Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекет:
Жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау.
Радио байланыс құралын пайдалануды тоқтату.
Табылған заттың уақыты мен орнын анықтау.
Табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына, ТЖ органдарына хабарлау.
Мамандар келгенше күдікті құралды бақылауға алу және қауіпті аймақтың күзетін қамтамасыз ету.
Жарылыс құрылғысына ұқсайтын заттың сыртқы түрін түсіндіру.
Бұдан әрі құқық қорғау органдары өкілдерінің нұсқауы бойынша әрекет ету.
Қауіпті аймаққа жататын аумақтағы адамдарды көшіруді ұйымдастыруға көмектесу.
Күдікті құралдардың орналасқан орынн, уақытын және қандай жағдайда табылғанын көрсету.
Объекті қызметкерлеріне бөгде адамдардан қандай да бір заттар мен киімдерді қабылдамаулары туралы нұсқау беру.
Телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-әрекет:
Әрбір келіп түскен телефон қоңырауына мұқият болу;
Телефон арқылы алынған ақпаратты құқық қорғау органдары мен ұйым басшысына дереу жеткізуді қамтамасыз ету.
Қажет болған жағдайда көшіру жоспарына сәйкес адамдарды да көшіру.
Жедел-тергеу топтарының, кинологтардың және т.б жұмыстарын кедергісіз қамтамасыз ету.
Кепілдікке алған кезде:
Өз ықтиярыңызбен террористермен келіссөзге шықпау.
Қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін болса, террористерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, өзінің және айналасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу.
Террористердің қару қолдануына алып келетін іс-әрекеттер жасамау.
ҰҚК мен ІІМ арнайы мамандандырылған бөлімше әскері келген бойда олардың командирлердің сұрақтарына толық жауап беру және олардың жұмысын қамтамасыз ету.
Террористер ұшақты кепілдікке алғандағы іс-әрекет:
Террористпен қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз.
Террористің көзіне қарамаңыз.
Өз мінезіңізбен террористердің назарына түспеңіз.
Террористерге қарсылық көрсетпеңіз.
Егер адамдардың өмірі ме денсаулығына қауіп жоқ болса, террористердің айтқандарының бәрін орындаңыз.
Арнайы бөлімшелермен ұшақпен шабуыл жасағанда, қолыңызды желкеңізге қойып еденге етбеңізбен жатыңыз.
Жан-жағыңызда болып жатқан нәрселер мен террористердің іс-қимылын есіңізде сақтап қалыңыз.
Пошта жолдамаларында күдікті заттап табылған кездегі іс-әрекет:
Конвертті, пакетті т.б. өз бетіңізше ашуға әрекеттенбеу.
Күдікті хатты (бандерольды) мүмкіндігінше қолмен ұстамау.
Осы деректер туралы ТЖ және СЭС аумақтық органдарына хабарлау.
Белгісіз заттың ғимараттың желдету жүйесіне түсуіне мүмкіндік бермеу.
Затпен тікелей қарым-қатынаста болған барлық тұлғалардың тізімін жасау.
Затты ұстаған тұлғалар жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтау керек.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
1 билет
1. Лаңкестік әрекеттер
2 билет
1. Лаңкестік акт
3 билет
1. «Терроризмге қарсы күрес туралы» ҚР заңы
4 билет
1. Лаңкестік кепілге алғандағы адамдардың іс-әрекеті
5 билет
1. Лаңкестік сипаттағы қауіп мазмұндалған жалған материалды пайдалану тәртібі
6 билет
1. Телефон бойынша лаңкестік акті қаупі төнген кезде іс-әркеттер
7 билет
1. Жарылыс қауіпі туралы хабарды алған кездегі іс-әрекеттер
8 билет
1. Лаңкестік қауіп жазбаша түрде түскен кездегі іс-әркеттер
9 билет
1. Пошта арқылы жіберілген жолдамаларда күдікті заттар табылған кездегі іс-әрекеттер
10 билет
1. Егер лаңкестер кепілге алса
11 билет
1. Телефон бойынша лаңкестік сипаттағы қауіп мазмұндалған хабарды қабылдау тәртібі
12 билет
1. Терроризмге қарсы әрекеттің негізгі принциптері мен мақсаттары
13 билет
1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. ТЖ кезінде әр түрлі темпераменттегі адамдардың мінездемесі Н 17, 82-85 беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдайдағы психологиялық құбылыстар.
(сағат саны: 12сағ -540мин; тәжірибе 8сағ-360мин)
№5 Сабақ: ТЖ кезінде әр түрлі темпераменттегі адамдардың мінездемесі
1. Сағат саны: 45 мин (100%)
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақтың мақсаты:
- адам темпераменттерінің мінездемесін талдау;
- ТЖ кезінде әр түрлі темперамент иелерінің өзін ұстау ерекшеліктерімен танысу;
тәрбиелік: ТЖ кезінде әр түрлі темпераменттегі адамдардың мінездемесін айқындай білу.
дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас, бақылау жұмыс
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
12. Абеуова И.Ә., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Эверо», 2012ж., 238бет.
13. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ. Жалпы психология. Оқулық. – Алматы: «Эверо», 2011ж., 216бет.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. ТЖ кезінде әр түрлі темпераменттегі адамдардың мінездемесі
2. Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектілері
3. Адамның эмоционалды күйзелу шегі
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материалмен жұмыс
Тақырып Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектілер
ТЖ-ға тап болған адамдардың ол жерден жарақат алмай шығулары сирек кездеседі. Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұқсан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Ол жерден өмірі мен тәнін аман сақтап қалған адам бәрібір алғашқыда білінбейтін жарақат алады, шеккен зардабы ауыр болады және қиындықпен сауығады. Бұл - адам жанының психикасы мен санасының жарақаттануы. Олар бастан кешкеннен де айқын және өте қорқынышты.
Дегенмен, ТЖ-ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы қатты соққыға ұшырамайды, оны әр түрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбір адамдарда ішкі тіршілік қорлары жұмыс істей бастаса ал кейбіреулерінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді немесе үзіліп кетеді денсаулығы нашарлайды, физиологиялық немесе психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшелігіне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына, темпераментіне, эмоционалдық күйіне қарай.
Кенеттен ТЖ-ға тап болған адам организмінде күйзеліс реакциясы әрекет етеді. ТЖ кезінде кейбір адамдарда (10- 15%) ауыр психологиялық реакция дамиды. ТЖ-ға дайындалмаған адамдар жиі есінен тану жағдайына тап болады.
Бір адамдар әр түрлі қысылтаяң жағайда болатын болса, екіншілер ешбір киындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері (түйсіктері) оянады және қызмет атқарады, ал екіншілерінің ояну мүмкіндігі болмай ұйқылы ояу жағдайда қалыптасады.
Бейімделудің психологиялық кедергісі - бұл адамның өміріне қауіп төндіретін және психозақымдаушы факторларға қарсы тұру мүмкіндігі.
Әр түрлі темпераменттегі адамдар өздерін ТЖ қалай ұстайтынын талдайық.
Сангвиник- қауіпті жағдайда езін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате тәсілдерін таңдауы мүмкін.
Флегматик - ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет және ол ойланып барып қимылдайды.
Холерик- мүлдем түсініксіз жандар. Ол нақгы жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы да, сондай-ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.
Меланхолик- бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам.
Қауіптің әр адамға әртүрлі әсер етуі, әрбір нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты.
Адамның эмоцоналды күйзелуінің шегі қозу (аффект) болып табылады. Бұл бақылаудан шыққан сананың қозуы және сіресіп қалу (ступор) - сана бақылай алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы.
Біріншісі де, екіншісі де қауіпті, өйткені ойланбаған қимыл жасатады немесе тіпті бір орында қатырып тастайды.
Аффект немесе ступор жағдайына адам, көбінесе оқиға күтпеген жерден, кенеттен басталғанда, сондай-ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан ұшырайды.
Бірінші кезекте мұндай себептерді жою үшін тиісті білім және тәжірибе керек.
Негізінен тіршілік - толық түсінуге, талдауға және ең дұрыс шешім табуға болатын, қайталанатын жағдайлардан тұрады. Ал қалыптасқан ережелерді біліп алған соң, адам ТЖ-дан аздаған шығындармен шыға алады. Бұл ережелерді оқып-үйренумен және ТЖ-дың алдын алумен көптеген ұйымдар мен қызметтер айналысады.
Кез -келген жағдайларда адамдардың 12-25% -ы өзгеріссіз өз қалпында қалатынын айтып өткен жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды, Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын | ойламай қоршағандара көмек беріп, болған оқиғаны түзетуге тырысады.
Өкінішке орай, қарама -қарсы мысалдар да кездеседі.
Белгісіздік жағдай алдындағы корқыныш ерік пен сананы билеп қана қоймай, сонымен бірге қарсыласу мүмкіндігінен айырады.
Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыз деп екіге бөлуге болады.
Егер сен өз қорқынышыңды бақылайтын болсаң, сен болуы мүмкін қауіпті сезіп, бұл жағдайдан шығуға тырысасың. Бұл жағдайдан шығу жолдарын табасың.
Бақылаусыз қорқыныш – мамандар оны дүрбелең, үрей деп біледі.
Әдетте, үрейдің пайда болуына дер кезінде және сенімді ақпараттың болмауы әсер етеді. Зардап шеккендердің бірнешеуі дүрбелең шығарып, үрейленгенде олардың бір-біріне әсері көпшіліктің эмоционалды (кей кезде психикалық) күйінің нашарлауына алып келеді.
Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжымның жұмысын тоқтататын жалпы тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне-өзі және өзара көмек көрсетуінен айырады.
Мұндай "теріс басшылар" әдетте, есірген, мансаппен және өз өздерін жақсы көрумен ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдарға аздаған қауіп таудай болып көрінеді. Нақты өмірге қиял араласып кетеді. Сондықтан "қорыққанға қос көрінуі" жиі кездеседі.
ТЖ-ғы психологиялық қауіпсіздік мәселесін зерттеуішілер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды:
Біріншісі – нақты апат кезінде. Адамның барлык сезімдері, кей кезде хайуандық сезімдері оянады, көбінесе өзін-өзі сақтау сезімі жоғары болады. Адамның күнделікті өмірдегі сезімінен басқа сезімдер пайда болады. Бұл сезімдердің негізінде "хайуандық" қорқыныш жатады.
Екіншісі – құтқару жұмыстарын жүргізген кезде. Адам жан-жағында болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсіне бастайды. Түсініп тұрса да күйзелісте болады, оқиғаның қайталануынан қорқу, көмек келеді деп күткен үміттің ақталмауы.
Үшіншісі – өмірге қауіпті жағдай тоқтатылғаннан кейін, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргізу, өмірдің жаңа жағдайына қайта бейімделу қажеттілігі. Бұл кезде шығын көп болатын болса, берік психогендік бұзылу пайда болуы мүмкін.
Мамандар жаппай зақымданған ошақтарда санитарлық шығындарды дәрежесінің ауырлығына қарай жеңіл, орташа және ауыр деп бөледі.
Барлық зардап шеккеңдер, қандайда дәрежеде зардап шексе де, оларға дәрігерге дейінгі көмек қажет. Алғашқы дәрігерлік көмек жеңіл зардап шеккендерге 65%-дан және 100 %-га дейін ауыр психогениямен зардап шеккендерге қажет.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетумен дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді ұйымдастыруда, яғни, шұғыл психикалық қозуға ұшырағандарды табуда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жаппай дүрбелеңді болдырмауда көптеген қиыншылықтар туындайтыны тәжірибеден белгілі.
Төтенше жағдайларда оның алдын алу мен жою жұмысы жүктелген тұтас бір ұжымның іс-әрекеті, нақты бір адамның әрекетіне байланысты болуы жиі кездеседі.
Дүлей зілзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр, тіпгі қалпына келтірілмейтін зақымдануға ұшыратуы мүмкін. Ең алдымен бұл бірден шаралар қабылдап, жеке тәртібімен төзімділігін көрсете алатын лауазымды тұлғаларға қатысты. Өз күшіне, халықтың күшімен қолынан келетін ісіне сенбеу, еркіндікті жоғалтады.
Мұндай жағдайда құтқару жұмыстарының қалай жүргізілуі мен орындалуы басшының моральдық-психикалық тұрақтылығына, төзімділігі мен батылдығына байланысты.
Қорқынышты жеңудің ең бастысы, жеке жауапкершілікті сезінуге, міндетті түрде жасалатын жұмыстың мағынасын түсінуге бейімделу. Денсаулыққа тигізетін қауіп-қатер, істелетін жұмыстың маңыздылығы мұның барлығы адамның еңсесін көз алдында және қоғамның алдында көтереді. Ол үшін бірінші кезекте, үрейге кедергі келтіретін, бойын жылдам жинауға мүмкіндік беретін, ойын жинақтап, қиын жағдайдан дұрыс шығуға мүмкіндік беретін, адамның психикалық шынығуы қажет.
Бұл қасиеттің барлығы, ереже бойынша, төтенше жағдайдағы іс-әрекетке үнемі әзір болуды көңілінен шығармайтын психологиялық дайындалу барысында қалыптасады, оған мыналар кіреді:
1.Күшті күйзеліс факторлары әсеріне төтеп бере алатын психологиялық қабілеттілік.
2.Мұндай жағдайларда үйреншікті мақсатқа сәйкес жұмысты іске асыру қабілеттілігі.
3.Мінез-құлықтың оңтайлы стратегиясын таңдай білу және бастамашылық пен шығармашылық ыңғайға қабілеттілігі.
4.Халықты тыныштандыруға немесе айналадағыларды жұмылдыруға әсер ете алатын, өзінің жеке басын жөнге салу дағдысымен ұстай білу қабілеттілігі.
5.Төтенше жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін бірақ оның алдын алуға болады.
Бұл қағидарлар қиын жағдайлардағы өмір сүрудің үлгілерін жасайтын мазмұны әр түрлі оқу міндеттерін тәжірибе жүзінде атқару арқылы іске асады.
Дайындаудың ең бір ұтымды әдісі қалыпты жағдайлардағы тренинг болып табылады (адамдар өздерін дайындап жатқан іс-әрекеттің түрін орындайды және де оны нақты солай болып жатқандай қабылдай отырып атқарады). Бұл шынымен де шынайы ретінде қабылдайтын дүлей зілзаламен өндірістік аварияларды жоюдағы нақты жағдай болуы мүмкін.
Авария, апат, дүлей зілзала статистикасына жүгінетін болсақ оларда қаза тапқан адамдардың бір бөлігі салмақтай отырып және салқынқандылық іс-әрекет жасағанда аман қалатын еді деп қорытынды жасауға болады. Бұл үшін халыкқа алдын ала психологиялық дайындық қажет.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау жұмысы
І нұсқа
1. ТЖ кезінде әр түрлі темпераменттегі адамдардың мінездемесі
2. Сангвиник темпераментіне сипаттама
3. Адамның эмоционалды күйзелу шегі
4. Холерик темпераментіне сипаттама
ІІ нұсқа
1. Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектілері
2. Флегматик темпераментіндегі адамдарға сипаттама
3. Меланхолик темпераментіне сипаттама
4. Қорқыныш психикалық адамның жай-күйі
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. ТЖ кезінде адамның көңіл-күйін, жағдайын айқындау Н 16, 25-28 беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдайдағы психологиялық құбылыстар.
(сағат саны: 12сағ -540мин; тәжірибе 8сағ-360мин)
№6 Сабақ: ТЖ кезінде адамның көңіл-күйін, жағдайын айқындау
1. Сағат саны: 45 мин (100%)
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақтың мақсаты:
- ТЖ кезінде адамның көңіл-күйін анықтау;
- психожарақаттанушы факторларды жіктеу;
- төтенше жағдайда зардап шеккендердің физиологиялық жағдайларындағы өзгерістерді анықтау
тәрбиелік: ТЖ кезінде адамдағы дағдарыс күйлерін анықтауға баулу.
дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас, билетпен жұмыс
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Достарыңызбен бөлісу: |