Тақырыбы: “Денсаулықты бағалау тәсілдері”
1-нұсқа
1.Физикалық денсаулықты бағалау тәсілдері:
а) қарау және тексеру
б) антропометриялық амалдар
в) психологиялық амалдар
г) социологиялық амалдар
д) вакцинация
2.Жүрек-тамырлары жүйесінің жүктемесі анықталады:
а) тек систолалық артерия қысымы өзгергенде
б) тек астолалық артерия қысымы өзгергенде
в) систолалық және диастолалық артерия қысымы өзгерістерінің негізінде
г) диастолалық қысым төмендегенде
д) систолалық қысым көтерілгенде
3.Қалыпты түрдегі жүрек-тамырлары жүйесінің жүктемеге әсері
айқындалады:
а) систолалық артерия қысымы көтерілуі, диастолалық қысым төмендеуі
немесе өзгермеуі
б) систолалық артерия қысымы аз ғана көтеріледі немесе өзгермейді,
диастолалық қысым төмендейді
в) систолалық және диастолалық артерия қысымы өзгермейді
г) систолалық қысым өзгермейді
д) диастолалық қысым көтеріледі
4.Өкпе-қан айналысын бағалау:
а) Штанге сынамасы
б) Генче сынамасы
в) ӨТК анықталуымен
г) Купер тесті
д) Мартинэ сынамасы
5.Кардиореспираторлық (тыныс-жүрек) жүйесінің күш-қорын бағалау:
а) 12 минуттік Купер тесті
б) Гарвард степ-тесті
в) Штанге сынамасы
г) РWС 170
д) Генчи сынамасы
6. «Гарвард степ-тесті» сұрақтамасы нені анықтау үшін қолданылады:
а) денедегі артық салмақты
б) жаттығу дәрежесі және физикалық жұмыскерлікті
в) тыныс жолдары жүйесінің функционалдық жағдайын
г) денсаулық жағдайын
д) жүрек-тамырлары жүйесін
7. Штанге және Генче сынамалары нені анықтау үшін қолданылады:
а) денедегі артық салмақты
б) физикалық жұмыскерлікті
в) тыныс жолдары жүйесінің функционалдық жағдайын
г) жүрек-тамырлары жүйесінің функционалдық жағдайын
д) бойы мен салмағының қарым-қатынасы
8. «Брок көрсеткіші» нені өлшеуге қолданылады:
а) тиісті дене салмағын
б) қан айналым көлемін
в) ӨТК
г) физикалық жұмыскерлікті
д) бойды
9.Денсаулықты бағалау әдісіне жатпайды:
а) қарау және тексеру
б) антрометриялық амалдар
в) Штанге сынамасы
г) Мартинэ сынамасы
д) білімін анықтау
10.Семіздіктің І сатысы:
а)15-29%
б)30-49%
в)50-70%
г)80-100%
д)100% аса
Достарыңызбен бөлісу: |