3.Жартылай төсек тәртібі немесе палаталық тәртіп-емделушінің қимыл іс-шаралары кеңейтіледі. Төсек жанындағы орындыққа отыру, бөлмеде тамақтану, палата ішінде жүру, дәрет алу, жуыну шараларына рұқсат етіледі.
4.Жалпы тәртіп-асханаға барып тамақтану баспалдақпен көтерілу, аурухана ауласында серуендеуге рұқсат етіледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.
Ауру түріне байланысты емделушінің төсектегі жағдайы:белсенді, пассивті, мәжбүрлі болып бөлінеді.
Пассивті жағдай-енжарлық, әрекетсіздік жағдайы. Ауру әсеріне байланысты аз, өзіне-өзі қызмет жасай алмайды. Кутімді көмекші немесе мейірбике жүргізеді. Ес-түссіз параличі бар пациенттер де кездеседі.
Мәжбүрлі немесе амалсыз жағдай-өзіне мінездеме бере алады, күші аз болса да өзін «тәуірмін» деп санайды. Өзін күтуге бар. Бұл емделушілер жағдайын жақсарту мақсатында өзіне ыңғайлы бір төсектегі қалыпты таңдайды.