ОӨЖ:Жоспар бойынша мазмұндау.
Әдебиеттер
[3] 114бет
[5] 345бет
Тақырыбы: Одағай. Әл-Фараби
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Одағай туралы мағлұмат беру
Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу
Екінші ұстаз атанған Фарабидің шығармашылық жолымен таныстыру
Әл-Фараби
(870 – 950)
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты дүние
жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келді. Оның
балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы
аса бай кітапханадағы қолжазбаларды оқып меңгерді. Әбу Насыр
білімін жетілдіру,
ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келеді.
Мұнда ол Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.
Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым білімді терең де жан-
жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды. Ол ғылым мен өнердің барлық
саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған. Олардың ішінде «Музыканың ұлы кітабы»,
«Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме», т. б.
еңбектері болашақ
ғылымға жол ашты. Замандастары және шәкірттері оны «екінші Аристотель», «екінші
ұстаз» деп атаған.
Әл – Фараби математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым. Математиканы
архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін
көрсеткен.
Әл – Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған. Ол домбыра,
қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған. Ұлы ғұлама
көп жыл шет жерлерде жүрсе де, өзінің туған Отанын бір сәт те ұмытпаған. Оған оның
мына сағыныш өлеңі дәлел бола алады:
Қашықтасаң туған жер – қалың елім,
Қамығамын сағынып алау денем.
Шаршадым мен, қанатым талды менің,
Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.
(«Ол кім, бұл не?» кітабынан қысқартып алынды)
Сөздік.
дүниеге келу –
появиться на свет
меңгеру – освоить
дәріс алу – учиться
қолжазба –
рукопись
жетілдіру – совершенствовать
тереңдету – углублять
жан-жақты –всесторонне
құнды –
ценный
сала – область, сфера
замандас – современник
шәкірт – ученик
ұстаз –
учитель
мәселе – проблема, вопрос
айналысу – заниматься
Одағай
Сөйлемде айтылған ойға айтушының немесе жазушының көңіл - күйін, ішкі сезімін
қатыстыра айту үшін жұмсалатын оқшау сөздердің, түрін одағай сөз деп атайды.
Мысалы: Әй, Оспан, кеше еліңді жау шауып жатқанда, сен болыс қайда жүр едің?
Бұл не, әй! Беу шіркін, таудың күнін, тастың күйі, Құмартқан бір нәрсеге мастың күйі.
Одағай сөздерге байланысты қойылған тыныс белгілері – леп белгісі мен үтір.
Дауыстың көтеріңкі (екінші мысал) немесе бәсең (бірінші мысал) айтылуына байланысты
бірде леп белгісі, бірде үтір қойылады, Логикалық көтеріңкі екпін сөйлемнің бүкіл
мазмұнына байланысты болса, одағай сөз үтірмен ажыратылып, леп белгісі сөйлемнің
соңында қойылады. (үшінші мысалды қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: