Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


тиімділігін;  тұтқырлығын  және  рН-деңгейін  қамтиды



Pdf көрінісі
бет823/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   819   820   821   822   823   824   825   826   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

тиімділігін;  тұтқырлығын  және  рН-деңгейін  қамтиды. 

Қолайлылық  диапазонын  және  басқа  да  шектеу 

факторларын  әдетте  өндірушілер  өздері  белгілейді.  Бұл  тесттер  алдыңғы  бөлімдерде  талқыланғандықтан, 

мұнда қайтадан қарастырылмайды.



Жалпы тиімділік (өнімділік) параметрлері сыналады



Ең жиі тексерілетін тиімділік параметрлеріне 



шаштың  таралуы  мен  қайызғаққа  қарсы  сусабындардың  микробқа  қарсы  белсенділігі  кіреді. 

Бұл 


бағалаулар осында талқыланады.

Кондиционерлеу  әсері  (Шаштың  таралуы) 

Бұрын  талқыланғандай,  шаш  кондиционерлері  әр  түрлі 

механизмдер арқылы шашты сәндеуді жақсартады. Шаш кондиционерлерінің кондиционерлеу әсерін бағалау 

үшін стандартты сынақ хаттамасы жоқ; дегенмен, салада әзірленген кейбір тәсілдер бар. Ең кең қолданылатын 

тәсілге  тарау  бойынша  аспаптық  эксперименттер  жатады.  Бұл  әдістеме  шашқа  күтім  жасаған  кезде  тарақ 



388

пен  шаш  арасындағы  үйкелісті  өлшейтін  механикалық  сынақ  құрылғысын  пайдалануды  қамтиды.  Демек, 

кондиционер  жағылмаған  шаштарға  қарағанда  жағылу  қасиеті  өңделген  шашқа  күтім  жасауға  салынатын 

күштің азаюы бойынша бағаланады (бақылау). 

Сынақта  (5.7-суретте  бейнеленген)  шаш  жүктеме  датчигіне  ілінген,  яғни  созылуды  сынауға  арналған 

құрылғының  көлденең  пішімді  саптамасына  байланыстырылған.  Шаш  тараққа  жақын  тігінен  ұсталады. 

Бұйрықты алып, жабдықтың тұтқасы қозғалыс барысында қажетті болған күштерді тіркей отырып, тарақты 

шаштың бойымен түсіреді. Жүрістің соңында тарақ механикалық ажыратылады және тарақтың келесі циклын 

бастау үшін бастапқы жағдайға қайтарылады.

42

  Сынаушы құрылғы кондиционерлеуден кейін тарақтың төмен 



қарай қозғалысын өлшейді. Бұл тест әртүрлі тәсілдермен бапталып, дымқыл және құрғақ шаш үлгілерінде 

қолданылуы мүмкін.



Қайызғаққа қарсы сусабын тиімділігі 

АҚШ-та қайызғаққа қарсы препараттар рецептсіз сатылатын дәрілік 

заттар болып саналады, олар тиімділігі дәлелденуі тиіс. Қолдануға болатын тесттердің ықтимал түрлері: (i) 

белсенді  агенттің  (агенттердің)  қатысуымен  ашытқыларды  өсіру  жолымен  зертханада  жүргізілетін 



in  vitro 

 

тесттері және (ii) өнім адамдарда тестіленетін 



in vivo 

 тесті. Субъектілерді топтарға бөлуге болады (бір топ 

қайызғаққа  қарсы  сусабынды  қолданады,  ал  екіншісі  –  плацебо;  яғни  қайызғаққа  қарсы  сусабынға  ұқсас 

сусабынды,  бірақ  оған  қарағанда  ешбір  белсенді  ингредиентсіз  сусабынды  қолданады)  және  екі  топтың 

нәтижелері салыстырылады. Ең жақсы тәсіл – субъектілер өздері бақылайтын, яғни алдымен дәрі-дәрмексіз 

сусабынды, содан кейін қайызғаққа қарсы сусабынды қолданылатын кезде. Осылайша, бір адам екі формуланы 

жеке өзі қолдаынп, салыстыра алады. Бұл тәсілдің бір түрі субъектілер бас терісінің бір жартысында плацебо 

сусабынды және екінші жартысында емдік сусабынды ("бас жартысы"әдісі ретінде белгілі) қолданған жағдай 

болып табылады.

43

,

44

Салыстыруды жеңілдетіп, шынайы жағдайға ұқсатады. Зерттеу соңында тиімділік бақылау өнімдерімен және 



бастапқы нәтижелермен салыстырылады және айырмашылықтың маңыздылығын анықтау үшін статистикалық 

талдау жасалады. Келесі параметрлер әдетте тексеріледі және өнімдердің тиімділігіне байланысты болады: 

субъективті параметрлер (қышу және ашыту) және объективті параметрлер (қабыршақтың салмағы, өлшемі, 

көлемі, кескін талдауы арқылы анықталатын бас терісі қабыршығының көлемі мен ауданы).

45



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   819   820   821   822   823   824   825   826   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет