Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 граммдай ғана. Бұл ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 г. Алғашқы жылы көз алмасы көзшарасынан жылдамырақ өседі де баланың көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90%болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі. Дегенмен көз шарасының алдыңғы-арткы диаметрі ересек адамныңкөзінің 95% ғана болады, яғни сәл жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді.