Коронавирустық вакцина: қарсы көрсетілімдері, емі және ұсыныстары
Коронавирустық инфекцияға қарсы ауқымды иммундау бүкіл Қазақстанда жүргізілуде. Кімге вакцина егуге болады, вакцинация процесі қалай жүріп жатыр?
Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. Қазақстан Республикасының «Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация егілген адамның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.
Қандай вакцина?
Gam-Covid-Vac («Sputnik V») вакцинасы осы жылдың тамыз айының ортасында тіркелген. Оны Н.Ф.Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының мамандары жасады.
Препарат өмірлік маңызды дәрілік заттар тізіміне енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |