Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Мұхтар Шаханов публицистикасындағы тіл мәселесі



бет32/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Мұхтар Шаханов публицистикасындағы тіл мәселесі

Ал Мұхтар Шахановтың публицистикасын зерттеп, көсемсөздеріне ғылыми дәйектеме берген арнайы жұмыстар жоқтың қасы. Өз уақытында сөздің күші мен қаламның сиясын серік еткен көсемсөзшінің публицистикасы қоғамда шекесі қызып тұрған мәселелерді қозғады. Ал соларды бүгінгі күн биігінен қарап талдау, әрбір мәселенің байыбына барып, қозғалған проблемалардың өміршеңдігін зерттеуді өз алдымызға мақсат тұттық. 
«Тоқтатпаймын ешқашан күресімді, өмірден толық алам үлесімді» деп жырлаған ақынның үлгі тұтарлық қасиетінің бірі – сөзі мен ісінің қабысып жататынында.
Ш. Айтматов пен М. Шахановтың – «Құз басындағы аңшының зары» эссе-кітабында (1997) адами, ұлттық, қоғамдық, жалпыадамзаттық құндылық мәселелері өте ауқымды түрде сөз болады. «Тілсіздендіру анатомиясы» (2006), М.Шаханов – «Желтоқсан эпопеясы» (1-том, 2006), М.Шаханов – «Мәңгүрттенбеу марсельезасы» (2008), М.Шаханов – «Ұлт анасы – тіл» (2010) кітабы, М.Шаханов – «Қонаевпен сырласу» эссесі (2011), «Желтоқсан эпопеясы» (2-том, 2011) атты көсемсөзшінің алып тынысты еңбектерін негізге ала отырып, тақырыбтың қыр-сыры қарастырылады

  1. Қазіргі қазақ баспасөзі мәселелері мен публицистикалық тақырыптық ерекшеліктері.

қазіргі қазақ публицистикасы насихаттық, реттемелік, гедонистік, ғылыми-танымдық, ақпараттық, психологиялық тұрғыдан араласады. Информациялық және мәдени кеңістікте көсемсөз үлгілерінің таралуын, оның тікелей және жанама ықпалын тап баса білу теориялық һәм практикалық білгірлікке, көсемсөздің ғылыми негіздерін терең меңгеруге, медиамәтінді ажарлы конструкциялауға, журналистік шеберлікті ұдайы жетілдіруге тікелей байланысты. Қазіргі практикалықжурналистика талай жылдан бері қалыптасқан, өзіндік даму жолынан өткен теориялық қисындарға сүйенеді. Бүгінгі таңда дәстүрлі журналистика жанрлар жүйесі елеулі өзгеріске ұшырап, пубицистика кеңістігіне бірсыпыра жаңа пішіндер аяқ басты, кейбір жанрлардың қызметі модернизацияланды. Дей тұрғанмен оның ұзақ тарихи мерзімде түбегейлі өзгеріске ұшырамайтын, өмір шындығын бейнелейтін құрылымдық-композициялық сипаты сақталып қалды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет