тәрбиелік: ТЖ кезінде адамның психикалық күйлерін анықтай алуға баулу.
дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас, бақылау жұмыс
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
12. Абеуова И.Ә., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Эверо», 2012ж., 238бет.
13. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ. Жалпы психология. Оқулық. – Алматы: «Эверо», 2011ж., 216бет.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Мінез-құлықтың эмоциялы контексті
2. Сезімдер
3. Стеникалық эмоциялар
4. Астеникалық эмоциялар
5. Жаратпаушылық
6. Аффект
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материалмен жұмыс
Мінез-құлықтың эмоциялы контексті
Адам өмірі күйзеліссіз мүмкін емес. Адамның жанасып, кездесіп қалған нәрселерінің барлығы да адам бойында әртүрлі сезімдер мен эмоцияларды туындатады. Сезімдердің көпшілігі жағымды болып келеді және егер де адам сезіну мүмкіндігінен айрылса, онда «эмоциялық аштық» пайда болып, адам оны белгілі бір жанрдағы фильмдерді көру, сүйікті әнін тыңдау, т.с.с. арқылы толтыруға тырысады.
Сезімдер - адамның ақиқаттың заттары мен құбылыстарына түрлі формадағы эмоциялы қатынасы. Физиолог С.Симоновтың сөздері бойынша адамның эмоциялары «ми валютасы» болып табылады. Сонымен қатар, эмоциялы қанығу үшін тек жағымды сезімдер ғана емес, күйзеліске байланысты сезімдер де қажет.
Сезімдер адамның объектіге деген қатынасын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен бірге олар жайлы кейбір мәліметтерді де қамтиды. Бұл мағынада объектің бейнесі эмоцияның танымдық компоненті, ал осы кездегі адам күйінің бейнесі оның субъективті компоненті болып саналады. Сезімдер тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Адам қажеттіліктерінің өтелуінің өзіне тән ерекшеліктеріне орай оларды екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа заттардың өзіне рең беретін күйзелістер жатады. Бұл күйзелістердің пайда болуы үшін кейбір қажеттіліктің өрши түсуі және оны қанағаттандыруға сәйкес заттың болуы жеткілікті. Сондай-ақ, күйзелістер белгілі бір іс-әрекеттің алдын алады, оған ниеттендіреді және жалпы бағыттылыққа жауап береді. Олар эмоциялы бағыттылықты мәнді түрде анықтайды. Оларды жетекші деп санауға болады, олар эмоциялы күйзелістер немесе ниеттенулер болып табылады.
Екінші топқа жетекші талаптандыру, яғни іс-әрекет (ішкі және сыртқы) бар кезде туындайтын және субъектің оның жүзеге асуына (қорқыныш, ашу-ыза) жағдай жасайтын немесе қиындата түсетін кейбір шарттарға деген белгілі бір қатынасын, ондағы нақты жетістіктерге (қуаныш, тұнжырау) қатынасын білдіретін күйзелістер енеді. Аштық кезінде тағамға жақындауға кедергі жасайтын тосқауыл (бөгет) осындай белгілі бір эмоциялық реңмен қабылданады; өзінен күштірек жауынан құтылуды білдірген кезде осы тосқауыл басқа эмоцияның туындататын заты болады.
Сонымен, сезімдер екі жақтан шартталынады: бір жағынан - эмоция объектісіне қатынасын анықтайтын адамның қажеттіліктерімен, ал екінші жағынан - осы объектің белгілі бір қасиеттерін бейнелеу және түсіну
қабілетімнен. Объективтілік пен субъективтіліктің өзара байланысы объектіні ұтымды бағалаумен қатар адамның оған қатысты эмоциялы күйзелісті қамтитын өзінің жеке бағытын ұстануды түсіндіреді.
Сезімдердің өзіндік айрықша ерекшелігінің сипаты -олардың өрістілігі. Бұл барынша қарапайым күйзелістер (рахатқа бөлену немесе қанағаттанбау) сияқты, одан да күрделі күйзелістерде (махаббат-жек көру, қуаныш-қайғы, шаттық-мұңаю, т.с.с.) көрінеді.
Сезімдердің маңызды белгісі олардың интегралдылыгы, яғни басқа күйлер мен реакцияларға қарағанда мүлдем ерекше болуы. Сезім бүкіл бойды билеп алады, олар адамның күйлеріне белгілі бір күйзеліс түрін береді. Сезімдердің өзі бүкіл ағза функцияларын бір демде интеграциялай отырып ағзаға пайдалы немесе қатерлі әсер ету туралы бірден-бір белгі ретінде болуы мүмкін.
Сезімдердің тағы бір маңызды ерекшелігі олардың ағзаның тіршілік қарекетіне байланысы. Сезімдер әсерінен: қан айналым, тыныс алу, ас қорыту мүшелері, сыртқы және ішкі секреция бездері сияқты адамның ішкі ағзаларының әрекеті өзгереді. Күйзелістердің шектен тыс қарқындылығы мен ұзақтылығы ағзада бұзылыстар тудыруы мүмкін. Көбінесе жүрек-үреймен, бауыр - ашу-ызамен, асқазан болса - енжарлық (апатия) және басыңқы күймен зақымданады.
Сезімдер тарихи және әлеуметтік тұрғыда шартталынған. Олар әр халықта әркелкі байқалады және әр-түрлі тарихи кезеңдерде әркелкі. Сезімдер қоғамның дамуымен өзгеріп отырады. Ұқсас жағдайлар мен деректер түрлі кезеңдерде өмір сүрген адамдарда түрліше қатынас тудырады. Сезімдердің ағымы тұрақты және құбылмалы компоненттердің бірлігінде белгілі бір динамикамен сипатталады. Бір жағынан, басталу - өсу - шарықтау - өше бастау осі бойынша қысқа мерзімді күйзеліс динамикасын, ал екінші жағынан басыңқы күйзелістер жайылатын түрлі күйзелістер фонындағы ұзақ мерзімді сезімнің динамикасын көрсетуге болады.
Сезімдердің әр алуандығы мен күрделілігі эмоциялы аумақтың жеткілікті түрде ұғынылмауы мен басқарылмауын туындатады. Бұл өз сезімін сөзбен суреттеу барысында кездесетін қиындықтардан байқалады.
Көңіл-күйі - ұзақ уақыт бойына адамның барлық мінез-құлқына рең беретін жалпы эмоциялы күй. Көңіл-күй әр алуан келеді және қуанышты, әлде қайғылы, көңілді, әлде тұнжыраңқы, сергек, әлде басыңқы, салмақты, әлде ашулы, т.б. болып келуі ықтимал. Ол қайсыбір жағдайлардың тікелей салдарына емес, олардың адамның жалпы өмірлік жоспарлары, қызығушылықтары мен күтінулері контекстінде адам өміріндегі мәніне реакциясы, жауабы болып табылады. Көңіл-күйдің ерекшеліктерін атай отырып, ол, біріншіден, тұлғалық күйзеліс, екіншіден, қайсыбір жеке жағдаймен ұштастырылған арнайы күйзеліс емес, жалпы күй екенін айта кетейік.
Көңіл-күйі денсаулықтың жалпы жағдайына, ішкі секреция бездерінің жұмысына, әсіресе жүйке жүйесінің то
нусына тәуелді келеді. Көңіл-күйдің әртүрлі болу себептері басынан кешіріп отырған адамның өзінде әрқашан анық емес, ал айналасындағылар үшін мүлдем беймәлім болуы да мүмкін. Себепсіз қайғы, себепсіз қуаныш жайлы тектен тек айтылмаған болуы керек, өйткені көңіл-күйі бұл мағынада - жағдайдың тұлға үшін қаншалықты игілікті болғанының бейсаналық бағасы. Алайда әрқашанда себебі болады, ол әрі анықталуы да мүмкін. Олар қоршаған табиғат, іс-әрекет, жағдайлар, әрине адамдар да болуы ықтимал. Мұның барлығы көңіл-күйдің ұғынылуының (аңғарылуын) түрлі дәрежесін белгілеуге мүмкіндік береді.
Көңіл-күйдің ұзақтылығы да әртүрлі болады. Көңіл-күйдің тұрақтылығы: адамның жасына, оның мінезі мен темпераментінің жеке дара ерекшеліктеріне, мінез-құлықтың жетекші түрткілерінің даму деңгейі сияқты әртүрлі себептерге тәуелді келеді. Ұзақ мерзімді көңіл-күйі адамның мінез-құлқына бірнеше күн, тіпті апталар бойы рең беруі мүмкін. Көңіл-күйі жеке тұлғаның тұрақты белгісіне айналуы да ықтимал. Айналасындағы адамдарды оптимист немесе пессимист деп бөлген кезде кейбіреулер дәл осы ерекшеліктерді айтады.
Сонымен қатар, балалық шақта анық байқалатындай көңіл-күйі қысқа мерзімді, ауыспалы сипатта да болуы мүмкін. Мотивтерінің иерархиясы қалыптаспаған балаларда көңіл-күйдің ауысуы оңай байқалады: кез-келген эмоциялық әсер тұрақсыз, өзгермелі, қырсықты көңіл-күйді тудыра отырып кедергісіз таралады. Жасы есейе келе көңіл-күйдің таралу аумағы шектеледі; әсер кем дегенде тұлға үшін маңызды болуы қажет және ол тұрақтана түседі.
Көңіл-күйі мінез-құлыққа елеулі әсер етеді, адамның іс-әрекетін ынталандырады немесе бәсеңдетеді. Бір ғана жұмыстың түрі көңіл-күйдің өзгеруіне орай жеңіл әрі жағымды немесе қиындау әлде қапалы болып көрінуі мүмкін. Адам сергек, тынық, көңілді кезде жақсы жұмыс жасайды, ал елегізіп, ашуланып, көңілі толмаған сәтте өте нашар жұмыс жасайды. Нашар көңіл-күйі айналасындағылардың жұмысына да әсер етеді. Адам өзінің көңіл-күйінің қүлы болмауы керек, бір әдебиет кейіпкері айтқандай, «жақсы көңіл-күйді ешкім де табақшаға салып әкеліп бермейді, ол туралы өзіңіз ойлануыңыз қажет». Сондықтан да адам өзінің көңіл-күйін басқара білгені дұрыс. Жағымды, жарқылдаған көңіл-күйі басымдау адам уақытша болып тұратын сәтсіздіктерді және реніштерді жеңіл өткереді.
Сөздің тар мағынасында эмоциялар дегеніміз, бұл -қайсыбір сезімді тікелей, уақытша басынан кешіру. Егер стадион трибунасында жанкүйерлердің футболға, хоккейге, тенниске және жалпы спортқа деген жақсы көру сезімін алып қарасақ, бұларды эмоциялар деп атауға болмайды. Эмоциялар спорт шеберлерінің жақсы ойынын бақылау үстіндегі жанкүйерлер сезінетін рахатқа бөлену, таңдану күйлері.
Адам іс-әрекетіне әсер етуі тұрғысынан эмоциялар стеникалық және астеникалық болып жіктеледі. Стеникалық эмоциялар іс-әрекетті ынталандыра түседі, адамның қуаты мен күш кернеуін асыра түседі, оны әрекет жасауға, сөйлеуге талаптандырады. Мұндай сәттерде «адам тауды қопарып тастауға дайын». Және керісінше, күйзелістер өзіне тән қысымдылық, енжарлықпен сипатталса, бұл астеникалық эмоциялар болып саналады. Сондықтан жағдайлар мен индивидуалды ерекшеліктерге байланысты эмоциялар адамның мінез-құлқына түрліше әсер етеді. Мәселен, қорқыныш сезімін басынан өткізген адамның бұлшықет күшінің артуы және қауіп-қатерге тап беруге әзір тұруы ықтимал. Дәл осы қорқыныш сезімі адам күшін мүлдем әлсірете де алады, қорыққанынан адамның «тізесі бүгілуі мүмкін». Қайғы әлсіз адамда апатия
(енжарлық), әрекетсіздік тудыруы мүмкін, ал күшті адам болса жұмыс пен шығармашылықтан қолдау таба отырып өз күшін қайрай түседі.
Солтүстік американдық психолог К.Изард негізгі, «іргелі эмоцияларды» бөліп көрсетеді.
Қызығушылық (эмоция ретінде)- дағдылар мен іскерліктің дамуына, білімді меңгеруге, оқуды ынталандырушы жағымды эмоциялы күй.
Қуаныш - осы кезге дейін мүмкіндігі аз болған немесе анықталмаған өзекті қажеттілікті жеткілікті түрде қанағаттандырумен байланысты жағымды эмоциялы күй.
Таңдану - аяқ астынан пайда болған жағдайда туындайтын нақты айқындалған оң немесе теріс белгісі жоқ эмоциялы жауап. Таңдану оны шақырған объектіге зейін аударта отырып барлық эмоцияларды тежейді, қызығушылыққа да ұласып кетуі ықтимал.
Азап шегу - маңызды өмірлік қажеттіліктерді өтеу мүмкін емес деген мәліметке байланысты теріс эмоциялы күй, көбіне эмоциялы стресс түрінде көрінеді.
Ашу-ыза —әдетте аффект түрінде жүретін және субъект үшін аса маңызды болып табылатын қажеттілікті қанағаттандыру жолында кездейсоқ пайда болған кедергі арқасында туындайтын белгісі бойынша теріс эмоциялы күй.
Жиіркеніш - жанасуы (физикалық өзара әрекет, араласу кезіндегі қатынас, т.б.) субъектің идеологиялық, адамгершілік немесе эстетикалық ұстанымдарымен және бағдарларымен қарама-қайшы келетін объектер (заттар, адамдар, жағдайлар, т.б.) тудырған теріс эмоциялы күй. Жиеркеніш егер де ашу-ызамен үйлесім тапса, онда тұлғааралық қарым-қатынаста агрессивті мінез-құлықты тудыруы мүмкін, бұл жерде біреуге шабуыл жасау - ызаланумен, ал жиіркену - кімде-кімнен немесе әлде неден құтылумен туындатылады. Жаратпаушылық - тұлғааралық қарым-қатынаста байқалатын және субъектің көзқарастары мен мінез-құлқы, өмірлік ұстанымдарының, объектің мінез-құлқы мен көзқарастары және өмірлік ұстанымдарына қарама-қайшы келуінен туындайтын теріс эмоциялы күй. Олар субъектіге - қабылданған әдептілік нормалары мен эстетикалық өлшемдерге сәйкес келмейтін опасыз, ұждансыз болып көрінеді.
Ұялу - өзінің ойы, әрекеті немесе түр пішімі айналасындағылардың күткеніне ғана емес, сонымен қатар өзінің де үйлесімді мінез-құлық пен сырт келбетіне де сәйкес келмеуін ұғыну жағдайында көрінетін теріс күй.
Үрей, қорқыныш - субъектің өмірлік игілігіне шынайы қауіп төнгені немесе ойдағы қауіп төнгені туралы ақпарат алғанда пайда болатын теріс эмоциялы күй. Маңызды қажеттіліктерін тікелей қоршап қамалаудан туындайтын қайғы-қасірет шегу эмоциясымен салыстырғанда қорқыныш эмоциясын басынан кешіре отырып, адам жаманшылықтың мүмкін болуын ғана болжайды және осы болжам негізінде көбінесе бұрыс, әрі асыра әрекетте жасап жібереді.
Іргелі эмоциялардың бірігуі салдарынан өзінде ашу-ыза, кінә және қызығушылықты үйлестіретін мазасыздану сияқты кешенді эмоциялы күй пайда болады. Нұсқалған эмоциялардың әрқайсысы көріну дәрежесі (мәселен, қуаныш, рахаттану, шаттану, жайраңдау, экстаз) бойынша ажыратылатын күйлердің біртұтас спектрінің негізінде жатыр.
Эмоциялы күйзелістер бір сипатты болмайды. Бір ғана объект келісімсіз, қарама-қайшы эмоциялы қатынастар тудыруы мүмкін. Бұл құбылыс «сезімдердің амбиваленттілігі» деген атауға ие болды (екі ұштылық). Әдетте амбиваленттілік күрделі объектінің жеке ерекшеліктерінің адамның қажеттіліктері мен құндылықтарына (адамды еңбек
сүйгіштігіне қарай сыйлап, бірақ қызбалығы үшін сөгуге болады) әрқалай әсер етуіне байланысты туындайды. Ол тұрақты сезімдер арасындағы қарама-қайшылықтар және соның әсерінен дами бастайтын ситуативті эмоцияларға (мәселен, қызғаныш кезінде махаббат пен жек көрушілік бірлесіп кетеді) байланысты туындайды.
Аффект (латынның affectuctus - «жан күйінің толқуы», «құмарлық») - субъект үшін маңызы зор өмірлік жағдайының күрт өзгеруімен байланысты, кенеттен байқалған қозғалыстармен және ішкі ағза қызметтерінің өзгеруімен байланысты туындайтын күшті және салыстырмалы қысқа мерзімді эмоциялы күй. Бұл ең пәрменді эмоциялы реакция.
Аффект жарылыс, жұлқыныс түрінде кенеттен туындайды. Сол мезетте зейіннің негізгі сипаттамалары өзгереді, қабылдау өрісінде тек күйзеліспен байланысты болып жиынтыққа енген объектер ғана ұсталады. Басқадай қоздырғыштар жеткіліксіз түрде ұғынылатындықтан, міне осы, күйді басқара алмауға бір себеп болады. Сонымен бірге ойлау да өзгереді, адам ойын жинақтай алмай қалады, өзінің әрекеттерінің нәтижесіне көз жібере алмайды, сондықтан, саналы мінез-құлық мүмкін болмай қалады. Аффектің ерекше белгісі - саналы бақылаудың әлсіреуі, сананың тарлығы. Аффектіде күшті әрі ретсіз қозғалыс белсенділігі ілесе жүреді.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау жұмысы:
І нұсқа
1. ТЖ кезінде дамыған психикалық бұзылыстарды емдеу
2. Психотерапевттер, дәрігерлік бригадалардың міндеттері
3. Психикалық бұзылыстардың алдын алу шаралары
ІІ нұсқа
1. ТЖ ошағында психикалық бұзылыстары бар зардап шеккендерге алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек
2. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің ерекшелігі
3. Зардап шеккендерге медициналық сараптауды орындау
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. қайталау 2 мин (5%)
Достарыңызбен бөлісу: |