Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
12. Абеуова И.Ә., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Эверо», 2012ж., 238бет.
13. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ. Жалпы психология. Оқулық. – Алматы: «Эверо», 2011ж., 216бет.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Төтенше жағдайдың психологиясы
2. Психожарақаттаушы факторлар
3. Төтенше жағдайда зардап шеккендердің физиологиялық жағдайларындағы өзгерістер
4. Эмоциялық шок
5. Психофизиологиялық демобилизация
6. Психологиялық дағдарыс
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материалмен жұмыс
Төтенше жағдайдың психологиясы- бұл ТЖ айағында зардап шеккендерге, жалпы тұрғындарға арнайы көмекті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру, сонымен қатар зілзаланың психологиялық және психиатриялық зардаптарын жою шаралары.
ТЖ ошағында зардап шеккендердің психикасын зерттеу жұмыстары кейінгі уақыттарда ғана қолға алына бастады. Мәселен, Ресей ғалым-мамандарының зерттеу нәтижелеріне жүгінсек, көптеген зардап шегушілердің (86,7%) психикасында психологиялық реакциядан бастап, психопотологиялық жағдайларға дейін өзгерістер байқалған.
ТЖ аймағында зардап шеккендерге әр алуан психожарақаттаушы факторлар әсер етеді, олар адамның психикасында әр түрлі дәрежедегі бұзылуларды тудырады. Оларға келесі факторларды жатқызуға болады:
Табиғи (жер сілкінісі, су тасқыны, қатты дауыл, қар көшкіні, борандар және т.б.);
Техногенді (радиациялық, химиялық, биологиялық апаттар, өрттер, жарылыстар және т.б.);
Әлеуметтік (соғыс, терроризм, эпидемия, аштық және т.б.).
Яғни, психожарақаттаушы фактор ретінде қандай да болмасын орын алған төтенше жағдай (оның көлемімен сипатына қарамастан) тіркелуі мүмкін. Осындай факторлардың организмге кері әсерін түзейтін мамандардың елімізде тапшылығына байланысты, психожарақаттаушы факторлардың кері әсері өрші түседі. Мәселен, АҚШ-та аталған мамандардың саны мыңнан асады.
Қай адам болмасын ТЖ ошағында қалып қоюы мүмкін. Адамның ішкі қоры, атап айтқанда ұтқырлығы немесе керісінше оның күйреуі адамның моральді-психологиялық жағдайымен тікелей байланысты. Осы сәтте психологиялық тұрғыда дайындалмаған адамды қорқыныш басады, үрей сезімі баурайды, ол қауіпті аймақтан тез арада кетуге, қашуға тырысады немесе керісінше – психологиялық шок, бұлшықеттерінің күрт әлсіздігі пайда болады. Адамның дұрыс ойлау қабілңте бұзылады, оның өз-өзін игеруі, өз әрекеттерән бақылау мүмкіндігі күрт төмендейді, кейіннен организмде қозу немесе тежелу процесі дамиды.
Бір қатар мамандар (И.П.Левчук, Е.В. Третьяков) төтенше жағдайда зардап шеккендердің физиологиялық жағдайындағы өзгерістердің бірнеше сатысын бөледі:
1-ші сатысы-эмоциялық шок, оның ұзақтығы 3сағаттан 5 сағат аралығында. Ағзаның психофизиологиялық қоры ұтқырланып, адамның ойлау қабілеті жылдамдайды, сондай-ақ жұмысқа қабілеті бірнеше есе (2есе) күрт артады, адамның бойында шектен тыс батылдық пайда болады. Сонымен қатар зардап шегушіде бастың ауруы, жүректің қағуы, тыныстың жиілеуі тәрізді белгілер байқалады. Осы саты зілзала басталғаннан бастап құтқару жұмыстары ұйымдастырылғанға дейін жалғасады.
Психикалық статусында адамда өз өмірін сақтап қалу инстингта басым болады. Бейспецификалық реакциялар дамиды, көптеген адамдарда үрей байқалады.
2-ші сатысы-психофизиологиялық демобилизациялау сатысы, яғни психофизиологиялық қордың әлсіреуі, тежелуі. Осы кезеңнің ұзақтығы шамамен 3 тәулік болады, науқастарда стресс, үрей және абыржу орын алады.
3-сатысы-бәсеңделу сатысы. 3-12 тәулік аралығында дамиды, осы кезеңнің сипаты келесідей: адамның көңілі және жалпы жағдайы қалпына келеді, қимылдары бәсеңсіген, ұйқысы нашарлайды (үрейлі, жаман түстер көреді), оның айналасындағылармен қатынасы шектеледі, артериялық қан қысымы жоғарылайды, тахикардия дамиды, қатты шаршау орын алады.
4-ші кезең-қалпына келу кезеңі. 10-12 тәулік аралығында өтеді. Бұл кезеңде адамның белсенділігі артады, көңіл-күйі жақсарады және орын алған физиологиялық бұзылулар қалпына келеді.
Қауіптің кенеттен пайда болуы адамның зілзала сипатын, көлемін, осы сәттерде өзін қалай ұстау тәртібін білмеуі, тәжірибенің және моральді-психологиялық дайындықтың болмауы, адам ағзасында бірқатар психологиялық бұзылуларды туындатады. Оларға жататындар:
Стресс-бұл қауіпті жағдайды басынан кешкен немесе қайғылы оқиғаның куәгері болған адамдарда, сонымен қатар жақыны, туысының кенеттен болған қазасын естіген адамдарда жедел дамитын психикалық бұзылыс. Олар төтенше жағдайлардың барлық түрінде кездеседі.Осы сәттерде кейбір адамдарда қозғалғыштық қозу дамиді,қатты айқай,жылау байқалады,ал басқаларында,керісінше әлсіздік,тежелу процесі дамиді.Адамның терісі бозарады,жүрек соғысы жиілейді,ерні кебеді,алайда есі сақталады.
Үрей- бір немесе бірнеше адамдарды жайлаған қорқыныш сезімі,ол біртіндеп айналасындағыларға жайылып (беріліп),басқарылуы мүмкін болмайтын процеске өршуі мүмкін.Осы кезде оқиға күрт эмоциялық сипат алады,адам өз әрекетіне жауапсыздықпен қарайды,қылығына дұрыс баға бере алмайды,болған оқиғаны дұрыс өабылдап түсінбейді.Ондай адамдар басқаларды айқын әрекетімен,айқаймен қоздырып,үрейге душар болғандарды өзімен бірге ала кетеді.
Сонымен қатар адам психологиялық дағдарыс (кризис)жағдайына дұшар болады.
Осы жағдайлар адамнан ішкі ақылды,парасаттық және жігерлікті талап етеді.
Психологтар осындай дағдарыс жағдайының 3 түрін бөледі:
Зардап шегуші болған оқиғаны елемеуге тырысады және оны жоққа шыгарады,жақсы жағдайды елестетеді.Бұл инфантильді (пассивті) сана болып табылады;
Зардап шегуші шынайы принципке бағынады,болған оқиғаны дұрыс бағалайды,өмірдің жаңа мағынасына үйренуге тырысады;
Зардап шегуші дағдарысты толық мойындайды,алайда тағдырдың соққысың қабылдамауға тырысады.
Экстримальді жағдайларға қарсы тұру келесі 3 ұғымды қарастырады:
Организм ерекшеліктерімен шартталған физиологиялық тұрактылық (конститутция,жоғарғы жеке қызметінің түрі);
Касіби дайындықпен тұлғалық қасиеттердің жалпы деңгейімен шартталған психикалық тұрақтылық (қиын жағдайларда арнайы қимыл ептері,оң ынтаның болуы,борыштық сезім және т.б);
Психологиялық дайындық (белсенді-қызметтік күй,болатын әрекетке барлық күшпен мүмкіншіліктердің әзірлігі).
Адам әрекетінде бірінші орында әлеуметтік кұндылықтар тұрады.Себебі дәл солар ададық қарым-қатынастың сипатын анықтайды.
Экстримальді жағдайларға дайын болу әр адамға шарасыздыққа душар болмас үшін,болған жайтпен жабірленбес үшін қәжет.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
1 билет
Төтенше жағдайдың психологиясы
2 билет
1. Психожарақаттаушы факторлар
3 билет
1. Төтенше жағдайда зардап шеккендердің физиологиялық жағдайларындағы өзгерістер
4 билет
1. Эмоциялық шок
5 билет
1. Психофизиологиялық демобилизация
6 билет
1. Психологиялық дағдарыс
7 билет
1. Физиологиялық өзгерістердің бәсеңдеу сатысы
8 билет
1. Физиологиялық өзгерістердің қалпына келу сатысы
9 билет
1. Стресс туралы ұғым
10 билет
1. Дағдарыс жағдайының түрлері
11 билет
1. Экстремалды жағдайға қарсы тұру
12 билет
1. Үрей туралы түсінік
13 билет
1. Абыржу туралы ұғым
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. ТЖ кезінде дамыған психикалық бұзылыстарды емдеу Н 16, 30-33 беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдайдағы психологиялық құбылыстар.
(сағат саны: 12сағ -540мин; тәжірибе 8сағ-360мин)
№7 Сабақ: ТЖ кезінде дамыған психикалық бұзылыстарды емдеу
1. Сағат саны: 45 мин (100%)
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақтың мақсаты:
- ТЖ кезінде дамыған психикалық бұзылыстарды саралау;
- ТЖ кезінде дамыған психикалық бұзылыстарды емдеу жұмыстарымен танысу;
- алғашқы медициналық көмектің ерекшеліктерін талдау;
тәрбиелік: ТЖ ошағында психикалық бұзылыстары бар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көсетуге баулу.
дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас, бақылау жұмыс
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
12. Абеуова И.Ә., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Эверо», 2012ж., 238бет.
13. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ. Жалпы психология. Оқулық. – Алматы: «Эверо», 2011ж., 216бет.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. ТЖ кезінде дамыған психикалық бұзылыстарды емдеу
2. Психотерапевттер, дәрігерлік бригадалардың міндеттері
3. Психикалық бұзылыстардың алдын алу шаралары
4. ТЖ ошағында психикалық бұзылыстары бар зардап шеккендерге алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек
5. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің ерекшелігі
6. Зардап шеккендерге медициналық сараптауды орындау
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материалмен жұмыс
ТЖ зардап шеккендердің барлығы психологиялық реабилитациялау шараларына мұқтаж, соның ішінде құтқарушылар, медициналық қызметкерлер. Психологиялық көмекті әдетте психологтар, дәрігерлер (психиатор, психотерапевт) көрсетеді.
Дүниежүзілік тәжірибе ТЖ ошағында зардап шеккендерге кешенді көмек шараларын дәрігерлермен қоса психологтар бірлесе атқарған жағдайда аса тиімді болатынын көрсетед. Осы мақсатта психологтар бөлмесі «сенім» телефоны, дағдарыс орталықтары, арнайы психиатриялық бригадалар ұйымдастырылады.
Психолог бөлмесі күнделікті, қажет болса тәулік бойы жұмыс атқарады. Оның басты міндеті-ТЖ ошағында психикасы жарқаттанғандарға амбулаторлық көмек көрсету. «Сенім» телефоны тәулік бойы жұмыс істейді, осы телефон нөмірі тұрғындарға жаппай ақпарат көздері арқылы хабарланып, жеткізілуі тиіс.
Денсаулық сақтау мекемелерінде тәулік бойы жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары ұйымдастырылады. Олардың мақсаты- ТЖ ошақтарында пайда болған психикалық бұзылуларды аурухана жағдайында емдеу. Психотерапевт, дәрігер-фельдшерлік бригадалар тәулік бойы қызмет атқарады, олар психологтармен, дағдарыс орталықтарымен тығыз қатынаста болады. Психотерапевттер, дәрігерлік бригадалардың міндеттері:
Психикалық бұзылыстары бар зардап шеккендерге медициналық сараптауды ұйымдастыру және жүргізу;
Зардап шеккендерді ТЖ ошағынан жедел эвакуациялау;
Психикалық бұзылыстардың алдын-алу шараларына жатады:
Орын алған оқиға, ТЖ, зілзала туралы дәл, сенімді толық ақпаратпен тұрғындарды қамтамасыз ету;
Қауіпті аймақта жұмыс атқаратын адамдарды кәсіби тұрғыда іріктеу әсіресе өндіріс ұжымдарының басшыларын тиімді іріктеу;
ТЖ, зілзала жағдайларын алдын алуға және олар бола қалған жағдайда жұмысты атқаруға адамдарды үйрету.
ТЖ ошағында психикалық бұзылыстары бар зардап шеккендерге алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі атқарылатын шұғыл шараларға келесілер жатады:
Науқасты тез арада оқиға орнынан алып шығу;
Тыныштандыратын дәрілерді беру немесе ауызша тыныштандыру;
Ыстық шәй, сусын беру;
Науқасқа бақылау тағайындау;
Қозу және жауапсыз қылықтары бар зардап шеккендерді орамалмен, ақ жаймамен кереуетке байлап қою;
Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау;
Тыныс алу, қанайналу жүйесін қадағалау;
Басқалардан оқшаулау;
Арнайы емдеу мекемелеріне эвакуациялау.
Алғашқы дәрігерлік көмектің ерекшеліктері.
ТЖ ошағында психиатриялық көмекті психиатр дәрігерлер емес, құтқарушылар, басқа мамандықтың дәрігерлері көрсетеді. Осы тұрғыда ТЖ зардаптарын жоюға қатысатын мамандардың төтенше жағдайдың психологиясын, психатрия сұрақтарын терең оқыту қажеттігі туындайды, соның ішінде зардап шеккендерді сараптау, олардың жағдайларын бағалау, орналастыру, көрсетілімдеріне байланысты топтастыру бүгінгі күні аса маңызды болып табылады.
Зардап шеккендерге медициналық сараптаудыорындауда келесі өлшем (көрсеткіштер) қолданылады:
Сана-сезімнің жағдайы (бұзылу деңгейін анықтау);
Қозғалыс бұзылыстарының болуы (қозу,депрессия,үрей,қорқыныш);
Эмоция жағдайының ерекшеліктері (психомоторлық қозу немесе ступор).
Медициналық сараптау барысында зардап шеккендерді келесі топтарға бөледі:
1-ші топ– өзіне және айналысындағыларға қауіп төндіретіндер. Оларға қозу немесе ступор жағдайындағылар, агрессия және суицидті ойлары барлар,жасырын психикалық ауруларының қозу бар зардап шегушелер жатады;
2-ші топ – алғашқы дәрігерлік көмекке мұқтаждар. Олар психоневрологиялық диспансерлерде уқшауланады;
3-ші топ– медициналық көмекті кейінге шегеріп көрсетуге болатындар,олар психоневролониялық диспансерге жөнелтіледі;
4-ші топ – психикасында жеңіл өзгерістері барлар, оларға тыныштандыратың дәрілер беріліп,уақытша дем алған соң жұмыстарына кірісе алады.
Алгашқы дәрігерлік көмектің көлемі:
Психогенді қозуді шектеу:
Психогенді немесе депрессиялық ступорды шектеу;
Тырысу,эпилепсия қозуын шектеу;
Абстиненция,делирийді шектеу.
Осы мақсатта медикаментті ем қолдыналады – нейролептиктер, транквилизаторлар, антидеприссанттар және олардың комбинациясы.Осы науқастарды міндетті түрде ауруханаға эвакуациялау керек,эвакуация алдында 20-30 минут бұрын аталған дәрілерді қайталап бұлшықетке егеді.
Есі бұзылған,қозуы бар және депрессия жағдайындағылар алғашқы дәрігерлік көмектен кейін психоневрологиялық ауруханаға орналыстырылады.Жиі қолданылатын дәрілер:
Тыныштандыратын (седативті) дәрілер:аминазин,тизерцин,хлорпротиксен,пропазин;
Галлюцинация және иллюзияға қарсы қолданылатын дәрілер:тресидил,галоперидол,аминазин,френолон;
Сонымен қатар седуксен,магний сульфаты,димедрол қолданылады.Жиі қолданылатын алғашқы дәрілер мөлшері:50-150 мг аминазин,25-75 мг галоперидол,0,2 %-4-6мг стелазон.
Тырысуды басу үшін 0,5 %-20 мл седусенді 40 %-20 мл глюкоза ерітіндісімен араластырып көк тамырға енгізеді,мидың ісінуін болдырмау мақсатында 20-40 мг фурасемид,20% 10-30 мл натрий оксибутират ерітінділері енгізіледі.Тырысу кезінде науқастың басын бір жаққа қарай бұрап,ауыздан сілекейдің ағуына жағдай туғызады,тілмен асфексияны болдырмау шаралары орындалады.
Жиналған тәжірибе халыққы психиатриялық көмекті ТЖ едәуір ерте кезеңдеріңде көрсетудің қажеттілігі жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Бұл көмек болып жатқан оқиғалардың тікелей эпицентрінде және белсенді түрде көрсетілуі керек,себебі өзінің психикалық күйіне байланысты адамдар бірінші күндері өз еркімен мамандарға сирек шағымданады.Емдеу барысында жағдайлары жеңілдегеннен кейін, олар дәрігерге емді жалғастыру және кеңес алу үшін өз қалауымен келеді.
Осылайша төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жою барысында психиатриялық көмек зардап шегушілердің үлкен топтарына көмек көрсетуге бағытталған жалпы медициналық шаралар жүйесінің
маңызды бөлімі болып табылады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау жұмысы:
І нұсқа
1. ТЖ кезінде дамыған психикалық бұзылыстарды емдеу
2. Психотерапевттер, дәрігерлік бригадалардың міндеттері
3. Психикалық бұзылыстардың алдын алу шаралары
ІІ нұсқа
1. ТЖ ошағында психикалық бұзылыстары бар зардап шеккендерге алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек
2. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің ерекшелігі
3. Зардап шеккендерге медициналық сараптауды орындау
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру.ТЖ кезінде адам психикасының осалдығы
Қ 12, 137-152 беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдайдағы психологиялық құбылыстар.
(сағат саны: 12сағ -540мин; тәжірибе 8сағ-360мин)
№8 Сабақ: ТЖ кезінде адам психикасының осалдығы
1. Сағат саны: 45 мин (100%)
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақтың мақсаты:
- ТЖ кезінде адам психикасының ерекшеліктерімен танысу;
- ТЖ кезінде адам психикасының осалдығын саралау;
- ТЖ кезінде адамның психикалық күйлерін талдау.
|