Кредит саны -2 Практикалық сабақ – 30сағат соөЖ –30 сағат



бет1/6
Дата02.07.2018
өлшемі0,87 Mb.
  1   2   3   4   5   6
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін» Институт директоры

_______________

М.М.Нагимова

қолы аты-жөні

«__»__________ 2010ж.

«Мәдениет және өнер» институты

«Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

ансамбль

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – 1
Семестр –1,2

Кредит саны -2

Практикалық сабақ – 30сағат

СОӨЖ –30 сағат

СӨЖ - 30 сағат

Барлығы – 90 сағат

Орал 2010 ж.

Пәннің оқу әдістемелік-кешені __Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының __Алматы 2003ж.________________________________

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.


Құрастырушы(лар): Оқытушы ШакеноваА.Н.____________

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

__“ _қыркүйек 2010 ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі: _Бабенко О.А.___________________ ________________

(аты-жөні) (қолы )


Мәдениет және өнер_институттың оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

_қыркүйек 2010 ж. № 1 хаттама




Мәдениет және өнер_институттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы

Өтегенов И.Ө. (аты-жөні) (қолы )

1. Пәннің оқу әдістемелік-кешені __Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының __Алматы 2003ж

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
2.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты-жөні: Шакенова А.Н.

Офис: «Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

Жұмыс мекен – жайы: Достық,162

Жұмыс телефоны: 51-27-39

E – mail:
Пән туралы мәлімет
Ансамбль
Кредиттің аптаға бөліну кестесі (2 кредит мысалында келтірілген):


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

( практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ ,СӨЖ

50 + 50 мин.

Байланыс сағаты 2

( практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ ,СӨЖ

50 + 50 мин.

Кредит саны-1

Өту орны: № 4 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме: (2 кредитке)


Курс

Семестр

Кредит саны

Практика

лық сабақтар



ОЖСӨЖ

СӨЖ

Емти

хан


Барлығы

1

1.2

1

30

30

30

*


90



Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат беріледі:

-пәннің мақсаты мен міндеттері,

-пререквизиттер (білім,дағдыларға негізделу үшін міндетті түрде алдын-ала оқылуы тиіс пәндер),

-постреквизиттер (пән соңында алатын білімі, дағдылар тізімі),

-оқыту әдістемесі.

Пән бойынша мағлұмат:Қазақтың классикалық дәстүрлі музыкасы – телегей-теңіз ғажайып рухани мұра. Ол ата-бабаларымыз жасаған көшпелі мәдениеттің құндағында дүниеге келіп, біздің өмірімізбен біте қайнасып келеді. Заманымызға Боғда мен Ұзақ, Дәулеткерей мен Құрманғазы, Қазанғап пен Тәттімбет, Абыл мен Адай, Байсерке мен Мәмен, Түркеш пен Сейтек, Дина мен Сүгір сынды кемеңгер күйшілер арқылы жеткен ұлттық домбыралық классикамыз, бұл – бүкіләлемдік қазына. Күй өнерін XX ғасырда қазақ және орыс ғалымдары зерттеп, өздерінің симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен пайдаланған. Қазақ күйі қазір өз отаны – Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен Американың шырайлы салтанатты сахналарынан да естілуде. Қазіргі заманғы музыкалық өмір күйлердің әртүрлі нұсқадағы үндермен толған. Олардың кейбірі әдейі, белгілі бағыт-бағдармен қолдан жасалған болса, кейбірі өмір ағымымен өзінен-өзі туындаған.Бүгінгі таңдағы кәсіби домбырашыларды оқытып-үйрету, нота бойынша жүргізіледі.

Курс мақсаты: Кәсіби орындаушылық шеберлік негіздерін тәжірибеде меңгеру. Шығарманың көркемдік деңгейін мазмұнын ашу. Дәстүрлі музыка өнерін кәсіби орындаушылық жоғары деңгейде меңгеру.Ұлттық білім бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету. Білім сапасын әлемдік дәрежеге көтеру. Студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алу және білімін жетілдіру қабілетін дамыту.

Курс міндеті: Домбыра аспабын ыңғайлы ұстап, дұрыс отырып үйренудің мәні зор. Домбырашының жалпы музыка танымы аспапты игеру тәсілдерімен тығыз байланыста қатар дамып отыруы керек.Оқытушы сабақ барысында шәкіртінің ой-өрісі мен қабілетіне қарай күй өнерін жан-жақты талдап, тереңдете түсіндіріп отыруы тиіс.

Пререквизиттер: қарапайым музыка теориясы, сольфеджио

Оқыту әдістемесі: практикалық түрде шығармаларды аспапта көрсете білу.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар,түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Сабақ мазмұны мен кестесі
Сабақтың кез- келген түріне қолданылатын материалдардың тізімі мен атауы көрсетілген «техникалық оқу құралдары» (немесе демонстрациялық және қосалқы материалдар) деген бөлім енгізуге болады.
1 практикалық сабақ

Тақырып ; Кіріспе сабақ. Дәстүрлі орындаушылық төкпе және шертпе мектептері.халық әні «Бір бала»

Практикалық сабақ мазмұны ;қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.

(қарастырылатын мәселелер)



Әдебиет;А. Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»

«Өнер» Алматы-1992 ж. 50 бет.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану,үнтаспа.

ОЖСӨЖ мазмұны :Әр ұлттың өзіндік болмысын ерекшелейтін тұстары салт – дәстүрі, тұрмыс – тіршілігі – осыған орай бедерленетін мәдениеті, өнері. Ұлы ойшылымыз Абай айтқандай дүниеге өлеңмен жер қойнына еніп, тал бесіктен, жер бесікке дейін әнге бөленіп, күйге тербеліп саналы ғұмыр кешкен дана халық. Домбыра аспабы – бар болмысымызды шанақ мұрағатында хаттап, оның картотекасын өз пернесінде сақтаған. Қазақ өнерінің жарқын болашаққа қадам басуы көшінің басшысы – академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов. Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде 1980 жылдардан бастап оқытыла бастады. Домбыра өнерінің , оны үйрену , үйретудің ұзақ ғұмырнамалық тарихы бар. Ол сонадан жеткен дәстүрлі құйма – құлақ әдісі. Домбыраны сан жүйесімен үйрету. Есте сақтау қабілеті төмен үйренушіге тиімді әдіс. Бұл тез үйренумен қатар нота сауатын қажетсінбейтін домбырашыға арналады. Құйма – құлақ – бұл дәстүрлі күй үйрету мектебі. Құйма – құлақ әдісінің ғасырлық тарихы бар. Ол заманда да, қазірде күй ғұмыр боп өскен ауыл баласы құлақпен қабылдаған , қолын қойып ешкім үйретпеген. Кәсіби, нота сауаты. Домбырашы мамандығын қалаған студенттің үйрену жолы. Дәстүрлі құйма – құлақ әдісі нота сауатымен қатар жүргізіледі. Құйма – құлақ әдісі, жалпы домбыра үйрету мектебінің өзегі, халықтық негізі. Алғашқы үйрету кезеңдеріндегі басты назарда ұстайтын қағидалар; ер және қыз балалардың отырысындағы айырмашылықтар, музыкалық танымы, бұрын аспаппен таныстығы, керекті оқу құралдары, оңтайлы аспап, орындық , оқу құжаттарытыр. Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек. Аспап құрылымымен , күтімімен танысу.

СӨЖ мазмұны: отырыс,оң қол мен сол қол қойылымымен жаттығу, қағыспен жаттығу, күйді орындап жаттығу Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек.. А.Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» «Өнер»Алматы-1992 ж. 55- бет.
2 практикалық сабақ

Тақырып: М.Әубәкіров «Фантазия» Шығарманың даму желісін динамикалық, темптік белгілері арқылы аша білу.

Практикалық сабақ мазмұны : Төкпе күйдегі буындар мен кіші сағаны меңгеру үшін әуелі ашық ішектердегі ( ре-соль ) дыбыстардан басталатын күйлерді үйрену. Кейін жабық ішектен басталатын күйлерді үйренген жөн.Бас буын ( б.б )., орта буын ( о.б.)., кіші және үлкен саға деп аталатын төкпе күйдің құрылымы.Бас буында күйдің кіріспесі мен ырғақтық жобасы, ал негізгі буында тақырып пен ырғақтық негіздері беріліп, орта буында олар одан әрі жалғасады. Кіші сағада күй тақырыбы біршама дамып, үлкен сағада өз даму сатысының шарықтау биігіне көтеріледі. . Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек. Аспап құрылымымен , күтімімен танысу керек .

Әдебиет: К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» «Өнер» Алматы 2002ж. 141- бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Студентті үйрету бағытын анықтау – нота сауаты қолдан алу. Себебі есте сақтау , есту , таза дыбыс мәдениетін қалыптастыру , қабылдауы тез студенттерге қолдан үйренген тиімді. Бүгін үйренгенін келесіде ұмытып отырған студентке сан жүйесінен , нота сауатынан қолайлысы жоқ. Бірақ қысқа , қысқа әуендерді , қарапайым қимыл , қағыстардан бұлармен де жеміске жетуге болады. Бастапқы сабақтарда үйге көп тапсырма берілмейді , кластағы сабақты да бірнеше бөліммен өткізген дұрыс. Арасында аспап құрылымын сұрап , нота жазғызып , әр алуан бағытта, студентті демалғызып өзі күй орындап ойластырған ұстазға шексіз амалдар баршылық. Бір сабақты бірнеше бөлікке бөлу. Осындай шараларды іске асырғаннан кейін , отырып аспапты ұстап үйренгеннен кейін , оң қолға төмен қағыс үйретуден басталады. Жаттығуды тиексіз бастайды. Себебі қағыстың бағытын , қолының салмағын сезінуі үшін студенттің қолына кедергі болмағаны жөн. Жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Жоғары қағысқа кейде жұлқи күш салады, болмаса қолды түскен бағытынан бұра тартады.Буындарға жаттығу, қолдың ішекке жанасуына жаттығу. Жоғары қағыстың дыбыс бояуы, әлді , әлсіз үлес , өлшем түрлері студент үлгеріміне қарай өзгертіліп отырады.

СӨЖ мазмұны: астыңғы ішектегі бір дыбысты бірінші саусақпен басып тұрып, үстіңгі ішектегі күй тақырыбын секундаға дейін ойнағанда, кварта,квинта интервалдарының негізгі дыбыстары тек бармақты жылжыту арқылы басылуына жаттығу.

Сол құрылымын таңбаланбауы , домбыра мойынында орналасуын қадағалап жаттығу.А.Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі». А.Жайымов. «Этюд» 45-бет.


3 практикалық сабақ

Тақырып: Қазақтың халық әні «Жаңа жылда» Әннің тональдық ауысуларын көрсету мақсатында интонацияға, тербеліске көбірек көңіл бөлу.

Практикалық сабақ мазмұны : Тербеліс – сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту әдісі.Ол орындаушылық дәстүрге орай сол қолдағы саусақ , буын немесе білек көмегімен орындалады. Кейде шертпе дәстүрінде оң қолды тиек артына қойып, ішектерді тербелте қағу әдісімен дыбысты тербелту барысында оны ширек тонға дейін көтеру де (сол қол саусағымен ) кездеседі.Тербеліс дыбысқа әуездік бояу береді. Жалаң , қатаң , өмірсіз дыбыс тербеліспен тіріледі , жаңаша бояу табады. Тербеліс жиілігі , пәрмені шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді. Тербеліске дайындық сол қол саусақтарын пернеге дұрыс орналастырып болғаннан кейін , алдымен қағыссыз , 4 – саусақты жекелеп қағыссыз тербеліс қозғалысын үйретіп , сонан соң қағыспен бір пернеде тербелтіп , келесіге ауыстырып , саусақ бір – бірлеп қосылады. Екі дауыста кварта , квинта , терция интервалдарынан бастау ыңғайлы.

Әдебиет: А.Жайымов, Б. Ысқақов, С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» «Өнер» Алматы-1992ж.28-бет.К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «Издатмаркет»-2006 ж.,14-20 беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Тербеліс – дыбыс көзінің сонымен қатар онымен байланысты резонатордың тербелісі. Дыбыс көзі домбыра болса – тербеліс туғызатын сол және оң қол саусақтары. Тербелістің қасиеті , күші оның ауқымдық , жиілік щамасына байланысты дайындық.Тербелісті саусақпен , білезікпен , білекпен кейде ауыр терең дыбыстар үшін иық та қосылады. Тербеліс бейне бағытына қарсы ішек бойымен , кейде көлденең тербелісте алынады.Тербеліс ырғаққа , екпінге , өлшемге өте тәуелді. Жіті есеп , оймен алынған тербеліс қана дыбыс көркемдік мәнінің негізі болмақ . Дыбыс әуезі тербелістен басқа әшекей өрнектерге байланысты.

СӨЖ мазмұны: Тербеліс әдісіне жаттығу. Жаттығуды әуелі дыбыссыз (қағыссыз) машықтанған тиімді.Үлкен сағадағы пернелердің арасы жақын орналасқанымен, саусақтардың буындар мен кіші сағадағы перне басу тәртібі сақталады. Қағыстарды орындағанда оң қолдың үлкен сағадағы 3 октаваның ре дыбысынан (пернесінен) қашығырақ болғанын қадағалап жаттығу. Тербеліс жиілігіне бірнеше рет жаттығу . Терцияға , квартаға , квинтаға , жаттығу барысында домбырашының мүмкіндігінше іске асады. Тербелісті саусақпен , білезікпен , білекпен кейде ауыр терең дыбыстар үшін иық та қосылады . «Заман-ай» күйін орындап жаттығу және есте сақтап жаттау.
4 практикалық сабақ

Тақырып: Домбырашылық өнердегі оң қол қағыстарының дәстүрлі атаулары. Домбырашылық өнердегі сол қолдың саусақ кестесінің аймақ аралық ерекшеліктері. Есбай «Бұлбұл Ақжелең»

Практикалық сабақ мазмұны : Орындаушылық – терминологияға көптеген қағыс әдістерінің аттарынан басқа, домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы, осыған байланысты сол қол саусақтарының қозғалыс тәртібінің өзгерістері және де музыканың мінездемесімен әр түрлі жағдайда қойылған халықтық тұрақты жылдамдық белгілері жатады. Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын түсіндірудегі ең басты құрал,яғни домбыраның қағысы – күйдің тілі.Орындаушылық ұстаздық шеберлікке, ептілікке, көрегенділікке, ұңғыттыққа дағдыланады. Домбырашылық өнердегі үйрету әдісі болжамдық және тәжірибелік елеулі мәселелерді шоғырландырады. Әдіспен тәжірибенің іске асуына қайшылықтар кездесуі мүмкін. Теориялық дұрыс деп шешілген үлгілер шын мәнінде істің болмысымен ұшырасқанда әлсіздік көрсетіп, мойып қалмайтындай етіп түсіндіру, ұғындыру үйретуші үшін оңай жұмыс емес, орындаушылар айтылатын ойын сөзбен қалай болса, аспаппен солай жеткізуі керек.

Әдебиет : Айтжан Есенұлы «Күй – тәңірдің күбірі» «Дайк – Пресс» Алматы-1996ж.

К. Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»,2006ж.,90-бет.



Техникалық оқу құралдары : оқулық пайдалану, күй - табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Орындаушылық өнердің негізгі арқауы шығармаға табиғи берілу, дене қимылы, орындау шеберлігі, сезу, ойлау қабілеті өзара қатынастарынан тұрады. Осы қасиеттер орынды әсер бергенде, орындаушы деңгейі қақында сөз етуге болады. Автор тыңдаушы мен орындаушы арасынан өз ойын ұқса, керісінше орындаушы шығарма болмысын толық жеткізе алса – онда ол жоғары деңгейде болғаны. Себебі әр шығармада автордың өскен ортасы, заманы, стилі, ойы, әдістемелік қыр-сырлары, екпіні, ырғағы, музыкалық тілі сан-салалы екені даусыз. Орындаушы өзінен еш нәрсе қоспайды деу қате түсінік, кейде ол автор ойынан да үздік шығып жатады. Бұл автор ойын өз өн бойынан өткізе білгендігі, әдіс тәсілінің кең, білімінің тереңдігін көрсетеді, өзінше үн қосады, өзгеріс енгізеді, өз қолтаңбасын түсіреді. Орындаушылық деңгей осы қолтаңбамен өлшенеді. Күй өнерінде халық таныған орындаушыларға бас иген, бірнеше ұрпақ арқылы жеткендіктен шебер орындаушылар үлгісі биікте қала алған, слоай бола бермек.

СӨЖ мазмұны : Қағыс атауларын жаттау. Ақжелең күйі ықшам, қабылдауы жеңіл. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлеріне жаттығу. Күйді орындап жаттығу.Сол қол қойылымының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау,қол саусақ буындарының жеке-жеке сезініп дайындалу керек. Керек дыбысқа байланысты қозғалыс жүйесін қалыптастыру, таза дыбыстың күшін (қатты, жай) сезініп естуге талпыныс жасау. Дыбыс әуезіне (қоңыр,ашық) жұмыс. әр саусақ қойылымына жаттығулар (өткен тақырып) жасау. Оң қол қойылымына , төмен қағыс тың дұрыс қозғалысына көңіл бөлу. Ішекке жанасу жүйесін, тек қолды төмен түсірмей жаттығу керек.
5 практикалық сабақ

Тақырып : А.Жұбанов «Би күйі» Шығарманың құрылымы, орындаушылық ерекшелігі, динамикалық өзгерістер жөнінде мағлұмат.

Практикалық сабақ мазмұны : шығарма - болашақ күйші-домбырашының шыңдалып сауатты әрі білікті маман атанып, өрісті дүние таным иесі болуы үшін бірден-бір керек дүние.Халқымыздың дәстүрлі өнер жүйесін сақтай отырып, студент танымының орындаушылық шеберлігінің өсуіне зор ықпал етеді.шығарманы үйреткенде жеңіл әндерден бастау керек. Себебі әндердің мазмұны түсінікті, әр қағысқа бөлгенде әріптен, буыннан келеді. Шығармамен жұмыс – мамандық сабағының негізі, әдістер мен әдістемелік шаралардың бір арнаға топтасуы. Міндетті түрде шығарма жөнінде мағлұмат беру. Яғни шығарманың жанры, стилі, композитор қақында түсініктеме; өмірі, өмір сүрген уақыты шығарманың қағидасы. Шығарманың қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек. Сабақ өту барысында бірден практикалық жүйеде іске асырылады.

Әдебиет: К.Сахарбаева «Домбыраға арналған шығармалар» «Мектеп» Алматы-2002ж.39-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Шығарманы музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрету үшін бірден оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Шығарма мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау, дамыту деген сөз. Сабақта жаңа шығарманы үйренгенде оны бөлшектеу қателікке соқтырады. Тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет, ал оның орындау әдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын , қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға алынса ғана шығарманы белгілі бір иезгілде үйреніп меңгеруге болады. Әрбір шығарманың техникалық қиын жерлері кездеседі.Мұндай жағдайда ұстаз шәкіртке осы іспеттес жаттығулар береді. Бұл жаттығулар шығарманың қиын жерлерін игеруге көмегін тигізетіндей болғаны абзал.

СӨЖ мазмұны: шығармамен танысу, шығармада кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру, шығарманың көркемдік мәнін ашу.Тербеліс әдісіне жаттығу.Шығарманың музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрену үшін оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеруге жаттығу. Автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Шығарма мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау,дамытуға көңіл бөлу керек. Сабақта үйренген нәрселерін еске сақтап қайталап пысықтау. Шығарманы тұтастай басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет. Оның орындау әдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын, қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға алынса ғана шығарманы белгілі бір мезгілде үйреніп меңгеруге болады.
6 практикалық сабақ

Тақырып : А.Глазунов «Легкая соната». Штрихтық және интонациялық ерекшеліктерге көңіл бөлу. Шығарманың темптік жүйріктігі мен орындаушылық шеберлігін дамыта білу.

Практикалық сабақ мазмұны :

Міндетті түрде шығарма жөнінде мағлұмат беру. Яғни шығарманың жанры, стилі, композитор қақында түсініктеме; өмірі, өмір сүрген уақыты шығарманың қағидасы. Шығарманың қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек. Сабақ өту барысында бірден практикалық жүйеде іске асырылады.



Әдебиет: Қ.Ахметұлы «Ансамбль» 353-362 беттер.

А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,123-бет.


Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Қараұлы Боғданың «Боғда», «Бозтөбе», «Жем-су», «Екіндіде ел іздеген», «Кербез Ақжелең», «Кербез керік», «Қара жаяу», «Сегіз лақ» т.б. күйлері бар.Боғданың күйлерін бүгінгі күнімізге жеткізушілердің ішінде Өскенбаев Мұрат | «Сегіз лақ» |, Мұхитов Лұқпан | «Бозтөбе» | сияқты әйгілі күйшілер болды. М.Өскенбаев жеткізген «Сегіз лақ» күйі Боғданың тырнақ алды туындысы болса керек. Мұңсыз – қамсыз балалық бал дәуреннің естелігі сияқты бұл күйін тартқанда Боғда тулақ үстінде ортекелерді орғытып ғажайып шеберлікпен жұртшылықты таң – тамаша қалдырады екен.

СӨЖ мазмұны: сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу, дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу. «Боғда» күйі күйшінің атымен аталатын күй.Қазіргі Ақтөбе, Атырау, Орал облыстарының түйіскен тұсындағы Ойыл, Қызылқоға өңірінде Бозтөбе деген биік бар.Бұл Бозтөбе ертеректе Боғда деп аталған. Күй – қайратты, жігерлі, сабырлы. Күйді орындап жаттығу. Күйді басынан аяғына дейін бірнеше рет орындап шығу (бұл орайда бірден оқу сауаттылық ашылады). Бұл кезеңде күйдің жалпы болмысымен танысады. Өте жай орындап, әрбір сөйлемді талдау.Қиын жерлерді көбірек ойнау, қол қимылына жаттығулар жасау, қағыстарын игеру. Күйдің ноталарын дұрыс үйрену, аса ұқыптылықпен қарау. Күйдің әуенін және ырғағын бұзбау. Күйді үйренгенде саусақ кестесін дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Аппликатурасын өзі қойып үйренуге дағдылану.

7 практикалық сабақ



Тақырып : Шертпе дәстүрінде күй тартып үйрену. А. Үлкенбаева –Этюд

Халық күйі «Айда былпым», Тәттімбет «Сейіл қосбасар»



Практикалық сабақ мазмұны : Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді.Шертпе мектебінде тиектің кейінгі жағына оң қол алақан түбін тигізу арқылы да тербеліс алынады.Санап ойнағанда студенттің ырғақтық қасиеті қалыптасады. Оң қолда сұқ саусақпен төмен қағыстарға үйренгеннен кейін, бас бармақпен жоғары қағыстарға көшу керек. Екі бағыттағы қағыстарды бірден бастауға болмайды. Оң қол бас бармағының домбыра ішегін жұлқа тартуға жол берілмегені жөн. Білезік буыны арқылы ішекті қаққаннан кейін сыртқа қарай бұрылады да, бас бармақтың бірінші буыны сұқ саусақ 1-ші буынын жанай жаймен бүгіледі. Осы жаттығуды қағыс бастамас бұрын қолға алған дұрыс. Сол қол саусақтары бас буынға қойылғаннан кейін негізгі буынға көшеді. Жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейін қай буын арқылы жаттығу керектігін жадында сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу