Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар



бет47/51
Дата14.12.2021
өлшемі1,21 Mb.
#100611
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
b32a587fd3830617e18fb5962c227f07 original.1267712

5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар



34. COVID – 19 пандемиясымен негізделген карантин жағдайында, ЖЖОКБҰ-да білім беру қызметін ұйымдастыру санитариялық-эпидемиологиялық режимнің (СЭР) алдын алу және қамтамасыз ету шараларын, оқу үдерісін ұйымдастыруға жалпы талаптарды, қашықтықтан оқытудың толық форматына өту кезінде, аралас оқыту форматына өту кезінде, дәстүрлі күндізгі оқуды сақтау кезінде оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, онлайн-курстарға, оқытушының дайындық деңгейіне, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып оқуға қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтаумен жүзеге асырылады.

35. СЭР алдын алу және қамтамасыз ету шараларын іске асыру мақсатында ЖЖОКБҰ өз бетімен СЭР қамтамасыз ету регламентін әзірлейді, барлық қызметкерлері мен білім алушыларды ақпараттандырады (сайтта орналастыру, түсіндіру және ұйымдастырушылық кездесулер, инфографика) және білім алушылар мен қызметкерлердің оны сақтауын қамтамасыз етеді.

36. ЖЖОКБҰ оқу корпустарында, жатақханалар мен ЖОО аумақтарында СЭР қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды (байланыссыз термометрлермен, антисептиктері бар санитайзерлермен міндетті түрде жарақтау және мүмкіндігінше техникалық қауіпсіздікті сақтап дезинфекциялаушы тоннельдерді орнату).

37. СЭР сақтау мақсатында ЖЖОКБҰ-ның оқу үдерісінде ұсынылады:

1) қоғамдық іс-шараларды өткізбеу және адамдардың жиналу ықтималдығын жою;

2) сабақ кестесін жасау кезінде: аудитория толымдылығын (әлеуметтік қашықтандыру – 1 ш.м.-ге 1 адамнан, зертханаларда 5 ш.м.) ескеру; онлайн сабақтар кестесін жасау кезінде желінің өткізу қабілеттілігін, серверлік жабдықтар сипаттамасын; видеосерверге бір уақытта максималды қосылу кезінде жүктемелерді ескеру; сабақтар кестесі білім алушыларға онлайн форматында қолжетімді болуы тиіс;

3) аудиториялық сабақтар ұзақтығын СӨБЖ сағаттарын бір уақытта ұлғайтып 40 минутқа дейін қысқарту; СЭР ескере отырып зертхана сабақтарының кестесін жоспарлау (әлеуметтік қашықтандыруды қамтамасыз ету, сабақтар арасында жабдықтарды дезинфекциялап өңдеу);

4) түрлі академиялық топтардың үзілісте шоғырланбауын қамтамасыз ету үшін жылжымалы үзіліс кестесін айқындау (Мысалы, бір топтың сабағының басталуы сағат 9.00, екінші топ 9.15). Кестеде аудиторияның санитариялық өңдеуін өткізу, ауаны зарарсыздандыру және желдету үшін оқу сабақтарының арасындағы үзілісті кемінде 20-25 минутқа қарастыру;

5) оқу сабақтары уақытында дәліз бен демалыс орындарының желдетілуін жүзеге асыру;

6) көпшілікпен қолданылатын жабдықтардың беттеріне үнемі дезинфекция жасау;

7) тамақтану орындарында, кітапханалар мен білім алушылардың басқа да келетін орындарында СЭР сақталуын қамтамасыз ету;

8) оқу үдерісінде қолданылатын жұмыс орындарында, зертханаларда мөлдір қалқаншалар орнату қарастырылсын (қажеттілігінше);

9) білім алушылардың спортзалда 1 ш.м.-ге адамнан әлеуметтік қашықтандырылу есебімен табылуын қамтамасыз ету, бұл ретте залдың толымдылығы 40%-дан аспауы керек;

10) жатақханаларда орын бөлуді СЭР ескере отырып жүзеге асыру (қашықтандыру, дезинфекциялаушы құралдармен үнемі өңдеу, және т.б.);

11) ЖЖОКБҰ ғимараттары мен аумақтарын жаңадан тазалау стандарттарын қолдану мүмкіндігін қарастыру (ОҮ, ОТҮ жұмыс кестелерін қарастыру және тиімді әлеуметтік қашықтандыру үшін оқыту);

12) денсаулығы мен жасының жағдайы бойынша тәуекел тобына жататын қызметкерлердің денсаулығына байланысты факторларды ескеру;

13) электронды құжат айналысы, электронды кесте, электронды кітапхана жүйесін енгізуді және қолдануды қарастыру.

38. Оқу үдерісін ұйымдастыру келесі жалпы талаптардың сақталуымен жүзеге асырылады:

1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары;

2) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары;

3) Сапаны қамтамасыз ету бойынша саясат;

4) Академиялық адалдық қағидалары;

5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша;

6) білім беру ортасын басқарудың LMS бар болуы;

7) қашықтықтан оқыту платформасының бар болуы.

39. Білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта білім алушылардың қажеттілік жағдайында қашықтықтан оқыту форматына өтуінің техникалық дайындығы болуын міндеттейтін тармақты қарастыру ұсынылады.

40. Келесі білім салалары бойынша толық қашықтықтан оқыту форматына көшіру ұсынылады:

- Педагогика ғылымдары («Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлаудан» басқа);

- Гуманитария ғылымдары;

- Тілдер және әдебиет;

- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат;

- Бизнес, басқару және құқық;

- Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;

- Қызметтер (көлік қызметтерінен басқа).

Кампуста ішінара оқыту мүмкіндігімен қашықтықтан оқыту форматында (аралас оқыту):

- Педагогика ғылымдары («Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»);

- Өнер;

- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;

- Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары;

- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар;

- Ветеринария;

- Қызметтер (Көлік қызметтері);

- Денсаулық сақтау.

41. Қашықтықтан оқытудың толық форматына өту кезінде оқу үдерісін ұйымдастыру барысында келесілер үшін жағдай жасайды:

1) виртуалды (онлайн) Тіркеуші кеңсесінің, виртуалды Деканаттың, виртуалды Ректораттың жұмыс істеуі;

2) Цифрлық офицерлерді, цифрлық еріктілерді тарту;

3) ҚББ режимінде оқу сабақтарын өткізуді толассыз ұйымдастыру үшін ЖЖОКБҰ-да қажетті ІТ-инфрақұрылымын құру: тұрақты желілік қосылыстардың, серверлік жабдықтардың, ДСЖ болуы, киберқауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуі;

4) өзара интеграцияланған бір немесе бірнеше платформаларды қолданып оқу үдерісін басқару функционалын толық жабу арқылы ЖЖОКБҰ LMS және ҚББТ платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

5) сапалы контенттің (онлайн курстардың, кейстердің және т.б.) болуы және оқу контентінің бақылауын талап ететін элекронды кітапхана ресурстарымен қамтамасыз ету;

6) білім алушыларға қажетті оқу контентін толық көлемде ұсыну және бақылау іс-шараларының салмақтық коэффициентін баптау мүмкіндігімен электронды журналының жұмыс істеуі;

7) оқытушылардың АКТ-құзіреттілігін арттыру, жеке онлайн курстарды, электронды кейстерді әзірлеу ептілігін, білім алушылардың оқу жетістіктерін критерийлік бағалауын қолдану дағдыларын дамыту;

8) оқытушымен силлабуста ұсынылған түрлі типтегі оқытушы сервистер мен платформаларды қолданумен теоретикалық оқытуды ұйымдастыру (онлайн курстар, асинхронды байланыстар, білім алушыларға қолайлы уақыт, не кесте бойынша онлайн сабақтарды ұйымдастыру);

9) зертханалық, практикалық сабақтар кесте бойынша не кез келген уақытта меңгеру мүмкіндігімен қашықтық форматында өткізіледі. Зертханалық жабдықтардың болуы қажет білім беру бағдарламалары үшін симуляторларды, виртуалды зертханаларды, толықтырылған және виртуалды шынайылық бағдарламаларын, кейстерді қолдану ұсынылады;

10) сабақтардың кемінде 30%-ын асинхронды форматта өткізу ұсынылады;

11) даярлау бағытына және өту орнына байланысты дәстүрлі, қашықтықтан, аралас және т.б. сияқты түрлі форматта кәсіби тәжірибені іске асыру.

12) 1-курс студенттері үшін қыркүйекте күндізгі / қашықтықтан оқыту форматында бағдарлы кезеңнің 2 – 4 аптасын өткізу ұсынылады:

- ЖЖОКБҰ академиялық саясатына ЖЖОКБҰ-да оқыту және бағалау саясатына бейімдеу және таныстыру;

- ЖЖОКБҰ жүйесіне логин мен пароль алу, тіркелу;

- білім беру қызметтерін алу шартын жасау;

- эдвайзермен танысу;

- ЖОБ тіркеу/ жазулар және қалыптастыру;

- СЭР қамтамасыз ету регламентін орындау бойынша нұсқау.

Сонымен бірге келесі жұмыстар бойынша оқыту үшін:


  • электронды кітапханамен;

  • LMS-те және ҚББТ платформаларында;

  • нақты уақытта видеобайланысты қолдайтын платформаларда (Microsoft Teams, BigBlueButton, Skype, GoogleMeet, HangoutsMeet, Lark, Skype, CiscoWebEx, JitsiMeet және басқалары);

  • аралық және қорытынды аттестаттау өткізу процедурасының прокторинг жүйесінде (ProctorEdu, Examus, ProctorExam, ProctorU, Hesperus, ЖЖОКБҰ-мен әзірленген прокторинг жүйесі және басқалары);

  • ЖОО жастар ұйымының жұмысымен танысу және осы ұйымдарға кіру;

Басқа қалалық білім алушылардың күндізгі форматта өткізу кезінде келу мүмкін болмаған жағдайда олар үшін осы сабақтарды қашықтықтан өткізу ұсынылады.

13) 1-курс магистранттары мен докторанттары үшін оқыту жүйесіне бейімделу және танысу (9-тармақшаны қараңыз), сонымен бірге ғылыми зерттеу траекториясын анықтау, ғылыми жетекшіні таңдау және онымен танысу, жеке жұмыс жоспарын толтыру үшін қыркүйек айында 1 – 2 апта күндізгі сабақтарды өткізу ұсынылады.

Басқа қалалық білім алушылардың күндізгі форматта өткізу кезінде келу мүмкін болмаған жағдайда олар үшін осы сабақтарды қашықтықтан өткізу ұсынылады.

14) магистранттар мен докторанттардың машықтануын басқа академиялық кезеңге ауыстыру не қашықтық форматында ұйымдастыру;

15) магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын қашықтықтан немесе СЭР ескере отырып зертханаларда ұйымдастыру;

16) денсаулық сақтау саласында білім алушыларды практикалық даярлау ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы толықтырулармен және өзгертулермен «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша МЖМБС бекіту туралы № 647 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласында уәкілетті органмен реттеледі.

17) Университеттің қашықтықтан оқыту форматына дайындығы курстарға, білім алушыларды тексеруге және прокторингке, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына, телекоммуникация желілеріне, техникалық жарақтауға, университеттің LMS-не, «ЖЖОКБҰ-ның қашықтықтан оқыту форматына дайындығы» чек-парағына қойылатын талаптар критерийлеріне сәйкес анықталады.

42. Аралас формат деп аталатын қашықтықтан оқытудыңң ішінара форматы кезінде оқу үдерісін ұйымдастыру барысында 41-тармақтың 1-10 тармақшасының орындалуы үшін жағдайлар жасалады.

ЖЖОКБҰ онлайн және оффлайн сабақтары үлесінің арақатынасын курстардың мазмұны мен ерекшеліміне байланысты өзі таңдайды.

Академиялық дербестік шеңберінде ЖЖОКБҰ-да аралас оқыту форматын іске асыру кезінде оқу пәндерін 30% аспайтын дәстүрлі форматта оқытуды ұйымдастыруға рұқсат беріледі. Дәстүрлі форматта модуль форматындағы зертхана/студиялық сабақтар өткізіледі.

Білім салалары бойынша оқытуды ұйымдастыру кезінде: Өнер; Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика; Инженерлік, өндіруші және құрылыс салалары; Ауыл шаруашылығы және биоресурстар; Ветеринария; Қызметтер (Көлік қызметтері); Денсаулық сақтау зертхана сабақтарын университет кампустарында өткізуді жоспарлайды.

ЖЖОКБҰ-на сонымен бірге «ішкі академиялық мобильділік терезесін» жоспарлауға рұқсат беріледі, яғни басқа ЖЖОКБҰ-да білім алушыларға онлайн-режимде жеке оқу пәндерін немесе зертхана сабақтарын оқуды ұйымдастыруға рұқсат беріледі.

43. Қашықтықтан оқыту форматына толық немесе ішінара өту жағдайында ЖЖОКБҰ оқытушылары АКТ-құзыреттіліктерін, педагогикалық технологияларды және цифрлық білім берудегі жұмыстардың әдістемелік құралдарын білуі тиіс.

44. ЖЖОКБҰ біліктілік талаптарын белгілейді, ПОҚ аталмыш талаптарға сәйкестігіне үнемі бақылау өткізеді және ПОҚ АКТ-құзыреттіліктері саласында даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді:

1) педагогикалық даярлау: электронды білім беретін контентті/ресурстарды әзірлеуге және жасауға қойылатын талаптарды білу;

2) әдістемелік даярлау; инновациялық әдістемелерді және білім беру технологияларын (жобалық оқыту, оқытуды геймификациялау, төңкерілген оқыту, аралас оқыту және басқалары) меңгеру; жеке онлайн курстарын әзірлеудің әдістемелік амалдарын меңгеру; зерттеушілік құзыреттер (өз қызметін зерттеу, оны талдау және жетілдіру қабілеті); СӨБЖ тиімді ұйымдастыру, ӨБЖ-ға ынталандыру дағдыларын меңгеру;

3) ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдылары: АКТ-құзыреттерінің болуы; жеке онлайн курстарды әзірлей білу; симуляторларды, виртуалды зертханаларды, оқытылатын пәндер бейіні бойынша VR-жүйелерін қолдана білу; нақты уақытта видеобайланысты қолдайтын платформаларды (BigBlueButton және басқаларын) қолдана білу; білім беру ортасын басқару жүйелерін (Learning Environment) білу, мысалы, BlackBoard, Docebo Learn и Google Classroom.

ЖЖОКБҰ-да 2020 жылдың 20-нан 28-тамыз аралығында ПОҚ және персоналдың біліктіліктерін арттыру курстарын өткізу ұсынылады.

45. ЖЖОКБҰ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қашықтықтан оқыту технологияларын қолданумен оқыту қолжетімділігін келесі жолдармен қамтамасыз етеді:

1) оқытудың жеке білім беру траекториялары мен оқу жоспарларын қолдану;

2) видеоматериалдар контентіне субтитрларды, сурдоаудармаларды енгізу және өзге де инклюзия құралдарын қолдану;

3) арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді құру немесе енгізу;

4) бейімделген цифрлық ресурстарды іріктеу немесе әзірлеу;

5) сараланымдық оқу тапсырмаларын қолдану.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет