«Қазақстанның ақпарат кеңістіктері» тақырыбы бойынша эссе.
Қазір Қазақстанда 2 мың 763 БАҚ жұмыс істейді, ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің мәліметінше, олардың басым бөлігі – баспасөз басылымдар. Маркетингтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, телевизия – БАҚ-тың аса танымал түрі болып қалып келеді. Отандық КТК телеарнасы аса көрілетін, рейтингі ең жоғары – 13,8% арна. Сарапшылардың бағамынша, көрермендердің арасында ерекше танымал – ресейлік телеарналар. Кей сарапшылардың пікірінше, билік бәсекеге қабілетті медиакеңістікті оппозициялық ойыншылардан мүлдем тазартып, халықтың қоғамдық пікіріне ие бола алмай қалды. Жалпы құрылымдағы БАҚ-тың 86% – баспасөз басылымдары, 11% – электронды БАҚ, 3% – ақпараттық агенттіктер. Сонымен қатар, елде бірқатар шетелдік телерадиоканал жұмыс істейді. Ресми деректерге сүйенсек, олардың жалпы саны 270: 185 – ресейлік, 24 – ағылшын, 11 – америкалық БАҚ, және т.б. «Қазтелерадио» АҚ ақпараты бойынша, эфирлік–кабельдік телевизиямен 5-6 млн халық қамтамасыз етілген. Бұл ретте атап өтерлігі, басқа көптеген елдерге, айталық Ресейге қарағанда, қазақстандық телевизия жас көрерменін сақтап қала алған. Қазақстандық телекөрерменнің орташа жасы 36 болса, Ресейдегі бұл көрсеткіш – 49, Украинада – 54. Қоғам қайраткері және саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, ресейлік медиа – Қазақстан медиакеңістігіндегі басты ойыншылар болып табылады. Қазақша және орыс тіліндегі контентке қатысты 50 де 50 талабы орындалғандығына, сондай–ақ қазақ тіліндегі контентке сұраныс артқанына қарамастан, ақпараттық қауіпсіздік проблемасының өзектілігі төмендемей отыр.
№13 билеті ДАРИЯ
Нұртөре Жүсіптің публицистикалық шеберлігі.
Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы 1961 жылы 29 сәуірде ҚызылОрда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. Қазақ. Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1921-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күріш есіруші болған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1984), журналист. ҚР Журналистер академиясының академигі (1999 жылдан). «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006) публицистикалық жинақтың; 500-ге жуық мақалалардың авторы. Қазақ, орыс және араб (сөздікпен) тілдерін біледі.
1984 жылдан - «Қызыл ту» (қазір «Сарыарқа самалы») Павлодар облыстық газетінің тілшісі, аға тілшісі, көлік және қатынас бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1990 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1996 жылдан - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы. 2002 жылдан - «Ақ жол, Қазақстан» газетінің бас редак- торы. 2005 жылдан - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ бас директоры. 2007 жылдан - «Астана хабары» газетінің бас редакторы. 2008 жылдан бері - «Айқын» газетінің бас редакторы «Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |