Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Қазақ баспасөзіндегі ұтымды айдарлар мен тұрақты беттер



бет23/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Қазақ баспасөзіндегі ұтымды айдарлар мен тұрақты беттер.

ХХ ғасырдың басында арнайы салалық басылымдар көптеп шығып тұрды. Мәселен, «Қазақстан мектебі» - ҚазССР оқу министрлігінің ғылыми-педагогикалық журналы 1925 жылдың тамыз айынан бастап, ай сайын шығып тұрған. 1925-1933 жылдары «Жаңа мектеп», 1933-1938 жылдары «Ауыл мұғалімі», 1939-1941 жылдары. және 1946-1956 жылдары «Халық мұғалімі» деп аталған. 1960 жылдан бастап «Қазақстан мектебі» болып шыға бастайды. «Қазақстан мұғалімі» – апталық газет, ҚазССР оқу министрлігінің, ағарту, жоғары мектеп және ғылым мекемелер қызметкерлері кәсіп одағы республикалық комитеттің органы ретінде 1952 жылы қарашадан шығып тұрған. «Бастауыш мектеп» – ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. Алғашқы кезде «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде шыққан, кейіннен 1994 жылдан дербес басылым ретінде жарық көреді. Ұлттық мәдениетті насихаттаудағы үрдіс 1950-1960 жылдардан бастап қайта белең ала бастады. Қазақ баспасөзінде де тың өзгерістер айқын аңғарылды. Оған дәлел – қазақ халқының ұлттық мәдениетін, дәстүрін насихаттауды мұрат еткен «Мәдениет және тұрмыс» қоғамдық-саяси және әдеби журналдың шығуы. 1958 жылы шілде айында шыққан журнал қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің ұраншысы болды. «Мәдениет және тұрмыстың» алғашқы бас редакторы – М.Дінішев болды. Алғашында «Қызық екен біліп ал», «Иглікті істердің бастамасы», «Ет тағамдары», «Өнер-ғылым жаңалығы», «Естімеген елде көп», «Пайдалы кеңес», «Өнер табысы - өмір ырысы», «Ата-аналарға хат», «Бөбектерге оқып бер» атты айдарлар бойынша танымдық, әдеби-мәдени мақалалар жариялады. Бұл басылым жарты ғасырға жуық осы атаумен шығып, тек 1990 жылдан бастап «Парасат» деген жаңа атпен шыға бастады. Журнал бетінде қазіргі уақытта тарих пен әдебиет, мәдениет пен өнер, руханият мәселелері көтеріледі. Айына бір рет жарық көретін басылымның «Ойтолғақ», «Жаңғырық», «Тарих-тағдыр», «Таным», «Дерек пен дәйек», «Ғұмырдария» «Салауат» т.б. тұрақты айдарлары бар.Бүгінгі демократиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы рөлі елеулі өзгеріске ұшырады. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ой-санамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой-пікірді қалыптастырушы да болып отыр. Сондай-ақ қазіргі қазақ баспасөзінің рөлі артуда. Әсіресе, ұлттық тіл мен жер мәселесі, еліміздің тәуелсіздік идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданында бітпес күрес жүргізу ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады.Қазіргі кезде қазақ журналистикасында салалық басылымдардың үлкен шоғары қалыптасып келеді. Салалық баспасөз туралы белгілі ғалым Т.Бекниязов былай дейді: «Салалық баспасөз - түрлі салаларды қамти отырып бөлінеді.Министрліктер мен комитеттердің жұмына арналады. Сондай-ақ оқу-білімге, өндіріске, ауыл шаруашлығына, құрылысқа т.б. арналуы мүмкін », дей келе ғалым:« ... Қазақстанда салалық



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет