kb.
#151758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
12.Дидактикалық ойындар-1
Лазиз2
«Тиісті торға орналастыр» №16


Мақсаты: антоним сөздері туралы түсінік қалыптастыру.
Заттың көлеміне қарап, салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы
аңдар мен үй жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап, әр түрлі
торларға орналастыру, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: торлар, әр түрлі жануарлардың суреттері.
Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торларға орналастыру қажет.
Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін т.б. кіші торға орналастыруы керек.
Бала неліктен сай орналастырғанын, яғни үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастыру себебін түсіндіреді.
Жануарлар туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, өлеңдерін айтады.

«Үй жануарлары» №17
Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын айтқызып, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үй жануарларының, төлдердің суреттері.
Ойын шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі.
Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады.
Сонымен бірге олардың дене мүшелерін де ататып,үй жануарлары туралы балалардың білетін жұмбақтарын шешкізеді.
Неге үй жануаллары?- деп аталатының айтқызады.
Қой атасын не дейміз?...
Түйе атасын не дейміз?
Сиыр атасын не дейміз?
Жылқы атасын не дейміз?


«Қысқы тіршілік» №18


Мақсаты: қыстап қалатын құстардың жеке атауын ататып, оларды
ажырата білуге үйрету.Сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: қысқы орман көрінісі, құстар суреті.
Ойын шарты: балалар жалпы құстардың ішінен қыстап қалатын
құстардың аттарын жеке- жеке атап, оларды тауып, орман ағаштарына орналастырады.
Ол құстардың қалай дыбыстайтынын ажыратады.
Қыстап қалатын құстар тіршілігі туралы ойларын айтады..
Қыстап қалатын құстарға қандай қамқорлық жасауға болатынын айтады.
Мақал- мәтел, жұмбақ шешкізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет