Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Сауытбек Абдрахмановтың саяси публицистикасы



бет19/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Сауытбек Абдрахмановтың саяси публицистикасы.

Қаламгердің болмысы мен шығармашылығы жөнінде Әбіш Кекілбаев: «Мансап қумады, мақсат қуды. Мақсаты – енді ел болмақ халқына қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да қалтқысыз қолғабыс ету еді. Сол жолда ол майлық та бола білді, сулық та бола білді. Пысықтық пен пасықтыққа ырық бермей, бүтіндік пен түгелдікке қызмет етуде табандылық таныта алды» дейді.
Қазіргі тарихи таңдаулар кезінде ат жалынан тартып мініп, азамат болған Сауытбектің әрқилы тақырыптағы көсемсөздерінде де, әдеби-ғылыми мақалаларында да сол жас кездегі қаяусыз арманға деген қалтқысыз адалдықты аңғарамыз. Кежегені кейін тартқызар рухани енжарлық пен кердеңдіктің емес, іргелі талапты өрге сүйрер рухани ізгілік пен парасаттылықтың сөзін сөйлеп келеді» деп пікір білдіреді. Шын мәнінде де, жұртшылықтың Сaуытбек Aбдрaхмaновты көрнекті ғaлым, сұңғылa зерттеуші, қaлaмы қaпысыз қимыл үстінде отырaтын журнaлист ретінде танығанына көп болды. Ең бaстысы қаламгер еңбегінің бaрыншa жaрқырaй көрініп, көріктене келбет aшa түсуі «Егемен Қaзaқстaн» гaзетінің еліміздегі ең беделді, aузы дуaлы, сөзі уәлі бaсылымғa aйнaлуымен еншілестіре қaрaуғa жетелейді.
2001-2010 жылдар аралығында қаламгерлік сапарлармен әлемнің көптеген елдерін аралай жүріп, өзі куә болған мемлекетіміздің сыртқы саяси қызметіндегі ірі оқиғалар жайлы «Егемен Қазақстанда» жарияланған сапарнамалары мен сұхбаттарын топтастырып, «Қашаған құрыштаған Қазақстан» деген атпен оқырманға ұсынды. Көзге көрінетін көлемді еңбек, бірден қызығушылық туғызды. Халық өз бағасын берді. Кітaптың өн бойындa aвтордың зaмaн, қоғaм, aдaм, ел, хaлық турaлы ойлaры өріліп отырды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қасым-Жомарт Тоқаев кітапқа жазған алғысөзінде былай деді:
«Қазақ журналистикасының танымал тарланы, белгілі ғалым және көркем әдебиеттің зерттеушісі Сауытбек Абдрахмановтың қаламынан шыққан әрбір туынды – бұл, ақиқатын айтқанда, біздің еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі оқиғалық құбылыс. Сіздің назарыңызға ұсынылып отырған қaлaмгерлік, қaйрaткерлік сaпaрлaрмен әлемнің елуден aстaм елін aрaлaғaн, көптеген оқиғaлaрғa куә болғaн көрнекті публицист, филология ғылымдaрының докторы Сауытбек Абдрахмановтың жаңа кітабы да сол қатардан екендігі анық.
Жіті көзқарасқа, жан-жақты дүниепайымға, талдамашылық ой сараптауға және, әлбетте, ұшқыр қаламға ие ол кәнігі жолбасшы секілді бізді аса күрделі проблематикаға толы халықаралық қатынастардың ну жынысы арасында нық сеніммен бастай жөнеледі. Сауытбек Абдрахмановтың кітабын оқыған оқырман, мейлі ол студент, ғалым немесе мемлекеттік қызметші болсын, біздің қарама-қайшылықты әлеміміз немен тыныстап, қандай қиындықтарды еңсеруге жұмылып жатқанынан, қай тұрғыдағы сынақтарды жеңуге ұмтылыс танытқанынан толық түсінік алады. Және ең бастысы – оқырманның көз алдында біздің мемлекеттің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған оның халықаралық қызметінің тұтас бір картинасы пайда болады.
Жинақта Елбасымыздың әлемдік саясаттың саңлағы ретіндегі биік бейнесі сомдалған. Автордың қай оқиғаны жазса да оның тарихи мән-маңызын жеріне жеткізе айтатынына, сол істің бастауында тұрған адамның қадір-қасиетін айқара ашатынына бір мысал ретінде еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығына сайланғанына орай жазылған «ЕҚЫҰ» деген мақаласынан үзінді келтірейін: Ол күні кешегі кеңестік кеңістіктен шыққан мемлекеттердің еуропалық үлгі-қалыптарға да сай келетін демократия құруға шындап кіріскендігі, сол жолда толымды табыстарға қол жеткізгендігі алғаш рет ресми мойындалды, құжат түрінде танылды. Ол күні Қазақ елі жаңа сапалық белеске ауысты – біздің мемлекетіміз ендігі жерде әлемдік саясаттың бұрынғыдай сырттай бақылаушысы, қазіргідей қатысушысы қалпынан сол саясатты қалыптастырушы, айқындаушы мемлекеттердің қатарына қосылды».
Автордың көркемдік шеберлігі жөнінде Мырзатай Жолдасбеков былай деп ой қорытады: «Егемен Қазақстан» Сауытбектің басшылығымен тәуелсіздіктің жаршысына, еліміздегі ынтымақ-берекенің ұйытқысына, жақсылық пен кісіліктің ортасына айналды. Газеттің абыройы асты, беделі өсті. Халыққа кең тарағаны сол, жазылым тиражының өзі 170 мыңның үстіне шықты. Газеттің әрбір санын оқырман асыға күтеді. Сөйтіп, Сауытбек пен «Егемен Қазақстан» егіз ұғымға айналды.
Елдікті, кеңдікті, тереңдікті, ұлтжандылықты тереңнен қозғап жазып келе жатқан ойшылдығына, ізденімпаздығына тәнтімін.
Сауытбектің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалалары мен сұхбаттарының дені мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы әлемдік қауымдастықты елең еткізер ірі оқиғаларға арналған.
Сауытбектің ел ісіне, әлемдік саясатқа қатысты мақалаларын оқыған көзі қарақты қауым – біздің қарама-қайшылықты әлеміміздің немен тыныстап, қандай қиындықты еңсеріп жатқанынан хабардар болады. Қай тұрғыдағы сын сабақты жеңуге ұмтылыс жасағанымызды біле түседі. Мемлекетіміздің ішкі-сыртқы саясаттағы қол жеткізген жетістіктеріне көз жіберіп, көңілі тиянақтайды.
Сауытбек шығармашылығының өзекті арнасын – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мемлекеттігімізді қалыптастыру, оны орнықтыру, баянды ету жолындағы орасан еңбегін кең, ашып жазған еңбектері, сұхбаттары құрайды. Ішкі тұрақтылыққа, сыртқы сарабдал саясатқа, дамудың әлеуметтік іргесінің беріктігіне қол жеткізген, экономикамыздың еңсесін тіктеген Елбасының өлшеусіз үлесін жіктеп, жіліктеп береді. Оның тәуелсіздік жылдарында жариялаған еңбектерін оқыған оқырманның көз алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жанкешті еңбегі мен оның халықаралық саясаттағы рөлін айшықтайтын тұтас бір картина пайда болады.
Сауытбек қай оқиғаны жазса да, оның тарихи маңызын жеріне жеткізе айтып, сол істің бастауында тұрған адамның қадір-қасиеті мен азаматтық позициясын нақтылап ашуға күш салады. Ол өзінің 2001-2011 жылдар аралығындағы еліміздегі айтулы оқиғалар туралы, әлемдік саясаттағы Қазақстанның алатын орнын қозғаған мақалалары мен сұхбаттарында айтулы жетістіктеріміздің бәрі де Елбасы еңбегінің жемісі екендігін айқын дәлелдейді.
Оқып отырып, өткен ғасырларға, алыс елге саяхат жасайсың, оқырмандық ләззатқа бөленесің.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет