Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Қазақ публицистикасының шығармашылық болашағы» тақырыбы бойынша эссе



бет41/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
«Қазақ публицистикасының шығармашылық болашағы» тақырыбы бойынша эссе.

Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр.
Туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін "бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда - публицистика белгілі бір кезеңдегі болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға" әкеледі. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе — ол публицистика өнері.
Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Зерттеудің зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды. Біріншіден, қазақ публицистикасын тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі туды. Екіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын қазақ публицистикасының көне түркілік тамырын, фольклорлық дәстүрін, шешендік негізін ашудың сәті түсті. Үшіншіден, Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ публицистикасының қалыптасуындағы қайшылықты кезеңнің әділ бағасын берудің қажеттілігі туды. Төртіншіден, кеңестік кезеңнің өзіндегі қазақ публицистикасына бүгінгі тәуелсіздік ұстанымдары тұрғысынан қараудың да кезі келді. Оның үстіне қазақ публицистикасының ұлттық қоғамдық-саяси ойымызды қалыптастырудағы маңызын ашу арқылы қазақ халқының әлемдік рухани ортадағы орнын айқындаудан да тақырыптың өзектілігі көрініс табады. Сондай-ақ бүгінгі дүниедегі қат-қабат өзгерістер заманында публицистиканың орасан зор мәнге ие болып отырғандығы да көпшілікке белгілі. Ал оның өз алдына дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды. Мұның өзі - тақырыптың зәрулігінің басты себебінің бірі.
Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ публицистикасының зерттелуі негізгі екі бағытта жүргізіліп келді. Оның бірі жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі ретінде публицистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған еңбектер.Қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Бұл - көрнекті қазақ публицистерінің шығармашылығын монографиялық тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы зерттеу. Осы ретте А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С.Қожановтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Бөкейхановтың, Н.Төреқұловтың, С.Ерубаевтың, Х.Досмұхамедұлының, Ә.Әлімжановтың, О.Сүлейменовтің, К.Смайыловтың, С.Мәуленовтың, Ш.Мұртазаның, Е.Букетовтің публицистік шығармашылығына қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек.
Публицистика табиғаты көркем әдебиетпен, журналистикамен байланыста ашылды. Ұлттық публицистиканың пайда болуының тамыры теренде. Қазак ауыз әдебиетіндегі публицистикалық сарын туралы тың тұжырымдар жасалды. Көне жазба ескерткіштердегі публицистикалык элементтер нақты текстік үзінділерді талдау негізінде айқындалды. Алғашкы казақ газет-журналдарындағы публицистика жанрлары, пішіндері, сондай-ақ бүрын беймәлім көрнекті публицистер шығармашылығы, кеңестік дөуірдегі және тәуелсіздік кезеңіндегі публицистиканың ерекшеліктері бүгінгі көзкарас тұрғысынан ғылыми байыпталды. Сонымен, публицистика - белгілі бір уақыт пен кеңістікті камтитын заман шежіресі, дәуір үні. Өткен кезеңдерде қандай коғамдық-саяси ахуал болғандығын, халык жағдайын, әлеуметтік өзгерістер мен шаруа-шылық бағыттарын сол уақыттан қалған ауызекі мүралар арқылы жөне баспасез бетінде жазылып, жарияланған публицистика арқылы бүгін біле аламыз. Ал бүгінгі болып жатқан қым-куыт оқиғалар отандық шығармашылық публицистиканың болашағына арқау болары анық.
22 билеті САЛТАНАТ



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет