Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары жаңа редакцияда бұйрыққа қосылып отырған 1-ші қосымшасына бекітілсін



бет3/5
Дата15.04.2023
өлшемі60,71 Kb.
#174573
1   2   3   4   5
Байланысты:
0;;80B82 0 07. 1

2. Паллиативтік көмек көрсету
13. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы сырқаты дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар (үйдегі хоспис) нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
14. Пациентке паллиативтік көмек көрсетілген кезде күндізгі стационар (емхана) және үйдегі хоспис дәрігері пациентті күн сайын тексеріп-қарап, емдеуге түзету жүргізеді.
15. Психологиялық және моральдық қолдау түріндегі паллиативтік көмек емдеудің басқа да түрлерімен қатар кез келген созылмалы, инкурабельді аурудың ерте сатысында жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мейрбике күтімін көрсету
16. Мейірбике күтімі дәрігерлік бақылауды талап етпейтін жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ұйымдарында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады және ауыр науқастарға және оның туыстарына әлеуметтік психологиялық көмек көрсетуді дамытуға жәрдемдеседі.
17. Пациентке мейірбике күтімін көрсету кезінде орта медицина қызметкері күн сайын күтімді жүзеге асырады.
4. Хосписте паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру
18. Хоспис жеке теңгерімі және қаржылық-шаруашылық қызмет көрсету қызметі бар дербес медициналық-әлеуметтік ұйым болып табылады.
19. Құрылымы мен штаттық кестесін денсаулық сақтаудың мемлекеттік басқару жергілікті органдарының келісімі бойынша басшы бекітеді.
20. Хоспистің құрылымы:
1) стационарлық бөлімше;
2) үйде паллиативтік көмек көрсету жөніндегі ұтқыр бригадалардан тұратын көшпелі бөлімшелер;
3) күндізгі стационар.
21. Хоспистің міндеттері мен функциялары:
1) жазылмайтын науқастарды мемлекеттік сонымен қатар жекеше немесе қайырымдылық негізде медициналық-әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа түрлерін іске асыру;
2) терминадық сатыдағы жазылмайтын науқастарға стационарлық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және үйдегі медициналық көмекті жақсарту;
3) науқастарға және оның туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, ауыр науқастарды күту дағдыларына туыстарын оқыту;
4) дұрыс ауырсынуды басатын терапияны таңдау және оны жүргізуді қамтамасыз ету;
5) стационар дәрігерлерінің ұсынымдары бойынша қажетті консультациялық көмекті ұйымдастыру;
6) мамандандырылған ұйымдармен өзара іс-қимыл;
7) үй жағдайында және стационарда науқастарды тегін күтуді қамтамасыз ететін еріктілерді оқыту қызметін құру;
8) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық діни ұстанымдардың діни ұйымдарымен өзара іс–қимылы;
9) үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдармен және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарымен жұмыс.
39. Хоспис:
1) симптоматикалық терапияны;
2) қажетті ауырсынуды басатын терапияны таңдауды және жүргізуді;
3) науқастарға медициналық-әлеуметтік көмекті;
4) науқастарға және оның туыстарына психотерапиялық көмекті;
5) науқасты тасымалдауды;
6) пациенттердің санитариялық-гигиеналық білімін;
7) заңдық консультация беруді және пациенттер мүддесінің құқығын қорғауды;
8) науқастарды паллиативтік емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізуді және оны меңгертуді;
9) дінге сенетін науқастарды хосписте болу кезінде діни орындарға осы діни бірлестік Қазақстан Республикасының аумағында ресми тіркелген жағдайда жіберу мүмкіндігін ұсынуды;
10) хоспис қызметінің тиімділігіне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.

Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары


1-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет