Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары


Криминалистиканың міндеттері, қайнар көздері және қағидалары



бет3/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1
Сабақ жоспары Вирус , 10 Су буы. Су буыны энтропиялы диаграммалары, 10 апта.Силлабус. Әдебиет, English File 4th edition Elementary Students book, mzh.-tamyrdy-shk-rylysy-floema-ksilema-kambiy.-zerthanaly-zhmys-sabaty-shk-rylysyn-zertteu-.-z, DOC-20230901-WA0015.
Криминалистиканың міндеттері, қайнар көздері және қағидалары.
Криминалистикалық ғылыми зерттеулердің негізгі үш қызметтері реттеледі:
- таным қызметі;
-құрамалы қызметі - практикалық із танудағы құралдарды дамыту және жетілдіру;
- зерттеу қорытындыларын криминалистикалык практикаға енгізу қызметі.
Криминалистикалық зерттеу ақпаратының негізгі қайнар көзі мыналар болын табылады:
а) құқық бұзушылықпен күресті қалыптастыратын заңдар мен басқа да нормативтік актілер, қылмыстық іс жүргізуде тергелетін әрекеттер мен қатынастардың басқа да өрісі;
ә) қылмыстың моральдық және статистикалық жағдайлары;
б) қылмысты ашу, алдын алу және қылмыскерлерді табу бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар, қылмыстық, және басқа істердің, құқық қорғау органдарымен жүргізілетін әр түрлі тексерістердің материалдары, тергеу, сараптамалық, жедел іздестіруші - сот практикасының басқа құжаттары, сонымен бірге қадағалаушы органдардың құжаттары мен берілген анықтамалары;
в) заңды және заңды емес салалардағы теориялық, әдістемелік, анықтама әдебиеттері, ғылыми-техникалық жетістіктер, басқа да ғылыми шығармашылық өнімдері, сонымен бірге оларды практика жүзінде қолдану тәжірибесі мен қорытындысын мінездейтін белгілері;
г) тергеушілердің, прокурорлардың, сарапшыылардың, соттардың, анықтау органдары жұмысшыларының қылмыспен күресуден алынған қорытындыларын енгізу мен ғылыми зерттеу шаралары бойынша қылмыс пен күреске пайдасы бар көзқарастары, қорытындалары, ойлары, ұсыныстары және т.б.
Криминалистика қағидаларының қатарына келесі мәселелер кіреді:
-құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті қылмыстар мен күресті жүзеге асырушы құқық қорғау органдарының талаптары бойынша криминалистикалық зерттеулердің қорытынды жағдайлары;
-бұрын болған немесе қазіргі кезде және пайда болған криминалистикалық тұжырымдамалардың арасындағы байланыс және қатынас қағидасы;
-заңды және заңды емес көріністегі басқа ғылымдардың жетістіктерін криминалистермен белсенді, белгілі бір кезеңге бағытталған, шығармашылық зерттеу қағидалары және оларды жеке өзіндік ғылыми мақсат үшін қалыптастыру;
-жедел іздестіру, сараптамалық, тергеу, сот практикасының жетістіктерін тәжірибелерін зерттеу қағидасы және осы бағыттағы ғылыми жұмыстарды пайдалану;
-криминалистикалық зерттеу еліміздегі және одан тыс жерлердегі қоғмға қауіпті әрекеттердің даму жағдайы, құрамы, өзгерісі, тенденциясы және басқа да зерттелуші әлеуметтік процестер туралы көрсеткіштерді пайдалану мен тіркеу қағидасы;
-қылмыспен және басқа да оған ұқсас құбылыстармен күресті бағыттаушы заңдар мен басқа да нормативтік материал ережелерін ғылыми реттеуде, сонымен бірге оны практика жүзінде ұтымды қолдану жайлы қағидасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет