Кулажанова Карлыга Жамбыл облысы Мерке ауданы Меркі ауылы



Дата19.02.2017
өлшемі22,17 Kb.
#11025
  • Кулажанова Карлыга
  • Жамбыл облысы
  • Мерке ауданы
  • Меркі ауылы
  • № 35 орта мектебі
  • Биология пән мұғалімі
  • 8-сынып
  • Витаминдер(дәрумендер)
  • биология
  • Сабақтың тақырыбы: Витаминдер ( дәрумендер ).
  • Жоспар:
  • Витаминдердің маңызы.
  • Витаминдердің топтары мен түрлері.
  • Майда еритін витаминдер
  • Суда еритін витамидер
  • Тағам өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары
  • Витаминдерді қандай тағамдардан аламыз?
  • Тағамдардың дұрыс сақталуы
  • Сабақтың мақсаты: оқушыладың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыра отырып, оқушыларға жаңа білімді игеруге жағдай жасау.
  • Сабақтың міндеті:
  • Білімділік: Витамин сөзінің мағынасын түсіндіру, витаминдердің маңызын айту, химиялық құрамына тоқталу, жалпы адам өміріндегі витаминдердің рөлін оқушы тұлғасына ұғындыру.
  • Дамытушылық:. адамның тұлға ретінде дамуын, оның ғылыми дүниетанымын байыту;
  • Тәрбиелік: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын,әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденпаздығын, жауапкершілігін дамыту Өткен тақырыптар мен байланыстыра отырып жаңа түсініктерді дамыту.
  • Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, көрнекілік.
  • Көрнекілік құрал-жабдықтар:проектор,слайд,сурет.
  • Сабақтың барысы:
  • І Ұйымдастыру кезеңі.(2-3мин)
  • ІІ. Өткен тақырып бойынша білімді өзектеу(10-12мин)
  • III Жаңа сабақ түсіндіру(15-20мин)
  • IV Өткен сабақты пысықтау (5-7мин)
  • V Үйге тапсырма(2-3мин)
  • Витаминдердің маңызы
  • Витаминдер ( латынша «vita» - тіршілік, өмір) тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше органикалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. Витаминдер тағамның құрамында аз мөлшерде болғанымен ағза үшін өте қажетті заттар. Витаминсіз ағзаның өсуі, дамуы және тіршілігін жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан да витамин сөзінің латынша тіршілік ( өмір) үшін қажетті зат деп аталуының мәні зор. Витаминдердің көпшілігі тағамдық заттардың құрамында болады, ал аздаған түрлері адам ағзасында түзіледі.
  • Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин (1853-1937) тапты. Витмминдер ағзадағы зат алмасу процесіне қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде витаминдердің 30-ға жуық түрі белгілі. Витаминдер, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өсуі, дамуы үшін өте қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.
  • Витаминдер өсімдіктекті және жануартекті тағамдардың құрамында кездеседі. Адамда тәулігіне қажетті барлық витаминдердің мөлшері 180- 200 мг.
  • Витаминдердің адам ағзасында жетіспеуінен болатын ауруды- авитаминоз дейді. Авитаминоз кезінде ағзада зат алмасу бұзылады. Витаминдерді шектен тыс көп мөлшерде пайдалану да зиянды. Бұл кезде ағзаның улануы (гипервитаминоз )байқалады.
  • Витаминдердің түрлерін латынның бас әріпімен белгілейді. Мысалы, А, В, С, D және т.б. Кейде осы әріптердің жанына сандар жазылады. Бұл сандар сол топқа жататын витаминдердің табылу ретін көрсетеді. Мысалы, В1, В2, В6, В12.

Витаминдер дегеніміз- ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы

  • Витаминдер
  • Денсаулықтың нығаюын жүзеге асырады
  • Ағзаның суық тиюден сақтауына әсер етеді
  • Жұқпалы ауруларға қарсы тұруына ықпал етеді
  • Аминқышқылдар,майлар, нуклеин қышқылдар,гормондар синтезі мен ыдырауына қатысады
  • Жұмысқа қабілеттілікті арттырады
  • Тәулігіне әртүрлі витаминдердің бірнеше милиграмы ғана қажет
  • Ферменттердің құрамында болып, биохимиялық, физиологиялық процестерге қатысады
  • Майда еритін витаминдер
  • Маңыздылығы:
  • Өсу витамині деп аталады, ол көзге пайдалы, теріге де әсері бар.
  • Тәуліктік қажеттілігі:
  • 1,5 – 2,5 мг
  • Жетіспеген жағдайда: көздің көргіштігі төмендейді, “ақшамсоқыр” пайда болады, организмнің өсуі тежеледі
  • Сүт тағамдарында, жұмыртқа, бауыр, сәбіз, бұрыш, шие, асқабақ, сары өрік, жасыл жапырақта, итмұрында кездеседі.
  • Д витамині
  • (кальциферол)
  • Маңыздылығы:
  • сүйектердің дамуына және қаңқаның қалыптасуы үшін қажет.
  • Жетіспеген жағдайда: екі жасқа дейінгі балалар “рахит” ауруына шалдығады.
  • Балық майында және сүт өнімдерінде көп болады.
  • Тәуліктік қажеттілігі:
  • 2,5мг

Мешел (рахит) ауруы

  • Фосфор–кальцийлік алмасу бұзылады;
  • Бойдың өсуі баяулайды;
  • Сүйек беріктігінен айырылады;
  • Аяқ сүйектері қисаяды;
  • Бас, қарын үлкен болады.
  • Е витамині
  • ( токоферол)
  • Маңыздылығы: оттегі тасымалдауына қатысады, жыныс гармондарының түзілуіне жәрдемдеседі, улы заттарды залалсыздандырады.
  • Жетіспеген жағдайда: жыныстық гармондардың жұмысы бұзылады.
  • Өсімдік майы, соя, жаңғақ, жұмыртқа, қарақұмық жармасының құрамында болады.
  • Тәуліктік қажеттілігі:
  • 12 – 16мг
  • К витамині
  • ( филлохинон)
  • Қанның ұюына әсер етеді.
  • Витамин жетіспегенде жарақаттанған жердегі қанның ұюы баяулайды да, қан аға түседі.
  • К витамині көкөністерден жасалған салаттарда , томатта, бауырда кездеседі. Сонымен бірге К витамині ішекте болатын кейбір мейкроорганизмдердің әсерінен де түзіледі
  • Адам ағзасы үшін К витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 0,2- 0,3 мг
  • К авитаминозы
  • Суда еритін витаминдер
  • С витамині
  • (Аскарбин қышқылы)
  • Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды
  • Жетіспеген жағдайда:
  • Ағза тез шаршайды, кілегейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды.Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе адам қауіпті құрқұлақ ( цинга) ауруына шалдығады
  • Жаңа піскен көкөністер , жемістер және тұздалған қырыққабатта көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның , қарақаттың құрамында мол болады.
  • Тәуліктік қажеттілігі:
  • 60- 100 мг.

Құрқұлақ (цинга) ауруы

  • В1 витамині
  • (тиамин)
  • Зат алмасуға, асқазан және жүректің, жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер етеді.
  • Жетіспеген жағдайда: жүйке жүйесінің жұмысы бұзылып, адамның қозғалысы өзгереді. Бас ауырады, жүректің соғуы жиілейді және аяқ-қол дірілдейді. В1витамині ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда, адам бери-бери кісенделген ауруына ұшырайды.
  • Жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, жүруі ауырлайды, тіпті аяғы сал ( паралич ) болып қалады.В1 витамині түрлі жармалардың қалдығында, сүт өнімдерінде, жұмыртқада, жемістерде мол болады.
  • Тәуліктік қажеттілігі:2,3 мг
  • В2 витамині
  • (рибофлавин)
  • Зат алмасуға, көзге, қан жасалу мүшелерінің.қызметіне әсер етеді.
  • Жетіспеген жағдайда:баланың өсуі баяулайды, тері мен ішкі мүшелердің кілегейлі қабықшаларында ауру пайда.болады.
  • Көздің қасаң қабығы қабынып, көзден жас ағады.Бұл витамин жармалардың құрамында, ашытқыда, көкөністерде, етте, сүтте мол болады.
  • Тәуліктік қажеттілігі:
  • 3-4 мг
  • В6 витамині
  • (пиридоксин)
  • Ағзадағы нәруыздың алмасуына әсер етеді.
  • В6 витамині адам ішегіндегі микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі.
  • В6 витамині майдың алмасуына әсер етіп, бауыр мен терідегі зат алмасудың дұрыс жүруін қамтамасыз етеді.
  • Тәуліктік қажеттілігі:
  • 2,3 мг

  • В12 витамині
  • (цианкобаламин)
  • Қанның түзілуі үшін қажет. Жүйке ұлпасының өсуін реттеуге қатысады.
  • Жетіспеген жағдайда:
  • Ұзақ уақыт жетіспесе, адам өліп кетуі де мүмкін. Бұл витамин бауырдың , бүйректің , балықтың, жұмыртқаның құрамында кездеседі.
  • Оның жетіспеуі қаназдық (анемия) ауруына шалдықтырады.Бұл кезде ағзаға оттегі жетіспейді. Іштегі кейбір микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі.
  • Тәуліктік қажеттілігі:
  • 2-3 мг

Доңыздағы қан аздық ауруы

  • РР витамині
  • (никотин қышқылы)
  • Ішек-қарын ( асқазан ) қызметіне әсер етеді.
  • Жетіспеген дағдайда: адамөзін дәрменсіз сезінеді, көңіл күй өзгереді.Теріде күлдірген көпіршіктер мен дақтар пайда болады. Адам пеллагра ауруына шалдығады.
  • РР витамині еттің, бауырдың, жұмыртқаның, қара нанның, жер жаңғақтың құрамында кездеседі.
  • Тәуліктік қажеттілігі:
  • 15-25 мг
  • Тағам өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары
  • Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін , төменгі температурада , тоңазытып барып консервілеу әдісін қолданылады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4 С температура аралығында өңделеді. Азық түлік өнімдерін тез арда тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады.
  • Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль шыны ыдыстарын пайдаланады.
  • Витаминдерді қандай тағамдардан аламыз?
  • витамині
  • Образец текста
  • Второй уровень
  • Третий уровень
  • Четвертый уровень
  • Пятый уровень
  • Образец текста
  • Второй уровень
  • Третий уровень
  • Четвертый уровень
  • Пятый уровень
  • Образец текста
  • Второй уровень
  • Третий уровень
  • Четвертый уровень
  • Пятый уровень
  • Образец текста
  • Второй уровень
  • Третий уровень
  • Четвертый уровень
  • Пятый уровень
  • витамині
  • Образец текста
  • Второй уровень
  • Третий уровень
  • Четвертый уровень
  • Пятый уровень
  • витамині
  • витамині

Тағамдардың дұрыс сақталуы

    • Тағамдарды дұрыс пайдалануымыз қажет. Дәрумендері бар тағамдарды күн түспейтін жерде сақтау керек,оларды ыстық сумен жууға болмайды.
    • Етті қуырғаннан гөрі булау, бұқтырып пісіргенде құрамындағы дәрумендер сақталады.
    • Азық-түлікті дұрыс сақтамаудан дәрумендер жойылып кетеді.
  • Үй тапсырмасын беру
  • § 50

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет