Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау жасау



Дата08.02.2022
өлшемі20,42 Kb.
#124340
Байланысты:
Ê?øáàñøûëû? ïåí æåòåêø³ë³êêå ñàëûñòûðìàëû òàëäàó æàñàó


Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау жасау.

Ортақ белгілері:
Жеке адамдармен және топпен тиімді қарым-қатынас жасай білуінде. Қарым-қатынас - адамға немесе командаға жетекшілік ете алатын кезде ең негізгі қабілеті.

Лидер (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән.

Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу
қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы.
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға
бағыттай алады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет