Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі БАҚ-тың рөлі» тақырыбында эссе



бет8/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
«Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі БАҚ-тың рөлі» тақырыбында эссе.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. БАҚ тұрғындардың, биліктің, бизнес пен сарапшылар қауымдастығының арасындағы делдал болуға тиіс. Сонымен қатар, БАҚ-тың осы бағытты негізге алуы аудиторияның сеніміне кіруге, ішкі проблемаларды шешуге, ақпараттың сапалы болуына ықпалын тигізеді.

4 билеті АЛИХАН



  1. Сапар Байжановтың редакторлық шеберлігі.

Ол студент кезінде «Лениншіл жаста» əдеби қызметкер болды, үштөрт айдан кейін бөлім меңгерушісі, екі жылдан кейін бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. Одан соң «Мəдениет жəне тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналы редакторының орынбасары, бас редакторы болды. Кейінірек Орталық партия комитетінде істеп, баспасөз секторының меңгерушісі, одан кейін бөлім бастығының орынбасарлығына дейін өскен Сапар Байжанов «Социалистік Қазақстанның» бас редакторы болып, табаны күректей он жыл қызмет атқарды. «Мəдениет жəне тұрмыс» – Қазақ КСР Мəдениет Министрлігінің ай сайын шығатын қоғамдық-саяси жəне əдеби журналы 1958 жылдан бастап шыға бастады. 1958 жылдың күзінде сол тұстағы Мəдениет министрі Əмір Қанафин Сапар Байжановты шақырып сөйлесіп, жаңадан ашылатын «Мəдениет жəне тұрмыс» журналына бас редактордың орынбасарлығын ұсынды. Ол журналдың барлық ұйымдастыру жұмысына қызу араласып, алғашқы нөмірін шығарысты. Тартымды журналды жұрт жылы қабылдап, тез арада халыққа кең таралып кетті.
Сапар Байжанов қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетіне 1973-1983 жылдары редактор болып келгенде жағдайы қай жағынан алғанда да көңіл тоғайтарлық емес еді. Бас редактор Ұзақ Бағаев өмірден өтіп, жетімсіреп қалған ұжымға Сапар Байжанов басшы болып келгеннен кейін барлығын ақылға салып, ең алдымен, басылымның бағыт-бағдарын айқындап, мазмұнына жан кіргізді. Біраздан бері жасалынбай қалған жоспарларға айрықша мəн беріліп, əуелі апталық жоспар жасалып, оны шығармашылық ұжымды қатыстыра отырып, бекіту бұлжымас заңға айналды. Одан айлық, тоқсандық жоспарлар жасақтау қолға алынып, əрбір бөлімге, əдеби қызметкер мен тілшіге қай кезде қандай тапрсырма беретінін алдын-ала біліп отыратын болды. Редактор Байжанов газеттің басты бағытын айқындап қана қоймай, алқа мүшелерінің міндеттерін де белгіледі. Əрбір қызметкермен жеке сөйлесіп, еркін пікір алысу жағдайында өзін қандай тақырып толғандырып, қандай мəселе ойландырып жүргенін анықтап алды. Меншікті тілшілерге маусымдық мəселелермен қатар, бүгінгі күннің көкейкесті тақырыбына айына бір рет елең еткізерлік дүние беріп тұру міндеттеді.
"Социялистік қазақстан" газетінде қызыметтес болған, идеология мəселелері жəне меншікті тілшілерге басшылық жасау міндетін атқарып жүрген журналист Сарбас Ақтаев бас редактордың бір ерекшелігіне талай куə болғанын былай деп жеткізеді: «Бір күні жауапты хатшының орынбасары, макеттің жілік майын шағып жеген маман Совет Шиманбаев түске салым дайын беттерді алып кіргені бар. Бастық бірінші беттегі ортаға берілетін суреттің орнын көрді де: – Кəне, мына суреттің өзін əкелші, көрелік, - деді. Совет əнеміне дегенше алып келді. Көлемі көлдей панорамалық сурет екен. Сайын дала. Сыңсыған егін. Танапта тұрған комбайн. Алдыңғы жағында білегін сыбанып, жүзі балбұл жанып, келбеті келіскен комбайншы тұр. – Мұны неге тұтас бермейміз? – деп Сапекең Советке қарады. – Орын үнемдейік деп шақтағаным ғой, - деп жауапты хатшының орынбасары дəлелдей бастап еді, редактор даусын көтермей-ақ ойын ақтара салды. – Апыр-ау, бұл арада қандай үнем болуы мүмкін? Біз газетті кім үшін шығарып отырмыз өзі?! Біз мадақтайтын адамдар, өзгелерге үлгі етіп ұсынатын ерлер осы емес пе! Сондықтан үнемдеу деген сөзді ойыныздан алып тастаңыз деген екен. Сапар Байжановтың тағы бір ерекшелігі туралы Қымбат АТАҒҰЛОВА Ана-тілі газетінде жазған мақаласында былай дейді:
Ол кісі бас редактор кезінде қол астандағы қызыметкерлеріне барынша жағдай жасай білген жомарт жан. Әсіресе жастардың басынан сипап, байыппен баулыған. Мысалы, көп шәкірттерінің бірі, танымал журналист Қайнар Олжай, Абдолла Сүлеймен, Дәуітәлі Ме­деев студент кездерінде «Социалистік Қазақстан» газетінде өндірістік тә­жірибеден өткен. Сонда Сапекең қауырт жұмыстарын жинап қойып, әрқайсысына бір жарым сағаттай уақыт бөліп, журналистиканың қыр-сырын әңгімелейді. Сосын «Са­бақтан кешігіп қалмаңдар» деп, өзінің «Волгасымен» университетке жеткізіп тастайды екен. Ол заманда «Волгаға» міну таққа отырғанмен пара-пар еді ғой. Үш студент «Арбаға мініп-түсу таңсық емес. Шіркін-ай, Сапар Байжановтың «Волгасынан» түскенімізді ешкім көрмеді-ау!» деп масаттаныпты



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет