Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Шынайы көшбасшылықтың теориялық тәсілін жазыңыз



бет73/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Шынайы көшбасшылықтың теориялық тәсілін жазыңыз.



Шынайы көшбасшылықтың теориясы әлі де даму сатысында болғаны-на қарамастан, ол әлеуметтік ғылымдарға арналған әдебиеттерде кездеседі (қараңыз: Kumar, 2014; Leroy, Anseel, Gardner, & Sels, 2015; Peus, Wescher, Streicher, Braun, & Frey, 2012). Бұл бөлімде біз шынайы көшбасшылықтың негізгі компоненттерін анықтап, олардың өзара қалай байланысты екенін си-паттаймыз.Теориялық тәсілдің пайда болу тарихы. Жұртшылықтың «шынайы-лыққа» қызығушылығы үнемі өзекті болғанымен, шынайы көшбасшылық
жайындағы зерттеулер жуық арада ғана пайда бола бастады. Лютанс пен Аволио (2003) осы тақырыптағы алғашқы мақалалардың бірін жариялады. Онда шынайы көшбасшылықтың дамуына және позитивті ұйымдық білімге назар аударылды. Шынайы көшбасшылық туралы бастапқы зерттеу еңбегі Небраска университетіндегі көшбасшылық саммитінің ұйымдастырылуына алып келді. Бұл саммитті Гэллап көшбасшылық институты ұйымдастыр-ды және ол шынайы көшбасшылықтың сипаты мен оның дамуына арнал-ды. Саммиттің қорытындысы бойынша жарияланымдардың екі жиынтығы пайда болды: (1) 2005 жылғы жазда жарияланған The Leadership Quarterly журналының арнайы шығарылымы және (2) 2005 жылы Leadership and Management журналында жарияланған «Шынайы көшбасшылық теориясы мен процесі: пайда болу тарихы, ықпалы және дамуы» атты монографиялар.Шынайы көшбасшылыққа деген қызығушылық 11 қыркүйек күнгі оқи-ғадан кейін арта түсті. Бұл кезде АҚШ-ты үлкен әлеуметтік күйзеліс пен тұ-рақсыздық жайлаған еді. 11 қыркүйектегі лаңкестік, кең таралған корпора-тивтік жемқорлық және тұрақсыз экономика – мұның бәрі адамның бойын-да көшбасшылық жайында сенімсіздік пен қорқыныш туғызды. Этикадан жұрдай әрі тиімсіз көшбасшылықтың кеңінен таралуы ортақ игілікке қыз-мет ететін әлдеқайда адами және құрылымдық көшбасшылықтың қажеттігін көрсетті (Fry & Whittington, 2005; Luthans & Avolio, 2003).Бұған қоса, зерттеушілер Басс (1990) және Басс пен Штейдлмайердің (1999) еңбектерін шынайы трансформациялық көшбасшылықтың мағына-сына қатысты кеңейту керек екенін ұқты. Шынайы көшбасшылықтың ма-ғынасын қолданысқа енгізу, сондай-ақ оны түсіндіретін теориялық негізді құру қажет болатын. Шынайы көшбасшылықтың теориясын ойлап табу үшін зерттеушілер көшбасшылық, позитивті ұйымдық білім және этика се-кілді салаларға сүйенді (Cooper, Scandura, & Schriesheim, 2005; Gardner et al., 2005b).Теорияны әзірлеудегі зерттеушілер бетпе-бет келген басты қиындық – оның құрылымын анықтау мен сипаттарын табуда еді. Осы тараудың басын-да талқылағанымыздай, шынайы көшбасшылық әртүрлі жолмен анықта-лады. Ал әр анықтамасы процестің әртүрлі аспектісін басты назарға алады. Осы тарауда біз Валумбва мен оның әріптестері (2008) ұсынған анықтаманы қарастырмақпыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет