Көшбасшылық теориялары және жалпы мәселелері.
1. Көшбасшылық феномені.
2. Көшбасшылықты анықтаудың әртүрлі тәсілдері.
3. Менеджмент пен көшбасшылық арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
4. Көшбасшылық-бұл ғылым мен өнер
Көшбасшы феномені адамның қасиеттері, оның ерекшеліктері, айырмашылықтарды тануы болып табылады. Көшбасшылық тұлғаның қалыптасуына отбасынан бастап, одан кейінгі кезеңдердегі орталардың қай – қайсысының да әсері мол болатыны сөзсіз. Соның ішінде бұған адамның жастық шағы, жасөспірім кезеңі де үлкен рөл атқарады. Көшбасшысының тұла бойындағы елден ере қасиеттері оның адамды және оған қатысты оқиғаны есте сақтайтын керемет қабілеті, үнемі бәрін ұғуға, түпкі мәніне жетуге, сұхбаттасушысын мұқият тыңдауға және түсінуге тырысатыны болып табылады.
Көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жауапкершілік, іскерлік т.б. қасиеттермен қабілеттер тән. Көшбасшылық – топтағы табиғи әлеуметтік – психологиялық процесс. Көшбасшы тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана көшбасшының айтқанымен жүрмей оның артынан ергісі келеді.
Көшбасшының негізгі қасиеттерінің бірі, тек қана жастар арасында емес бизнеске және өзгелердің арасында болу. Сәннің негізгі үлгілерін, жаңалықтарды білу, өзгелерге жетімсіз ақпараттардан хабардар болу. Яғни, үлкен білгірлік, ақпарататтың үлкен көлеміне ие болу қажет. Ақпаратқа ие болу – ресурс, осы ресурсты ие болушы адам өзгелерге әсер етуі мүмкін. Көшбасшы қай жерден, және қандай ресурс алу керектігін біледі.
Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады. Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
Көшбасшының тағы бір ерекшеліктердің бірі – алдына мақсат қойып, оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет. Ол мақсаттар жұмысқа, қарым-қатынастарға, өзін-өзі дамытуға немесе материалды нысандарға бағытталса да, ең бастысы үдеріс әр уақытта бірдей жүреді. Белгілі бір мақсатқа жету үшін көшбасшыға мәселелерді шешіп, соған сәйкес шешімдер шығару керек. Болашаққа мақсаттарды құру мен оларды орындауға бағытталған адамның ұмтылысы оның бойында керекті қасиеттерді сіңіртеді, белгілі бір әрекеттерге ынталандырады. Сондай-ақ ол неғұрлым тезірек тиісті шешім қабылдаса, соғұрлым оның жұмысы өнімді болады. Мақсатқа жету кезінде көшбасшы сабырлы және дипломатты болуы керек. Ол қасиеттер өзіне деген сенімділікпен және жақсы жасалынған жұмысты көре алумен қатар жүруі тиіс. Екінші жағынан, ол қайсарлығымен де танылу керек, басқа жағдайда жоғарыда айтылған қасиеттер әлсіздіктің белгісі болып қалмақ.
Көшбасшылықтың фундаменталды қағидаларының бірі ұйым ішінде басқалардан өзіне деген жақсы қарым-қатынас пен жақсы жұмыс орнын күтуі болып табылады. Егер бұл күтулер жиі орындалып тұрса, онда оның нәтижелері де жақсы болады. Ол күтулердің орын алмауы мен әр кездегі сенімсіздік нәтижесінде адам бойында жағымсыз сезімдер туады. Көшбасшының тағы бір оң қасиеті – оның қайсарлығы болып табылады.
Көшбасшылықтың адамның жеке қаситтері мен олардың пайда болу жағдайларын да ескеретін бірнеше теориялар бар. Олардың ішінде ең танымалы – Фред Фидлердің (Fiedler) көшбасшылықтың жағдайлық теориясы (contingency theory of leadership) болып табылады. Ол теория бойынша көшбасшының тиімділігі оның тапсырма мен қарым-қатынастарға қарай бағытталу деңгейі бойынша және оның қол астындағы топты басқара алуы мен оған әсер ете алу деңгейімен анықталады. Фидлер ұсынысы бойынша көшбасшыларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Бірінші топ көшбасшылары басым түрде мақсатқа бағытталған , екінші топтағылар қарым-қатынасқа бағытталған. Мақсатқа бағытталған көшбасшы (task-oriented leader) жұмыс жақсы, тиянақты орындалсын деп бақылайды. Бұл кезде қызметкерлердің сезімдері мен қызығушылықтары ескерілмейді. Бұл стильдің артықшылықтары – шешімдерді қабылдау жылдамдығы, ортақ мақсатқа ие болуы мен қызметкерлерді қатаң түрде басқару. Өз кезегінде, қарым-қатынасқа бағытталған көшбасшы (relationship-oriented leader) қызметкерлер арасында пайда болатын қатынастарға ерекше қызығушылық танытады. Ол жұмыс тиімділігін адам қатынастарын жақсарту арқылы көтеруге мақсат қояды. Оның ішінде қызметкерлердің жұмыс барысында бір-біріне көмектесуін марапаттайды және олардың белгілі бір мақсатқа жету кезіндегі жасалынатын маңызды шешімдерге қатысу дәрежесінің жоғарғы олуын бағалайды, сонымен қатар қарамағындағы жұмыс істейтін адамдардың көңіл-күйі мен қажеттіліктеріне ерекше назар аударады. Одан кейінгі жасалынған зерттеулер барысының нәтижесінде, – әрине, жұмыстың жақсы жасалғанымен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастарға да ерекше көңіл бөлетін көшбасшылар бар екендігі анықталған болатын. Фидлердің ойы бойынша бұл екі типті көшбасшылардың бір-бірінен артық тиімді жағы жоқ. Барлығы орын алған жағдай мен оның сипатына байланысты ғана болмай, сонымен қатар көшбасшының өзіне қарасты топқа әсер ете алуы мен басқара алу деңгейіне де тәуелді болады.
Мақсатқа бағытталған көшбасшылар бақылау деңгейінің өте жоғары немесе өте төмен кезде болуында тиімді болады деп анықталған. Бақылау жоғары болған кезде қызметкерлер жайдары болып жүреді. Ол кезде қызметкерлер жақсы көңіл-күйде болады, олардың бұл уақыттағы эмоционалдық жағдайы туралы алаңдаудың еш қажеті де болмайды. Осы жағдайда көшбасшы алдына қойған мақсаттарға жету жолында үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бақылау деңгейі төмен болса, тапсырмаға бағытталған көшбасшыға орын алған жағдайды түзету үшін қызметкерлер жұмысын одан да жақсы ұйымдастыруға болады. Ол өзіне берілген міндеттерді қолданып, басқаларға бұйрық беру арқылы ортада пайда болған жайсыздық пен түсініксіз жұмыс ортасын болдырмау мақсатында белгілі бір тәртіпті енгізе алады.
Тәжірибеде осы екі типтегі басқару қатынастарының сақталуы байқалмайды. Зерттеулердің көрсетуінше, көптеген менеджерлер көп жағдайда көшбасшылық қасиеттерге ие. Бірақ кері жағдай шынайы өмірде көбірек кездеседі.
Көшбасшылық кезіндегі күш көп жағдайда өзін-өзі көрсету және оятумен алмастырылады. Көшбасшылық әдіс-тәсіл нәтижесіндегі іс-әрекет адамдардың көшбасшыны ешқандай талапсыз немесе биліктің тікелей әсерінсіз қабылдауға негізделеді. Көшбасшының адамдарға әсер ету қабілеті оған билік пен беделді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда көшбасшылық қатынаста оның соңынан ерушілер көшбасшы өзінің құзыреттілігі мен құндылығын дәлелдегенде бизнестің құрамдас бөлігі деп біледі. Көшбасшы өзінің билігін оның соңынан ерушілерден алады. Өзінің позициясын қолдау үшін көшбасшы өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Адамның тұлғалығы (личность) адамзат үшін ашылмаған құпия қасиеттердің бірі болып қала береді. «Адамдар тек жартылай ғана түсінуге болады - , деп жазған белгілі орыс философы Н.А.Бердяев әрі қарай былай жалғастырған, тұлғалықтың құпиясы, оның бірегейлігі ешкімге де түсінікті болмаған. Адами тұлғалық әлемге қарағанда да құпия түрде болып келеді. Адам – микро космос және ол бәрін да қарастырады».
Аталған әлеуметтік феноменді жан-жақты талдау үшін кейбір түсінікті ашу керек – «адам», «индивид» немесе «жеке бастама», «тұлғалық» және «жекелік». Бұл түсініктер мазмұны бойынша бірдей емес: олардың әр қайсысы адамның жеке тұрмысының ерекше аспектілерін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |