Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет2/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#36819
1   2   3

Адамға радиацияның әсері

Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды.

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, озонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары.

Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшарайды.

Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4 - 12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30 -100мбэр(0,03-0,1бэр).

Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық - түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың дозасы көбірек кездеседі.

Сағаттың жарқырауық циферболаты АЭС-тегі болмашы улы заттың бөлінуіне қарағанда төрт есе артық жылдык дозаны береді.

Циферблаттан қашықтықтағы сәулелену 1см қашықтықтағыдан гөрі 100000 есе әлсіз. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдарламаларды жыл бойына күн сайын үш сағаттан қарау 0,5мбэр береді. Рентген кезінде адам 30 мбэр доза, флюография кезінде - 370 мбэр доза алады. Сөйтіп, жердің әрбір тұрғыны жыл сайын орташа 200 - 300 мбэр сәулелену алады. Адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай радиациялық зақымдануы мүмкін авариялар мен бүлінушіліктер кезінде ядролық энергетикалық қондырғылар мен экономикалық өзге де объктілері радиациялық қауіпті объектілер деп аталады. Оларға: әртүрлі мақсаттағы атом станциялары, ядролық отын циклындағы кәсіпорындар, атом су асты қайықтары, ядролық оқтұмсықтар жатады.

РҚО (радиациялық қауіпті объектілер)-дағы авариялардан кейінгі алғашқы сағаттар мен тәуліктегі қоршаған орта ластануының адамдарға әсері жердегі радиоактивті ауамен араласқан (радиоактивті түскен бұлттан бөлінетін азық-түлік) радиоактивті бұлттан сыртқы сәулеленумен (ядролық отынды бөлу өнімдері, уранмен байытылған -235 уран қос тотығы - 238 ), РҚ бұлттарымен демалу салдарынан сәуленің ішке өтуімен, сондай - ақ адам денесі үстіңгі жағының осы заттармен ластану салдарымен алықталады. Бұдан кейін көптеген жылдар бойында сәулелену дозасының жинақталуы ластанған азық-түлік пен суды пайдалану салдарынан өтетін болады.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1. Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жердің радиоактивтік ластануы

2. Радионуклид

3. Иондаушы сәулелену

4. Радон туралы ұғым

5. Аумақтың радиоактивті ластануы

6. Адамға сәуле алудың қауіпі

7. Хайуанатгардағы сәулелену ауруы

8. Адамға радиацияның әсері
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Жіті сәулелік ауру

Қ16, 86-87, 94-96 беттер 2 мин (2%)




Сабақтың тақырыбы: Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру.

(жалпы сағат саны:6сағ;теория-2сағ -90 мин)

1 Сабақ: Жіті сәулелік ауру

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: жіті суәлелік аурудың ерекшеліктері мен даму сатыларын білу;

  • тәрбиелік: жіті ауруының даму сатыларын анықтай алуға баулу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе қағаздары.

б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і: жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004

16..А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)

Жіті сәулелі аурулар (ЖСА)

Сәуле ауруларының барлық түрлеріне ортақ - барлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы. Алдымен орталық жүйке жүйесі, қан және қан айналым жүйесі, асқазан ішек жолдарының жаралануы, сонымен қатар организмнің жалпы улануы, осының салдарынан әлсіздік бас ауру ұйқының бұзылуы, жүректің айнуы және т.б.

Қазіргі кезеңде дүние жүзінде ядролық жарылғыш заттың 18000 мегатоны жиналған, ол Хиросимадағы 1 миллион бомбаға немесе 2 дүниежүзілік соғыс кезінде жарылған 6000 бомба, жарылған заттардың қорына тең келеді.

Дәрігерлердің есептеуі бойынша 2 миллиард адам дүние жүзілік соғыстың құрбаны болуы мүмкін.

Осы адамзат өлімін болдырмау біздің еліміздің және бүкіл дүние жүзі адамдарының негізгі мақсаты.

1987ж. 8 желтоқсанда осы жолды бірінші қадам жасалды. Яғни орта және жақын ұзақтықты ұшақтарды ұшыруға рұқсат ету жөніндегі келісімге қол қойылды. Алайда келісімге қол қоймаған бірнеше елдер осы қару түрін өндеуді жалғастыруда. Егер атом энергиясы басқару жүйесіне толса бейбітшілік уақытында да көп түрлі зардаптарды тигізеді. Чернобыль АЭС-де 1986ж. 26 сәуірде

болған апатты алсақ болады. Қандай жағдайларда жедел сәулелік зақымдану болады. Ядролық жарылыс кездерінде иондаушы сәуленің әсер мөлшері 1 Гр -ден көп.

Радиоактивті заттармен зақымданған аймақтарда жұмыс істеген кезде мөлшері 1Гр сіңірілген иондық сәулелердің мөлшеріне байланысты 1 сағаттан кейін 20-100% зақымданулар анықталды.


Жіті сәулелі аурудың кезеңдері

Сәулелі ауырудың 5 кезеңін ажыратамыз:

I.Сәулеленуге жалпы біріншілік реакция кезеңі.

II.Латентті кезең (жасырын)

III. Өршу кезеңі (клиникалык көрністері анық)

IV. Қалпына келу кезеңі

V. Кейінгі салдар кезеңі.



I. Жалпы біріншілік реакция кезеңі

Бұл кезең сәлеленуден кейін сәулелену дозасына байланысты. Ол бірден немесе бірнеше сағаттан кейін n болып, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Бұл кезеңде 2 топ симптомдарды ажыратуға болады.



1-ші топорталық нерв жүйесінің, жүрек қан тамыр жүйесінің, асқазан ішек жолдарының функциональды бұзылыстары нервті рефлекторлы жылжуларымен және интоксикация өлімінің радиолизі:

1) Диспепциялық синдром (құсу, лоқсу);

2) Орталық нерв жүйесінің өзгерістері: бас ауыруы, бас айналуы, психоматорлы қозу немесе адиномия, ұйқышылдық, естен тану, дене температурасының жоғарылауы, гипергидролиз, қозғалыс координациясының бұзылыстары, бұлшық еттік тремор, жалпы әлсіздік ауыр жағдайда менингиальды синдромдар.

3) Жүрек қан тамыр жүйесі жағынан өзгерістер: жүрек соғысы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, артериялдық қысымның өзгерісі алдымен жоғарылайды, сондан кейін төмендейді, ауыру түрінде жедел қан тамырлар жетіспеушіліктері, коллапс.

4) Қандағы өзгерістер; неитрофильді лейкоцитоз.

2-ші топсимптомдарды - ионизациялық сәулеленулер тіндерді үздіксіз зақымдауы:

1) Лимфойдты тіндерді - алғашқы салыстырмалы және абсолютті лимфопения

2) Гемопоэтикалық тіндерді - жұлындағы жас жасуша санының азаюы және өлуі, методикалық активтілігігің төмендеуі.

3) эпителді ішек - диарея п.б

4) аталық безінің эпителиінде - азоосперия жеңіл дәрежедегі кезең ауыр түрі жалпы біріншілік реакция 1 тәулікке созылады, орташа дәрежеде 2 тәулікке дейін, ал ауыр дәрежесі 3 тәулік, ал өте ауыр дәрежеде 4 тәулікке созылады.

II. Жасырын кезең

Жалпы жағдайы бұл кезде жақсарады, дене қызуы қалыпты болады, бастың ауруы басылады, жүрек айнуы жоғалады, тәбеті жоғарылайды.

Осы кезеңнің аяғында шаштың түсуі болады бұл сәулеге шалдықан жері 3 грейден және одан жоғары доза алғаннан пайда болады.

ІІІ. Қозу кезеңі

Бұл кезде жоғарыда айтылған симптомдар дами түседі. Жалпы жағдайы төмендейді, қызба пайда болады. Жүрек қан тамырлар жүйесінде - гипотония, миокардистрофия немесе миокард ритмінің бұзылыстары көрінеді. Ауыр түрде бастың ішкі ісінуімен ми ісігі байқалады. Жедел сәуле ауруының жедел түрінде геморрагиялық синдромы болмайды және әдетте бұл жағдайда жұқпалы аурулар болмайды. Барлық сырқаттар емсіз жазылады, өршу кезеңнің ұзақтығы 1-2 апта.

Орташа ауырлықты сатысы үшін әлсіз геморрагиялық синдром тән, жұқпалы аурумен асқынуы мүмкін. Адекватты емдеудің нәтижесінде шамамен 10% сырқаттар өледі: Өршу кезеңнің ұзақтығы 2-4 апта.

(ЖСА) жіті сәуле ауруына айқын геморрагиялық синдром мен жұқпалы асқынулардың болуы тән. Әдетте аталған 2 жағдайда гастроинтестиналді және орофарингалді синдром болады. Сырқаттардың жартысы адекватты емнен соң өледі. Ұзақтығы 4-6 апта ЖСА-дың 4-сатысында геморрагияның және инфекцияның айқын ерте көрініс беруі тән, ал гастроинтестикальды, орофарингеальді синдроммен, сәулелік пульмонитпен көрінеді. Интенсивті адекватты ем қонудың нәтижесінде 10% сырқат тірі қалады. Кезеңнің ұзақтығы 6-10 апта.



IV. Жазылу кезеңі

Баяу өтеді. Біртіндеп бас ауруына, диспепсиялық синдромдарға шағымданбайды. Ұйқысы қалыпқа келеді, тәбеті жоғарылайды. Сырқат бірақ әлсіздеу, қан қысымы мен тамыр соғысы төмен. Есте ұстау қабілеті төмендейді. Ақырындап сүйек кемігі қалпына келеді. Бұның белгілеріне: ерте тромбоцитоз, ретиколоцитарлы криз, қанда мегалоциттердің пайда болуы, лейкоциттердің, санының жоғарылауы,солға ығысуы. Жіті түрде бұл кезең 1-1,5 айға созылады, 2- сатысы 2 -2,5 айға, 3 сатысы 4-5 айға. Кезең соңында жасушалық элементтердің құрамы сүйек кемігінде және шеткі қанда толығымен қалпына келеді. Осы уақытта біртіндеп шашы өседі, дегенмен терісі әлі де болса, дақты болып қалады. Толық жазылуы өкінішке орай сирек болады.


V. Кейінгі салдар кезеңі

ЖСА туралы, оның салдары жайлы мәліметтер аз. Бұл негізінен Жапон жоне Американдық авторлардың жұмысы 20 жылға созылған. Жиі және негізінен жіті сәуле ауруының ағымы келесідей бөлінеді.

1. Сәулелік катаракта, сәулеленуден кейін әдетте 3 айдан соң дамиды.

2. Қантамырлардың радиациялық зақымданулары, нәтижесінде капилляр эндотелилерімен өкпенің, жүректің, бауыр мен бүйректің зақымдануы N қалдықтың артуы кейінен артерия қабырғасын склерозға ұшыратады.

Клиникасы: кардиосклероз, нефросклероз түрінде байқалады.

3. Кансерогендік әсер ЖСА ұшыраған адамдардың белгілі бір жиілігінде өкпенің, бауырдың, жыныс бездерінің т.б мүшелердің қатерлі ісігі, лейкоз. Сәулелік ауруға ұшыраған адамдарда сәулеленуге ұшырамаған адамға қарағанда лейкозбен ауру 3-4 есе жоғары.

4. Сүйек кемігінің гипопластикалық күйі сырқаттардың ішінде сәулеленуі барларда сүйек кемігінің аплазиясы дамиды, гипо және апластикалық анемиямен өтеді.

5. Тыртықты және дистрофиялық тін өзгерістері әртүрлі мүшелер мен жүйелердің кызметінің өзгеруімен (жыныс бездерінің атрофиясы, қалқанша бездің гипоплазиясы, ұйқы безінің склерозы).

6. Өмір сүру ұзақтығының азаюы 30%. Бұл тек адамға қатысты емес (қатерлі ісігі бар немесе лейкозы бар) денсаулығына да байланысты.

7. Генетикалық зақымдану кей жанұяларда сәулелік аурумен ауырған адамдарда үлкен мөлшердегі және жыныс қызметі сақталған адамдарда жиі кеміс балалар туылады. Қан аурумен, қатерлі ісікпен, психикалық жетіспеушіліктер кездеседі.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1. Жіті сәулелік ауру

2. Жіті сәулелі аурудың кезеңдері

3. I. Жалпы біріншілік реакция кезеңі

4. II. Жасырын кезең

5. ІІІ. Қозу кезеңі

6. IV. Жазылу кезеңі

7. V. Кейінгі салдар кезеңі


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Ұзақ уақыт басылып қалу синдромы, анықтамасы, этиологиясы Н16, 34-35 беттер 2 мин (2%)

Сабақтың тақырыбы: Ұзақ уақыт басылып қалудың белгілері. Зақымданушыға көмек көрсетер кездегі медициналық тәсіл

(жалпы сағат саны:6сағ;теория-2сағ -90 мин)

1 Сабақ: Ұзақ уақыт басылып қалу синдромы, анықтамасы, этиологиясы

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:

- ұзақ басылып қалу анықтамасы туралы білу;

- ұзақ басылып қалу синдромы мен этиологиясын талдау



  • тәрбиелік: ұзақ басылып қалу синдромы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге баулу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе қағаздары.

б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004

16..А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)

Ұзақ жаншылу синдромы, анықтамасы, этиологиясы.

Ұзақ жаншылу синдромы(ҰЖС)-бұл жер сілкіну, жарылыстар салдарынан қираған ғимараттар, нысандар үйінділерінің астында басылып қалған зардап шегушілерде дамитын спецификалық патологиялық процесс (оның синонимдері- «краж-синдром», «жарақаттық токсикоз», «миеренальды синдром» және т.б. ) (Ю. Г. Шапошников, О.И. Маслов).Сонымен қатарол жұмсақ тіндердің көп бөлігінің жаншылуынан пайда болған аса ауыр компрессиялық жарақат деп те аталады (Л.К. Фефилова).

Осындай патологиялық процестің негізінде аяқ-қолдың ұзақ уақыт басылып қалуынан , ондағы қанайналымы толық тоқтатылуы салдарынан тіндерде ишемияның дамуы жатады.

Тарихи деректерге жүгінсек, алғаш рет бұл синдромды 1909жылы Миссин жер сілкінуінен зардап шеккендерде Комере сипаттаған болатын .Ал 1942 жылы Лондон қаласын неміс басқыншыларының бомбалауынан қираған ғимараттар астында басылып қалған зардап шеккендерде осы симптомды Байторисбақылап, оны өзінше сипаттаған.Ол науқастардың өмірлеріне қауіпті аса ауыр жарақаттары болмаса да олар бірнеше күннен кейін қаза болғанын хабарлайды (Ю. Г. Шапошников, О.И. Маслов).Ресей баспаларындапроф. А.Я.Пытель осы симптомды 6 науқаста бақылап,олардың бүйрек функциясының жеткіліксіздігінен қаза болғаның хабарлаған (Л.К.Фефилов).

ҰЖС патогенезін Н.Н.Еванский,М.Н.Кузьмин,А.Я.Пытель сияқты ірі ғалымдардың қосқан үлесі өте зор.Ұлы Отан соғысынан кейін осындай зардап шегушілердің саны Ташкент,Ашхабад,Армениядағы болған жер сілкінісінде күрт артты.Әсіресе 1988 жылы Армения жер сілкінісінің зардаптары (ҰЖС бар науқастардың жалпы саны 2600 жуық болған,яғни жарақаттың басым кқпшілігінде осы синдром дамыған),осы мәселеге көп көңіл бөлу керектігін тағы да еске салғандай болды.Ашхабад жер сілкінісінде осындай синдром 3,8% құраса,Арменияда-23,8%,ал Нефтегорск жер сілкінісінде олардың мөлшері 90% жеткен (А.В.Кравцов).

Бейбіт уақытта осындай жарақаттар жер сілкінісінде,шахталар құлағанда және жол-көлік апаттарында орын алады.

Ядролық жарылыстарда ҰЖС зардап шегушілердің мөлшері жоңыралйтыны болжанып отыр,мәселен Хиросима және Нагосаки қалаларында атом бомбасы жарылғанда зардап шеккендердің 20%-да осы синдром дамыған,ал одан болған өлім-жетім саны 80%-ға жеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет