Зерттеужұмысының ғылыми жаңалығы Ағылшын және қазақ тіл білімінде ауыспалы мағынаның бір түрі болып табылатын метафораның ұқсастық белгілері мен айырмашылықтары салғастырыла зерттелініп, осы аталған тілдердің стилистикалық деңгейде берілу тәсілдері қарастырылды. Метафораның танымдық негіздері қарастырылып, когнитивтік тұрғыда метафоралы бірліктердің санадағы бейнесіне, нысандардың адамның тәжірибесі арқылы жинақталған білім қорына негізделетіні байқалды. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы барабарлығы және аударма барысында қолданылған әр түрлі әдіс-тәсілдер анықталды.