Коучинг жоспары Оқу мен оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану



Дата21.04.2017
өлшемі3,32 Mb.
#14305
түріСабақ
Коучинг

Коучинг жоспары

Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді

топтық жұмыстар арқылы қолдану

Тақырыбы

Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі


Мақсаты

мұғалімдердің іс-орынын айқындау, белсенділікке ынталандыру, топтық жұмыс туралы маңызды ақпарат алу

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:


-ортада жайлы әрекеттестікті орнату ,әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;

-өз идеяларын зерделеп,өзара әрекеттестікті орнату;

-мұғалімдердің белсене қатысуына көмектесу;


Оқытудың нәтижесі

Күтілетін нәтиже


Сабақ соңында әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;

ортада жайлы әрекеттестік орнатады ,әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды;

-өз идеяларын зерделеп,өзара әрекеттестікті орнатады;

-мұғалімдер белсене қатысады;

•Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.

• Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.

• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.


Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, миға шабуыл, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, АКТ, СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Ресурстар

Интернеттен қосымша материалдар

Қолданылған құралдар:

ватман, А4 парағы, АКТ, маркер, түрлі-түсті қағаздар, суреттер, түймелер

Коучинг барысы





Коуч әрекеті

Мұғалім әрекеті

Уақыты

1

2

3


4


Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Мұғалімдерге қағаз таратылады, олар есімдерін және өздерінің айналысатын сүйікті ісін сурет арқылы бейнелейді. Шарты: мұғалімдер шеңбер ішінде бір-біріне қарап, қасындағы адамдармен танысып, сүйікті ісі туралы айтады.
Топ құру: түрлі-түсті түймелер арқылы топқа бөлу
Ой қозғау

«Шалқан» ертегісін оқу

Рөлдер таратылады (шалқан, шал, кемпір, немере, ит, мысық, тышқан)

1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай іс-әрекетті байқадыңыздар?

2. Топтық жұмыс тәсілді қаншалықты жиі және қалай қолданасыздар?

3.Сіз мысал келтіре аласыз ба?


Қалай ойлайсыздар бүгінгі коучингіміздің тақырыбы қандай?

Осы кезде тақырыпты хабарлаймын. (Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі)




Есімдерін жазып, сурет салады


Әріптестерімен танысып, сүйікті ісі туралы айтады

Түрлі-түсті түйме арқылы топтарға бөлініп отырады.

Талқылау-мұғалімдер өз идеяларын зерделейді өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді, белсенді түрде қатысады.

Олар топтық жұмыстың тиімділігі туралы ой бөліседі




5 минут

2 минут

3 минут




5

Миға шабуыл: 

Тақтадағы суреттерге қарауды ұсынамын



  1. волейбол

  2. футбол

  3. хоккей

Сіздер мына суреттерден қандай ой түйіндер едіңіздер?




Мұғалімдер суреттерге қарап, өз ойларын білдіреді

3 минут


6

1-тапсырма

Топтарға ватман таратылады. Постерді әзірленуге – 7 минут; қорғауға – 5 минут беріледі

  1. топ Топта жұмыс істеу ережелері

  2. 2- Топ Топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызы

  1. Топ Топтық жұмыстың тиімсіздігі

Бағалау парағын толтыру.


Топтар ереже құрастырады

Топ мүшелері бағалау парағын толтырады




12 минут

3 минут

7

Сергіту сәті «Көңілді күн»

Мұғалімдер сергіту жаттығуын орындайды

2 минут

8

2-тапсырма

«Көмбе»

Бүгін біз сіздермен жасырылған көмбені іздейміз. Ол үшін сіздерге Қазақстанның картасын ұсынамын. Тапсырманың шарты бойынша

1- топ Шығыс Қазақстанның Өскемен қаласында тұрады, 2- топ – солтүстік Қазақстанның Петропавл қаласында, ал 3- топ –батыстың Орал қаласында тұрады. Сіздердің міндеттеріңіз: көмбеге жетудің жүру бағыттарын картада белгілер, көмбеге жету.

Керемет, бірігіп отырып сіздер көмбеге жетудің бағыттарын анықтадыңыздар.


Мұғалімдер бағыттарды анықтайды

10 минут


9

Кері байланыс:

1. Қалай ойлайсыздар, сабақ барысында топтық жұмысты қолдану қаншалықты тиімді?

2. Өз сыныбыңызда топтық жұмысты қолданасыз ба?

3. Топтық жұмыс барысында көшбасшы оқушының рөлі қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар?






Мұғалімдер сұраққа жауап бере отырып, сабақ барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып, шынайы түрде жауап береді.





3 минут

10

Бүгінгі сабаққа рефлекция жазуды ұсынамын (кір қыстырғышқа ілуді ұсынамын)


рефлекция жазады.


2 минут


Каталог: materialy -> kembridzh
materialy -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
kembridzh -> Lesson Study сабақ зерттеудегі жаңаша әдіс
kembridzh -> Алматы облысы, Ақсу ауданы Бастауыш сынып мұғалімі Г. С. Түбекбаева
kembridzh -> Дәуітова Кенжегуль Жүсіпқызы №42 Фурқат атындағы жалпы орта мектеп директор орынбасары Сайрам ауданы
kembridzh -> Тақырыбы Диалогтік оқыту-сұхбаттасудың, өзара тілдесудің тиімді құралы
kembridzh -> «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулінің тізбектелген төрт сабақтар топтамасында қалай іске асқаны туралы рефлексивтік есебі
kembridzh -> Аяқтаған география пәні мұғалімі Дарменова Бакытгуль Джагипаровна


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет