Коучинг-сессия: «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану»



Дата26.08.2017
өлшемі5,81 Kb.
#27992
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Коучинг-сессия:
  • «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану»
  • «АКТ ықпалы мұғалімнің пәндік білімінің деңгейіне, педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, сондай-ақ олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлығына байланысты » Кокс пен Уэбб (2004).
  • Жалпы мақсат:
  • Оқыту мен оқуда мұғалімдерге АКТ-ның барлық мүмкіндіктерін іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау
  • Түйінді идеялар: АКТ-ны сабақта не үшін пайдалану қажет?
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер технологиялар жаңартылып отырады. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.
  • Жеке балалармен жұмыс жүргізуде өз сабағыңызда АКТ түрлерін пайдаланып, әр-түрлі ойындар, жарыстар, тест жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп,осы сәттерде бала бойындағы тапқырлық, бейімділік, қабілеттілік, таланттылық байқалады. Мұның бәрі де оқушы бойындағы дарындылық қасиет.Сабақта АКТ түрлерін пайдалану оқушыларға ұнайды.
  • АҚТ –ны қолдану арқылы өткізілетін сабақтарда баланың денсаулығын сақтауға аса назар аудару қажет. Сабақ жоспарына сергіту сәтін, динамикалық үзіліс, көзге арналған жаттығулар, денсаулық сақтау технологияларын міндетті түрде енгізу керек
  • Көз жаттығулары:
  • 1. Көздің қарашығымен оңға(солға), жоғары(төмен) басты бұрмай қараймыз. Көзді барынша бұру керек.
  • 2. Көздің қарашығын сағат тілімен және сағат тіліне қарсыбағытта айналдырамыз. Одан кейін көзді жұмып осылай жасаймыз.
  • 3. Тік отырып айналады ең алыс нүктеге қарап бірден ең жақын нүктеге қараймыз басты бұрмай
  • 4. Көздің қарашығымен ауада"8" санын саламыз. Сан неғұрлым жақсы салынса соғұрлым жақсы
  • Айта кететін жайт: Жоғарыдағы жаттығулардың барлығын адам көтеріңкі көніл-күймен жасағаны абзал.
  • Әр жаттығуды 8-10 реттен қайталау керек. Бірақ жаттығуларды жасаймын деп көзді шаршытып алуға болмайды!
  • Басында аз-аздан бастаған жөн.
  • Рефлексия
  • “Алты қалпақ”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет