Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Қаламгер шығармашылығы мен шеберлігінің әдеби сынға әсері



бет9/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Қаламгер шығармашылығы мен шеберлігінің әдеби сынға әсері.

Қазақ әдеби сынының тео­рия­сы мен қолданбалы мәселелері, әде­би талдаудың, әдеби шығарманы сы­наудың әдіснамасы, сыншының тал­дау және бағалау шеберлігі, сыншы шы­ғармашылығының көркемдік және эстетикалық болмысы туралы қазақ әдебиеттануында қолға ұстап, қажетке жаратқандай арнайы зерттеу бүгінге дейін жүргізілген емес. Бұл ретте әде­биет сыншысының жолын таңдаған жан­ның арнайы әдеби білімімен қатар эсте­тикалық танымы мен талғамы, тео­риялық дайындығы, әдеби шығар­ма­ны талдау және бағалау шеберлігі аса маңызды екендігінде сөз жоқ. Тия­нақты әдеби білімі жоқ кісі өмірде көр­гендері мен білгендерінің негізінде ақын немесе жазушы ретінде ең­бек­те­ніп, қатардан озбаса да, көштен қал­май жүре беруі мүмкін. Сында жай да, жағдай да басқа. Әдебиет саласында те­рең теориялық білімі жоқ жан сын са­райының ішіне кірмек түгіл, оның қақ­пасын қағуға да жарамайды. Сын­шыда әдеби-теориялық терең білімге қоса әдеби-эстетикалық талғам-таразы болуы шарт. Талғам-таразы қалам ұста­ған қайраткерлердің бәрінде де болуы ықтимал. Сыншының әдеби-эсте­ти­калақ талғам-таразысы – өзгеше тал­ғам, өзгеше таразы. Ол әдебиеттің та­рихы мен теориясы саласындағы терең білім жарығымен анықталып, соның таразысымен өлшенеді. Бұл жерде бас­қа мөлшер, өзге өлшем жоқ. Ал әдеби шы­ғарманы талдау шеберлігі мен ба­ғалау тұрғысы дегенде, тек қана сыншы ше­берлігі, сыншы тұрғысы туралы ға­на айтуға блады. Әдеби сынның дамуы, әдебиет сыншысының кәсіби қалып­тасуы үшін осы қасиеттер мен олар ту­ралы әдеби ойлардың бәрі де маңыз­ды. Алайда сын саласында мұндай із­деністер үшін соқпақ болмаса, айдау жол болған емес. Сыншы мұзды мұхит тө­­ріндегі мұзжарғыш секілді әдеби сындағы бағыт-бағдарын өзі анықтады, мұз­ды өзі жарды, мұхитты өзі кешті, әде­би талдауларын өмірден, әдебиеттің тарихы мен теориясынан тапқан білім­дері мен біліктеріне, шығармашылық ізденістері мен эстетикалық нысана­ларына сай жасап, өздігінше жол тап­ты.

  1. «Журналистің сұхбат алу шеберлігі» тақырыбында жазба жұмысы.

Сонымен қатар тағы бір ескеретін жағдай сұхбат жанрындағы әлемдік тәжірибе көрсеткендей оның жақсы шығуының өзі көптеген шартқа байланысты, мысалы, журналист өз жұмысын қаншалықты деңгейде меңгергеніне, редакция талаптарының қаншалықты нақты екендігіне, әңгімелесушінің дайындығына байланысты болуы мүмкін. Журналист сұхбат берушіден тыңдарманның аузынан естігісі келген сұрақты қоюға құқылы. Телесұхбатта маңызды, қызықты ақпаратты тек шақырылған кейіпкер бере алатынын ұмытпау керек. Сондықтан журналист керек кезде өз жоспарын өзгертіп отыруға, сұхбат барысын мұқият қадағалауға мүмкіндігі бар. Мысалы, «жоспардағы» сұраққа әңгіме барысында жауап беріліп қойса, ол сұрақты алып тастағаны жөн. Әңгіме қызығына кіріп кетіп, сұхбат беруші тақырыптан ауытқып кетуі де ықтимал. Сол үшін журналист керек кезде сұхбат берушіні тақырыпқа бағыттап отырғаны абзал.
Журналистің кәсіби шеберлігі сұхбат барысында елеулі рөл атқарады. Тележурналист сұхбаттасушы тұлғаның эмоциясын, қойылған сұрақтарға реакциясын толық сезінумен қатар жауаптарын да мұқият қадағалап, негізгі тақырыптан ауытқыған жағдайда сыпайы түрде басты арнаға салып отыруы қажет. Себебі, эфир уақытын үнемдеу және көрермен қауымның арнайы бөліп отырған уақыт зая кетірмеу, маңызы төмен бос әңгімеге жол бермеген абзал.
Жалпы сұхбат беруші белгілі бір қайғы-қасірет шеккен жандар болса, апатты еске түсіргісі келмеуі, ешкіммен тілдеспей оңаша қалғылары келуі мүмкін. Ондай жағдайға да журналист құрметпен қарауға тиіс. Сонымен қатар қайғысын өзгелермен бөліссе жеңілдеп, шерін тарқатып алатын адамдар да кездеседі. Осындай жайлардың бәріне журналистер асқан сезімталдықпен қарап, алдын ала болжап отырулары қажет. Көрермен де өз кезегінде осындай қасіреттерді тікелей болмаса да олармен жанама түрде бөлісетіндігін естен шығармауға тиіспіз.
Оқиға өтіп жатқан өңірден сұхбат жүргізіліп жатқан болса, тақырыпқа қатысты мәселенің бейне түсірілімдері алдын ала дайындалғаны тиімді. Мұндай материалдар сұхбатты қызықты ете түсумен қатар кейбір маңызды тұстарын ешбір түсініктемесіз-ақ аудиторияға өзі жеткізеді.
Проблема көтерген сұхбат барысында журналист респондентінің айтқан сөзін, жасаған мәлімдемесін шындықтың шыңырау шегі деп қабылдаудан сақтануы қажет. Тіпті ол ресми тұлға болған күннің өзінде ол ақиқаттың жалғыз жаршысы емес. Журналист аудиторияның яғни, халықтың өкілі екендігін ұмытпауға тиіс. Сол себептен алдын ала жасалған зерттеулерге сүйене отырып, көрерменнің білгісі келген барлық сауалдарын дөп басып сұхбат беруге қоя білгені дұрыс.
Телесұхбатты жүргізгенде журналистен кәсіби шеберлік, терең білім мен біліктілік, эфир мәдениеті талап етіледі. Жазылымдық (запись) сұхбат кезінде кеткен қателіктерді монтаждауға, жөнге келтіруге болады. Ал, тікелей эфир кезінде журналист үшін ондай мүмкіндік жоқ. Сонысымен де зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, көрермен қауым эфирдегі бағдарламаның тізгінін ұстап отырған тележурналистің кәсіби шеберлігіне, білімі мен пайымына, жеке мәдениетіне қарап тек тұлғаның өзіне ғана емес, күллі телевизия ұжымына баға береді және қазіргі заманның қоғамдық талабын түсінеді, үлгі өнеге алады.
Сұхбат алатын адамыңызбен алдын ала танысыңыз.
Киім-киісіңізге аса мән беріңіз.
Сұхбат алуға жалғыз келегеніңіз дұрыс.
Келіскен уақыттан кешікпей келуге тырысыңыз.
Көрісу барысында жымыюды, сұхбат алушы адамыңыздың көзіне тіке қарауды, танысқаныңызға қуанышты екеніңізді біліріп, қол алысуды ұмытпаңыз.
Бағынышты адамның рөлін ойнамаңыз.
Қашанда өзіңізді сұхбат беруші адаммен бірдей дәрежеде ұстаңыз.
Ол жайында жылы лебіздер білдіруді ұмытпаңыз
Кейіпкердің жетістіктері жайында үлкен мақтанышпен сөйлеңіз.
Байқампаз болыңыз.
Әрдайым оған деген сенімділік, сыпайылық танытып отырыңыз.
Қоштаспастан бұрын жымиып, өткізілген сұхбат үшін алғысыңызды білідруді ұмытпаңыз.
5 билеті САЛТАНАТ



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет