Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Камал Смайыловтың журналистік шеберлігі



бет4/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Камал Смайыловтың журналистік шеберлігі

Журналистика – əлем мəдениетінің ажырамас бір бөлігі əрі құндылығы болумен қатар, саясаттың жəне шығармашылықтың ерекше бір құбылысы. Оны қазіргі өркениеттік мəдениеттің орны бөлек көрініс ретінде қарастыратынымыз да сондықтан. Бұқаралық ақпарат жүйесінің қоғамда атқаратын қызметі, маңыздылығы үнемі артып, кең етек жайып келеді. Шындықты жаза білу – журналистің жеке жауапкершілігіне, кəсіби біліктілігіне, шеберлігіне байланысты. Қазағының тағдырына қатысты толғамды ойларын, идеяларын оқырманына жеткізу үшін ұлтжандылық азаматтығын танытқан Камал Смайылов – осындай қалам иесі. Камал Смайылов 1932 жылдың 24 сəуірінде Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Сарлық ауылында туған. 1950 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімінде оқыды. Студент Камал «Жас қалам» атты факультет қабырға газетінің бас редакторы болды. Соның бір нөмірінде оның Мұхтар Əуезовпен сұхбаты басылып, өзінің табандылығын танытқан еді.«Лениншіл жас» газетінің Қарағанды, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі, əдеби қызметкер болып жүргенінде жазған Камалдың публицистикалық туындыларында кең өріс алған көркемдік əдіс – реализм, яғни, сол заманның реализмі өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетті. Айналадағы өмірдің өзін терең ұғынып, күнделікті тіршіліктегі кейбір қарапайым адамдардың қатал тағдырына араша түсіп, шындықтың түйінін шешуге талпынды. Публицист қандай құбылысты, адамды болса да оқырманға көрсетерде қоғамдық, əлеуметтік тамырын, маңызын, пайдалы, зиянды жақтарын дəлелдеп, зерттеп барып ұсынғандығын байқаймыз. Журналистік жұмысын «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып бастаған ол кейіннен осы басылымның комсомол-жастар бөлімі жұмысын қолға алады. Камалдың жаңа ой, тың идеяға толы пікірлерінің нəтижесінде жастар газеті бетінде «Міне, комсомолдық істер!» деген арнаулы тұтас бет пайда болды. Ол кейін газетте тұрақты бөлімге, одан соң тұрақты айдарға айналып, республикадағы комсомол-жастар жүзеге асырып жатқан қыруар істердің сырын ашып, жанды тіршіліктерін бейнеледі. Бір алқа мəжілісінде К. Смайылов жергілікті жерлерге іссапарға шығатын редакция қызметкерлеріне міндетті түрде «Міне, комсомолдық істер!» деген айдарда кемі бір проблемалық материал жазуды жүктеу мəселесін көтерді. Кейіннен ол жүзеге асырылып, іссапарға барған журналистер айдарға материал жазуды дағдыға айналдырды. Ол «Лениншіл жасқа» қазақтың жас ұрпағына өмір сырын, қырын таныту, оларға білмейтінді білгізу, естімегенді естіту, көрмегенді көрсету қырынан келді. Сол мақсатта газет беттерінде: «Бəрін білгім келеді» («ББК») деген айдарда материалдарды тоғытты. Солар арқылы ол оқырманды тарих қойнауына сүңгітіп, Ғарыш-Аспан құпияларына кезіктірді. «Лениншіл жаста» Қазақстанның 40 жылдығына арнаулы нөмерлер шығарылып жатқанда Камал елдің ертеңін де естен шығармау керектігін ескеріп, «Ертеңгі Қазақстан!» деген тақырыптағы нөмерін бір өзі дайындайды. Камалдың осындай білгірлігі мен ізденімпаздығын «Əлемдегі тоқсан екі ғажайып» деген тақырыптағы арнайы нөмірі де таныта түсті. Оның кез келген тақырып, мəселені терең зерттеп, ішкі астарларына үңіле жазып тастайтын қабілеті хақында профессор Əбілфайыз Ыдырысов: «1959 жылдың сəуір айының аяқ шенінде Кəмағаң бастаған үш адамға: маған, Бүкеңе (Бүркіт Ысқақов) Баспасөз жəне радио күндеріне (5 мамыр, 7 мамыр) арналып шығарылатын газеттің мерекелік нөмірін дайындау міндеті жүктелді. Ортамызда: «Смаилов бар ғой!» деген сеніммен Бүкең екеуміз сасқанымыз жоқ. Сөйтіп жүргенде, əне-міне дегенше айдың аяғы болып та қалды. Əдетте, газет нөмірінің материалдары кемі үш күн бұрын əзірленіп, баспаханаға теруге жіберілетін. Бірақ Бүкең екеуміз ол мерзімге бір мəнəйі себеппен осы номер материалдарын əзірлесуге қатыса алмадық Смаилов, нақ со жолы күні бойы Жəкеңе «диктовка» жасап, машинкаға бастырып бүкіл номер материалын бір өзі дайындады. Əлі күнге қайранмын: «Сонда ол соншама тақырыптарға, соншама материалдарға деректерді, фактыларды, т.т. қашан жинаған, қалай жинаған?! Неткен феномен! Бұл – Смайыловтың шартарапты біліктілігінің, кез келген тақырыпты кез келген уақытта, кез келген жағдайда шемішкедей шағатындығының, оның жазғыш (айтқыш) ұшқырлығының бұлтартпас куəсі!», - деп жазады (-25 сəуір, -2002. Жас Алаш, Ə. Ыдырысов, Алаш рухты ұрангер). 1960 жылы жаңадан ашылған қазақ тіліндегі тұңғыш ғылымикөпшілік, танымдық-техникалық «Білім жəне еңбек» (қазіргі Зерде) журналының бас редакторы болды. 1962 жылы Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланды. 1964 жылы КСР Министрлер Кеңесінің жаңадан ұйымдастырылған Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, соған қоса, бір мезетте 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының директоры, 1971 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің насихат жəне үгіт бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, 1973 жылдан ҚР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 1980 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің телевизия жəне радиохабар жөніндегі Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болды. 1988 жылы «Мəдениет жəне тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), 1989 жылы «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналдарының бас редакторы қызметтерін атқарды. Өзінің редакторлық жолы тұрғысында Камал Смайылов былай деп жазады: «Мен сонау «Лениншіл жастан» ауысып, тұңғыш қазақ ғылыми-көпшілік журналы «Білім жəне еңбек» ашылғанда, соның бірінші редакторы болып тағайындалдым. Ол – қазіргі «Зерде» журналы. Содан 1988 жылы Орталық партия Комитетінің бөлімдері қысқартылғанда мен «Енді журналистикама қайтарыңыздаршы» деп «Мəдениет жəне тұрмыс» журналының бас редакторы болып келдім. «Мəдениет жəне тұрмыс» журналы осыдан отыз жыл бұрын шыға бастаған. Оның сол кездегі мақсаты мен міндеті – халықтың, қалың жұртшылықтың арасында мəдениет, тұрмыс, күнделікті өмір мəселелерін кеңінен насихаттап, сол мəдени əдеттер мен салттарды өміргеенгізу, сіңіру болатын. Өте қажет журнал деп оны жұрт жақсы, жылы жүзбен қарсы алды. Бір ғажабы, журналдың басқа əріптестеріне қарағанда бағасы қымбат болса да, тиражы көп жылдар бойына 350-380 мың дана деңгейінде келе жатқаны. Демек, журнал өзінің ең алғаш, өз кезінде алдына қойған мақсат-міндетін орындап шықты деуге болады. Кейіннен атын «Парасат» деп өзгерттік, бағытын бұрды. Сосын мен «Қазақстан коммунисі» журналына бас редактор болдым», К.Смайылов. 1992). Камал Смайылов қазақ телевизиясы саласында əуелі республикалық мемлекеттік комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Көп жыл бойы саяси-қоғамдық қызметтер атқарды: Орталық комсомол комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі мəдениет бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Мəдениет жөніндегі комитетінің төрағасы болды. Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, С. Сейфуллин атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы-публицист шығармашылық өмірінде 300-ге жуық мақала жазып, 17 кітап жариялаған екен. «Сенің бақытың», «ХХ ғасырға саяхат», «Фильм осылай туды», «Өмірдің өзімен өлшесек», «Ғасыр қырқасында», «Оянған ойлар», «Жолданбаған 27 хат», «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда!» (Шерхан Мұртазамен бірге жазған), «Жеті қыр, бір сыр», «Қиғаш кітап» еңбектері жарық көрген. Камал Сейітжанұлы Қазақ КСР Телевизия жəне радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары болып, теледидар деген күрделі жұмыс саласында қызмет істеді. Ол жаңа идеялы телерадиохабарлардың өзегіне айналды, қарамағындағы жүздеген адамдардың ойына қозғау салып, тың талпыныстарға түрткі болды. Қазақ республикалық теледидарының тарихына енген «Айтыс», «Тамаша», «Терме», «Азия дауысы» секілді іргелі жұмыстар жоқтан барға айналып, жүзеге асырған К. Смайылов еді. Ол кино саласын да жақсы білетін. «Қазақфильм» киностудиясында өткізген жылдары «Қыз Жібек», «Атаманнның ақыры» секілді асулы фильмдердің бүкіл ұйымдастыру жұмыстарына ұйытқы болған. Қаламгер публицистикасы жанр жағынан алғанда түрге бай болып келеді. Онда қарапайым заметкадан бастап, репортаж, корреспонденция, мақала, рецензия, очерк, фельетон секілді публицистиканың əр алуан жанрлары кездеседі. Баспасөз жанрларының кез келгенінде қалам тербеп, мəселені əр қырынан шебер, ұтымды жеткізу – журналистке тиімді əдіс. Камалдың осылай жанр табиғатын меңгеріп, оны игеруі əрі баспасөз бетінде жиі көрінуі шығармашылық мүмкіндігінің мол екендігін көрсетсе керек. Камалдың «Оянған ойлары» – еліміздің тарихындағы бетбұрыс кезең, қайта құрудың өмірге ғаламат өзгерістер əкелгенін жан жақты аша түсетін, қалғып-семіп қалған ойларды оятқан соны еңбек. Публицист кітаптың алғашқы тарауында Ұлы Қазан революциясын орнатушылардың жаңа социалистік қоғам орнатамыз деген арман жолдарына саяси тұрғыда баға бере отырып, социалистік қоғам тұрғысында түрлі пікірлерге жетелейтін қоғам қайраткерлері мен ойшылдардың: «Социализмге бар билікті мемлекеттің қолына жинап, ұстап алғанда не болатынын айқын көрсететін үлгі болып табылады» (Ницще); «Социалистік революцияны эксперимент жəне өте қауіпті, қатерлі эксперимент, одан не шығарын, ақыры немен тынарын ешкім білмейді, мұның аяғы қайғы-қасіретпен бітеді» (И.П. Павлов); «Пролетариаттың саны аз болып тұрған елде өкімет қайткенде де диктатураға айналып кетеді» (Плеханов); «Жеке адамның мүдделерін қайткен күнде де, қалай болса да қоғамдық мүдделерге бағындыру керек деп келген догмалық қағиданы да қайта қарайтын, басқаша ұғатын кез келді» (А.Н. Яквовлев) т.с.с. ойларын бере отырып, өзіндік журналистік болжамдарын айтады. Ол социализм қоғам мүшелерінің игілігін, бостандығын қорғай отырып, жақсылық əкелетіндігін ерекше атап өтеді де: «Социализм өзінің артықшылығын, адамгершілік құрылыс екенін ракеталардың санымен, ядролық зарядтардың күшімен дəлелдемейді, өзінің өте жоғары экономикалық даму, тұрмысты жақсартуы, адамдарға деген қамқорлығының дəрежесімен көрсетеді, үгіттейді. Біз соңғы жылдары осыдан алыстап кеттік, бар күшті əскери қаруға салдық. Енді адамды қорқыту емес, қызықтыру арқылы жеңуге тиіс социализм...», - деп қоғамдық мақсаттарға қарай жетелей түсетін біршама ой білдіреді (17 б, К. Смайылов. 1991). 1930-1940 жылдардағы Сталиннің мемлекетте социализмді орнату мен сол жолда билік жасауына да өзіндік бағасын берген Камал: «Сталиннің мықты ерік күші, энергиясы революцияға жақсы қызмет етті, адамдарға сенбейтіндігі, оларды аямайтындығы, өзінің жеке əкімшілік үкімшілдігін орнатуға ұмтылушылығы революция кезінде кешірімді болатын, өйткені революция көбіне қатал шараларды қолдануға мəжбүр болды», - деп тарихи деректерге жүгінеді. Сталиннің ең талантты, таңдаулы ғалымдарды, мəселен, атақты физик Лев Дандауды, ғалым Николай Вавиловты, академик Н.В. Тимофеев-Рессовскийді, жазушы Борис Пильнякты т.с.с. еш кінəсіз, себепсіз жауапқа тартып, түрмеге жапқызғандығын, қазақ зиялыларында да ең таңдаулы бетке шығар қаймақтарын, ойы биік, бас көтерер алыптарын да сол қатыгез шеңгел бүріп алып құртып жібергендігін нақты фактілер арқылы алдымызға жайып салады. Камал Смайылов «Сталиннің сырын аша бастадық» атты мақаласының соңын: «Біз тарихты қайта қарап, ақтаңдақтарын ашып, қара таңбаларды аршып көрсетіп жатқанымыз өткенді білу үшін ғана керек емес. Өткенді білу – бүгінге сабақ, ғибрат, тағылым болуға тиіс. Нағыз шындықты, толық шындықты ашып айтып отырып біз бүгін шындықтың бар жерде, əр істе орнауы, жүруі керек екенін есте ұстауымыз тиіс. Бүгін Сталинді, сталинизмді əшкерелеп сынаудың мəні-мақсаты – адамдардың бойындағы, ойындағы қорқақтықты, үрейді тамшылап емес, молынан, молырақ та тезірек сығып шығару, содан адамдарды арылту, тазарту», - деп аяқтайды. Көп оқып, терең ізденетін публицист бір ой айту үшін бірнеше деректерге жүгінеді. Əр мақаласын үлкен жауапкершілікпен жаза отырып, шынайы байлам тұрғысынан салмақтай түседі. Публицистің бұл ерекшелігін біз «Оянған ойларын» оқи отырып, анық көз жеткізгендей болдық. Ешкім де іштен журналист болып тумайтыны белгілі жайт, қаламгерлік өнер тер төге еңбектену, тынымсыз шығармашылық іс үстінде ғана қалыптасып жетіледі. Публицистің шеберлігі қай кезде де жеке-дара көрінеді, ол публицистің шығармашылық стилінен көрініс табады. «Стиль – жазушының шеберлігін, талантын дəлелдейтін үлкен көрсеткіштің бірі» (54 б, Ə.Қоңыратбаев, 1979). Камал Смайыловты біз экономика тақырыбын кең көсіле жазатын шебер журналист ретінде де танимыз. Еліміздегі экономика саласына көп өзгерістер қажеттігін осыдан бірнеше жыл бұрын болжап айтып кеткен публицист «Қазақстан экономикасы: шешілмеген проблемалар мен реттелмеген мəселелер» атты мақаласында: «Қазақстан экономикасының хал-жағдайын айқындайтын бірнеше деректер келтірейік. Бұлардың көбісі бұрын ашылмайтын, айтылмайтын. Ауыр өнеркəсіп елімізде 60 проценттен асса, қазақстанда 47 процент шамасында екен. Əсіресе, өңдеу салалары, нақтылы түпкілікті өнім беретін, тұтынуға даяр өнім-бұйымдар шығаратын өнеркəсіп кейін, кенже қалған... Қазақстанның экономикасы бір жақты дамыған болатын. Шикізат өндіретін сала басым өркендеген де, шығарылған рудалар сол шикі күйінде немесе концентрант ретінде басқа республикаларға, аймақтарға жөнелтіледі. Бізде бар өндірілетін шикізаттың 17 проценті ғана өңделіп, дайын, ақырғы өнім болып шығады екен. Одан басқасының бəрі жартылай өңделген күйінде жөнелтіледі. Одан ақырғы өнім таза металды, алюминий прокатын басқа заводтар даярлап шығарады. Сондай-ақ титан губкасын біз өндіреміз де, одан таза асыл да қымбат металл – титанды басқа заводтар шығарып пайдаланады», - деп елімізде жетекші мамандардың жоқтығын алға тарта отырып: «Қазақстан экономикасының тиімділігін өсіру үшін оның шикізат, отын мен руда шығарушы ғана емес, өңдеуші, дайын өнімдер шығаруын көбейту керек», - деген қажетті ақпар береді. Шындығында, Қазақстанның қазба байлықтары өз елімізді асырауға артып жығылады. Қазақстанның өз жерінен жаңа кен орны ашылып, үлкен құрылыс басталса, сөйтіп, аймақтық экономикалық тəуелсіз болуымыз керек деген публицист арманы бүгінде біршама жүзеге асырылып жатқандығы ақиқат. «Бізге экономикалық тəуелсіздік кеуде көтеріп елден ерек шығу үшін емес, еңсе көтеріп ел қатарына қосылу үшін қажет!» - деген Камал Смайылов ойының астарында еліміздегі игіліктердің бəрін өз мемлекетіміз үшін пайдаланудың кезі келгендігі жатыр. Сол үшін де кезінде еліміздегі қайта құру жөнінде публицист: «Біз рухани қайта дəуірлеу заманын басымыздан кешіріп отырмыз. Демократия мен жариялылық кезеңінен, адамның рухани дүние танымы, қазына байлығы бірінші орынға қойылып, біз қайта құруды Қытайдағыдай экономикадан бастамай, саяси реформадан, одан бұрын сана-сезімдегі, интеллектуалды ақыл-ой саласындағы өзгерістерден бастадық», - деп жазады (5 б, К. Смайылов. 1991). Камал Смайылов публицистикасында Семейдегі ядролық полигон зардабы, Қызылордадағы Байқоңыр мен Аралдың экологиялық жағдайындағы тың мəселелер ерекше жазылды. «Табиғатты қорғау – адамды қорғау» деп түсінген публицист: «Экология туралы бəрі айтады. Соның айналасында клубтар, ұйымдар, қозғалыстар туып, құрылып жатыр. Бұл – қайта құрудың, жариялылықтың айқын бір көрінісі. Əрине, бұл қолайсыз, келеңсіз жағдайлар бұрын да болған, бірақ оларға мəн бермеген, қайта «бізде бəрі жақсы, бəрі орнында» деп жасыруға, көріне көзге жақсарта көрсетуге ұмтылған. Ал жағдай шынында да, қиындап, шиеленісіп кетті. Елімізде ауасында зиянды улы қоспа ұшпалары шамадан асып кеткен, 100 қаланың тізімі жасалған. Айналадағы ортаның, демалатын ауаның зиянынан ірі қалаларда адамдардың ауруы көбейіп, орташа өмір жасы қысқарып бара жатыр», - деп одан əрі топырақтың, судың, орманның, табиғи қазыналардың бүлінуі кең етек алып отырғандығын жазады (138 б, К. Смайылов. 1991). Публицист улы түтінді азайтып, ауаны, суды, тазартатын технология орнату үшін қаржы қажеттігін алға тартады. Бізде егіншілік мəдениетінің жетіспейтіндігін фосфор мен азотты тыңайтқыштардың орнына органикалық тыңайтқыштарды пайдалану қажеттігін ескермей отырғандығымен, соңында мұның бəрі адам денсаулығын ойламай, оңай жолмен пайда тауып, аз еңбек сіңіріп, көп өнім алуға ұмтылушылықты атап көрсетеді. Публицистің экология тақырыбына жазылған мақалаларының ішінде əсіресе, Арал теңізі мəселесіне қатысты айтқан шынайы пікірлері кезінде өз бағасын алды. Арал теңізі басына төнген қауіп-қатерді алғашқылардың бірі болып: «Арал айналасындағы əңгіме күн тақырыбы, «Арал» трагедиясының басталуы – 1970 жылы Қарақұм каналы толық салынып бітіп, сол құм арнамен таудың мөлдір салқын суын аңызақ ыстық құмға қуғаннан басталды. Құмға өз қолымен су жіберген адамды тарих бұрын-соңды көріп пе еді?! Арал үшін баста тажал сол Қарақұм каналы болып табылады. Ал Аралдың екінші трагедиясы – Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстанда мақта мен күріш плантацияларын кеңейтіп, соған беретін суды көбейте беру. Соншама мақта, күріш егістігі керек пе? Ол мақтаның сапасы төмен. Мысалы, Қытайда əр адамға 4 килограмм мақта өндіріледі де, ол өзіне жетіп, сыртқа шығарады. Ал бізде жан басына 27 килограмм шитті мақта жиналады, ал бірақ сол жетпейді, мақта-мата тапшы, кейде мақтаны да, матаны да шетелден сатып аламыз. Сонда Аралдан айырып алған судың қарымы, қайтарымы қайда?», - деп жазды. «Су – өлшенбейтін, еленбейтін, бағаланбайтын байлық. Ауа секілді оны да бар болса байқаймыз да, бір сəт жоқ болса, іздейміз, онсыз өмір сүре, тіршілік ете алмаймыз. Арал туралы енді көз жасын төгіп жылаудан, жантүршіктіре қинаудан гөрі нақты іске, əрекетке көшетін кез туды», - деп, Каспий теңізінен Аралға канал тарту жобасын қолға алу керектігін ұсыныс ретінде айтады. Публицистің жан айқайы бүгінде еліміздегі экологияны тазарту жолында еңбек сіңіріп жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқандығы қуантады. «Айтпаса – сөз атасы өледі», - деген осыдан шықса керек. Камал Смайылов – эпистолярлық жанрда да біраз қалам тартқан шебер журналистердің бірі. Осы тұста, ең алдымен, эпистолярлық жанр табиғатына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көрдік. Мəдениетті елдерде хат – əдебиеттану, тарих ғылымында арнайы қарастырылады. Кезінде Герцен: «Дəуір құжаты» деп атаған хат табиғаты, тағдыры, жанры жөнінде ғалымдар күрделі пікір айтады. Мəселен, зерттеуші Юрий Тынянов: «Хат – эпистолярлық жанр. Ол тұрмысқа өз міндетімен келіп, біртіндеп əдеби фактыға, одан əдеби жүйеге өтетін құбылыс», деп атаса (с. 225, Ю. Тынянов, 1977), академик М.П. Алексеев: «Хатты – «мемуарлық жанр» үлгісі ретінде қарастырады (с.165, М.П. Алексеев, 1983). Бұл тұста Ю. Тыняновтың хатты эпистолярлық жанр деуі негізді. Ғалым М.П. Алексеевтің хатты мемуар 35 деп отырған себебі, хаттың автор өмірбаянына қатысын ескеруден туындаса керек. Эпистолярлық жанр жөнінде сондай-ақ, əр кезде Г.П. Макогоненко, Р.М. Лазарчук сынды ғалымдар пікіріне қосылуға болады. Олар жанр дəстүрін, табиғатын жанжақты зерттеді. Егер біз публицистиканың ежелгі эпистолярлық үлгісіне дендеп зер салсақ, оның қалыптасу жүйесінің сонау антика дəуірінен бастау алғандығын аңғарар едік. Сол кездегі Цицеронның, Горацийдің, Сенеканың хаттары – эпистолярлық публицистикасының бастамасы еді. Ал, қазақ публицистері арасында Шоқан Уəлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің орыс достарымен жазысқан хаттары, Н. Төреқұловтың, М. Шоқайдың, М. Дулатовтың полемикалық хаттары, Мұхтар Əуезов пен Мəлік Ғабдуллиннің қазақ поэзиясы төңірегіндегі ойларды ортаға салған хаттары, Қ. Мұхаметжанов пен І. Кеңесбаевтың тіл мəселелерін қозғап жазған тағы да көптеген қаламгерлеріміздің хаттары эпистолярлық мұра болып табылады. Камал «Жолданбаған 27 хатында» қоғамда, өмірде пайда болған күрделі жағдайлардың, қайшылықтардың, адамдардың ойында туған əрқалай, түрлі пікірлердің табиғатын аша отырып, өзі қадірлейтін зиялы қауым өкілдеріне сырттай жүргізген сұхбат-əңгімелері арқылы саяси өмірдің өткен жолдарына бүгінгі көзқараста тереңінен баяндап береді. Автор ретінде жолданбаған хаттардың астарында қозғалып отырған тақырыпты жақсы білетін азаматтардың пікір-пайымымен үндестіре отырып, келелі əңгімеге бара алады. Осы еңбегінің алғы сөзінде ол: «Əрқайсысының сол өзіне арнаған хаттағы пікір-мəселе жөнінде қандай ой-көзқарасы барын түсінемін. Хатпен сөйлесу оңтайлы. Содан да мен бұл кітапты «Жолданбаған 27 хат» деп атауды жөн көрдім», - деп жазады (4 б, К. Смайылов. 1992). Кітаптағы жиырма жеті хат иелері қоғамға белгілі есімдер болғандықтан, тақырып аясы да сол түрлі салаларға қатысты ұтымды қойылған. Мəселен, «Саясат жəне парасат» (қайраткер Өзбекəлі Жəнібековке хат); «Горбачев пен Ельцин: қайсысы?» (білімгер Əнуарбек Шмановқа хат); «Тарих: қараңғысы мен жарығы (тарихшы-ғалым Манаш Қозыбаевқа хат); «Демократия: қуаныш па, қорқыныш па?» (заңгер-ғалым Салық Зимановқа хат); «Одақты республикалар басқарады» (Əнуар Əлімжановқа хат); «Қазақстан əлем деңгейіне қалай шығады?» (жазушы-драматург 36 Қалтай Мұхамеджановқа хат); Егемендік алдық. Еншіміз қайда? (экономист-басқарушы Дəулет Сембаевқа хат); «Бай елміз – бəрінен жарлымыз» (ғалым-геолог Айтжан Абдуллинге хат); «Əлем көшіне қосыла аламыз ба?» (дипломат Мəлік Фазыловқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет