3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ. 10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы. 11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері. 12-бап. Білім беру деңгейлері. 4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ. 13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы. 14-бап. Білім беру бағдарламалары. 15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары. 16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
2.Құқықтық міндеттерді конспектілеу. 2.2. Педагог жұмыскердің: 1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға; 2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 3) дара педагогтік қызметке; 4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға; 5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға; 7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; 8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге; 9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; 10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; 11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға; 13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.