2.4 Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен мектептің жұмысын жандандыру – аралас және стандартты форматтарға біртіндеп көшу
35. Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйкес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.
36. Оқытудың штаттық және аралас форматтарын ұйымдастыру кезінде мынадай шараларды сақтау қажет:
1) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;
2) әлеуметтік алшақтық үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
3) кабинеттік жүйені алып тастау, әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады;
4) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
5) мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі;
6) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
7) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;
8) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;
9) әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинау;
10) дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
11) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
12) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;
13) мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;
14) барлық лездемелік жиналыстар қашықтық формата өтеді;
15) мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі;
16) мектептің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, аяқкиімге арналған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, термометрия қамтамасыз етіледі;
17) сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен мектептің жұмысын жандандыру - аралас және штатық форматқа біртіндеп көшу тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |