Д а м у сат ыларыныц гет ероморфты кезектесуі.
Ж апырақ тактасының
бетінде
көптеген зооспоралары бар зооспорангиялар тузіледі (диплоиды
ламинария). Зоспоралар түзілу барысында редукциялы бөліну жэне көптеген
гаплоидты зоослоралардын пайда болуы катар жүреді. Әрбір зооспора
м икроскопиялык өскінге айналады. Бір өскіндер аналык, ал екіншілері
аталыкка айналады. А налык өскінде жұмыртка клеткалары дамитын оогония
түзіледі, ал аталык өскінде сперматазоидтары бар антеридиялар түзіледі.
Бүлардын қосылуы нәтижесінде жаңа ламинария
өсіп шығатын диплоидты
зигота пайда болады.
Д а м у сат ыларының изоморфты кезектесуі (диктиота).
Спорофитте
ш артәрізді, коңыр түсті тетраспорангийлер түзіледі.
Тетраспорангийлерде 4
шар пішінді тетраспора
дамиды. Редукциялы бөліну барысында оларда
гаполоидты хромосомалар жүбы пайда болады. Гаплоидты тетраспоралардан
сырткы белгілері спорофитке үксас балдырлар өсіп шығады. Алайда олардын
бірінен жүмыртка клеткалары бар оогоний тузіледі, ал екінші біреулерінде
сперматозоидтары бар антеридийлер пайда болады. Ж ұмыртка клеткасымен
сперматозоид бір-біріне күйылып. диплоидты зигота пайда болады, ал одан өз
кезегінде диплоидты диктиота дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: