Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170


ООӨЖ: [3] 141бет,ережемен жұмыс ОӨЖ



Pdf көрінісі
бет129/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

ООӨЖ:
[3] 141бет,ережемен жұмыс
ОӨЖ:
[5] 348бет,мәтінді аудару
Әдебиеттер:
[3] 141бет
[5] 348бет
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Әміре Қашаубаев
Сабақтың мазмұны мен мақсаты



Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Түрлі жаттығуларды орындауға 
қажетті тілдік материалдарды меңгерулері 

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу

Әміре Қашаубаевтың өмірімен таныстыру, шығармашылық жолынан мағлұмат беру
Атақшы әнші Әміре Қашаубаев
Семей қаласы, Шығыс көшесі, №78 кварталда «қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың 
Париж қаласындағы жержүзілік көрменің этнографиялық концертіне қатысуға ризалығы 
бар ма? Осыны тез арада анықтап, хабарын беруін сұраймыз»- деген жеделхат Семейдің 
губерниялық оқу бөліміне келген соң, Әміре Қашаубаевтың Мәскеуге баруын 
ұйымдастырды. Барлық елдерден жиналған әнші, биші, сыбызғышы, күйшілер 1925 жылы
22 маусымда Мәскеуде Үлкен театрдың Бетховен залында концерт берді. Әміре Одақтың 
таңдаулы өнерпаздарының бірі болып, Парижге барды.
Бір сәтте жүргізуші:
-Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев қазақтың ұлттық музыка аспабы- домбырамен өзі 
сүйемелдеп, қазақ әндерін айтады,- деді. Шымылдықтың артында кезек күтіп тұрған 
Әміреге қарап, оны сахна ортасына шақырды.
Әміре сахна ортасында өзіне арнап қойылған орындыққа тақап келді. Әуелі жұртқа 
ізет көрсетіп, бас иді. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Ол 
шеті түпсіз көрінген кең зал ішіне бір қарап алды. Езу тартып, ізет білдіріп орындыққа 
отырды. Әміре әуелі «Қанапия» әнін айтты. 
Жастық шағы киіз үй мен кең далада өткен Әміреге бұл зал үлкен болып көрінсе де,
ән айтуға келгенде, тар сезілді. Сондықтан оның таудан тау асып, жаңғыртатын сұлу да 
ашық даусы Европа тыңдаушыларын қатты таңдандырады. Мүлдем бөтен құбылыс, 
таңғаларлық жай болды. Әр халықтың тіл мен әуен ырғақтары бөлек болса да, музыканың
аты- музыка (кез келген әуеннің құрылыс бітімі болады). «Қанапия» әнінің аяғын созып 
барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аса күшті 
дауыспен шарықтап барып аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысып, бас 
шайқасты. Жұрттың зейін қоюы соншалықты, ән тым тез біткендей. Ән аяқталғанда, 
халық Әміреге ауыз ашып, аңырап қалыпты. Ұйып тыңдаған жұрт әнші орнынан тұрып, 
бас игенде ғана, ду қол шапалақтады. Залдың әр жерінен «бис... бис..» деген дауыстар 
жамырай естіліп жатты. Бұдан кейін Париж театрларында берілген концертке Әміре түгел 
қатысты. «Ағаш аяқ», «Сырғақты», «Қызыл бидай» әндерін Әміре 20 шілдеде Париж
қаласындағы этнографиялық павилонда айтқанда, тыңдаушылар аузын ашып, көзін 
жұмды.
(Жарқын Шәкәрімов)
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет